Ақтөбелік жанкүйерлер жас хоккейшілерге шабуылдады. Видео

0

Ақтөбеде жастар лигасы аясында өткен «Ақтөбе» мен «Барыс» клубтары арасындағы ойын жанжалмен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матч кезінде мұзайдындағы хоккейшілер бірнеше мәртеп жұдырық ала жүгіріп, төбелескен. Ал артынша ойынға әбден берілген жанкүйерлер қонақ команданың хоккейшілеріне шабуыл жасаған.

Тәртіп бұзғандарды жазалау үшін төреші 142 минут айып уақытын берген. 

Ал ойын аяқталғаннан соң қонақ команданың хоккейшілерінің қауіпсіздігі үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды қонақ үйге дейін жеткізген.

 



prosports.kz