Ашық сабақ Байлық пен ақыл 2 сынып

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 2 сынып

I.Сабақтың тақырыбы: Байлық пен ақыл (Ертегі)ІІ. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларды халық ауыз әдебиеті үлгісі- ертегімен таныстыра отырып, оларға адалдық, ойшылдық, ақылдылық адамды бақытқа жеткізетінін түсіндіру.2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтуға, ой шақыра білуге, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ой-өрісін, сана сезімін дамыту.3.Тәрбиелігі: Қазақ халқының, ұлттық мұрасы әкеден шаңырақтағы кенже ұлға тиесілі екенін ұғындыру. Мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Білім, білік дағдыны қалыптастыру, жаңа білімді меңгерту.Сабақтың әдісі: Аралас сабақ.Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, шарлар, кеспе сұрақтар, тест сұрақтары.ІІІ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) Топқа бөлу (Топ басшы сайлау) ә) Қ.Р. Гимнін орындату б) Психологиялық дайындық жүргізуАлақан жылуы арқылы бір-бірімізге допты ұстатып жылы лебіздер тілейік.

  • Еліме тыныштық тілеймін!
  • Аспанымыз ашық блсын!
  • Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын!
  • Деніміз сау болсын!
  • Күніміз жарық болсын!
  • Көк туымыз биік желбіресін!

Мұғалім: Балалар бүгінгі сабақта барлығыңа сәттілік тілеймін!

ІІ. Өткенді қайталауМұғалім: Балалар біз қазір «Атадан қалған асыл мұра» атты үлкен тарауды өтіп жатырмыз. Қане есімізге түсірейікші ауызша жеткен халық шығармаларына нелер жатады. Оқушы:Атадан қалған мұраға Ертегілер Төрт түлік туралы жырлар Аңыздар Өтірік өлең Мысалдар Жұмбақтар Жаңылтпаштар Мақал-мәтелдер Шешендік сөздер жатады.Мұғалім: Балалар олай болса «Асыл мұраларға» жеке-жеке тоқталып кетейік. Ертегі дегеніміз не?Оқушы:Ертегі — халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрларының бірі , ертегіден халқымыздың тұрмыс — салтын, әдеп — ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял – ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Ертегілердің үш түрі бар.1.Жан-жануарлар туралы ертегілер 2.Қиял-ғажайып ертегілері 3. Шыншыл ертегілерМұғалім: Аңыз дегеніміз не?Оқушы:Аңыз   Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралған  көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұғалім: Жұмбақ дегеніміз не?Оқушы:Жұмбақ адамның  ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.Мұғалім: Мақал – мәтел дегеніміз не?Оқушы:Мақал  нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі.Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мұғалім: Балалар сендер өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер. Олай болса интербелсенді тақтадан ертегі туралы бейнеролик тамашалайық.Оқушы: Ертегілер үш топқа бөлінеді:1.Жан-жануарлар туралы ертегілер 2.Қиял-ғажайып ертегілері 3. Шыншыл ертегілер Мұғалім: Олай болса сендердің бөлінген үш топтарың ертегі түрлеріне байланысты болғандықтан топбасшылары өздерінің топтарын қорғап берсін.1 топ. (Топ басшы)Жан-жануарлар туралы ертегілердегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, арамза, қу мінез-құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді.2 топ. (Топ басшы) Қиял-ғажайып ертегілерде ержүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауызбен, мыстан кемпірмен , небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол, қиын-қыстау ғажайып оқиғаларды ақыл, айла-тәсілін асырып, жеңіп отырады.3 топ. (Топ басшы) Шыншыл ертегілер — қазақ ертегісінің ең мол түрі. Шыншыл ертегіге халық өзінің дүние тануындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы бас тірліктері — барлық мұң, мүддесін, тартыс, талабын жиып түйген. Бұл салалы ертегілер құр ертегі ғана емес, ауызша айтылған шебер көркем шығарма болып та кетеді.Олай болса ертегі сөзіне дыбыстық талдау жасайық Ертегі сөзінде қанша дыбыс бар? Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз ?Ертегі- 6 дыбыс,6 әріп, 3 буынЕ- дауысты , жіңішке Р- дауыссыз, үнді, Т- дауыссыз, қатаң, Е- дауысты , жіңішке Г- дауыссыз, ұяң, І- дауысты, жіңішке,

Мұғалім: Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?Оқушылар: Аңқау арыстан ертегісін оқып, мазмұнын айту(Оқушылар мазмұнын айтады)Мұғалім: Өте жақсы балалар. Олай болса сәл сергіп алайық.Кенже Іңкәрдің орындауында ертегілер әні.ІV. Жаңа сабақ: Ой қозғау, ой толғаныс.Мұғалім: Сонымен балалар ертегіден халқымыздың тұрмыс – салтын, әдеп – ғұрпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Олай болса тақтаға назар аударайық. Ертегіні тамашалау арқасында бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашамыз. Интербелсенді тақта арқылы ертегіні тамашалаймыз.(Байлық пен ақыл туралы қысқаша түсінік беру)Оқушы: Байлық — қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктер мен рухани құндылықтарды білдіретін ұғым. Оқушы:Ақыл  — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет.Ақылдың екі деңгейі болады. Ол — пайым және парасат. 

Мұғалім:Олай болса бүгін өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Байлық пен ақыл» ертегісі. Қазір жаңа тақырыпты тізбекпен оқып шығамыз.Топтарға тапсырмалар беру: 1-тапсырмаІ топ. Жан-жануарлар туралы ертегілер (қызыл)«Байлық пен ақыл» ертегісін анық, мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.ІІ топ. Қиял-ғажайып ертегілері (жасыл)«Байлық пен ақыл» ертегісіне сахналық көрініс қою.ІІІ топ. Шыншыл ертегілер (көк)Ертегідегі берілген суреттерді бейнелеп, қай кейіпкерге қатысты екенін айтып беру.Мұғалім: Берілген келесі тапсырмалармен жұмыс жасаймыз. 2-тапсырма.І топ. Жан-жануарлар туралы ертегілер (қызыл)«Денсаулық зор байлық» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

ІІ топ. Қиял-ғажайып ертегілері ( жасыл)Ертегіден кенже ұлдың жауабын тауып оқы. Осы кейіпкерге қатысты қандай сурет салар едің?ІІІ топ. Шыншыл ертегілер (көк)Адал еңбек етіп, көп ақша жинадың делік, ол ақшаны қайда жұмсар едің? (Келесі тапсырма.) 3-тапсырма.І топ. Жан-жануарлар туралы ертегілер (қызыл)Ақылды болсаң бай боласың деген пікірге өз көзқарасыңды білдір.ІІ топ. Қиял-ғажайып ертегілері (жасыл)Бай болсаң, ақылдың қажеті жоқ деген пікірге өз көзқарасыңды білдір.ІІІ топ. Шыншыл ертегілер (көк)Байлық пен ақыл туралы мақал-мәтелдер айту.Оқушы: Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, Батыр босаң жауыңа найзаң тисін.Оқушы:Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды.Оқушы: Ақыл — гауһар бағасыз,  Ақымақ — ауру дауасыз.Оқушы:Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу. Оқушы:Ақыл азбайды,  Білім тозбайды,Оқушы: Бай мақтанса табылар, Кедей мақтанса шабылар. Оқушы: Ақылды»көндім»десе,  Ақымақ «жеңдім» дейді.Оқушы: Ақылды жылдығын, ақылсыз күндігін ойлайды.Оқушы: Байлық мұрат емес, Кедейлік — ұят емес.Мұғалім: Балалар енді ертегідегі қиын сөздермен жұмыс жасаймыз.

Дәптермен жұмыс.Әшекей-өрнек, сәнді ою.Мұрагер— орын басушы, дүниеге ие болушы.Мұғалім: Балалар егер дәптермен жұмысты аяқтасаңдар енді тесттік тапсырмамен жұмыс жасайық. (Топтар бір-бірінің тесттерінің жауаптарын тексереді)Мұғалім: Балалар, биыл Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл толады?Оқушылар: Биыл Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толады.Мұғалім: Балалар, Тәуелсіздік туралы не білеміз?Оқушы:Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді.Оқушы:Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17 желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.Оқушы:16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке. Тәуелсіздік жолында Талай-талай тер тамған. Билігім өз қолымда, Еркіндігім Елтаңбам!V. Сабақты қорытындылауБіз бүгін не үйрендік? Не білдік? Байлық дегеніміз не? Ақыл дегеніміз не?( Топ басшылары оқушыларды бағалайды. Мұғалім топтарды бағалайды) Оқушылар сабақты қаншалықты дәрежеде түсінгендерін түстер арқылы білдіреді. Жасыл-толық түсіндім.Сары-толық түсінген жоқпын.Қызыл-мүлдем түсінген жоқпын. VI.Үйге тапсырма: «Байлық пен ақыл» атты тақырыпта эссе жазу , мақал-мәтелдер жинау.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.