Армысың,Алтын күз!

0
146









Армысың,Алтын күз!

Автор: Қабиева Сұлушаш Рахимқызы

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Басқа Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-25


Материал туралы қысқаша түсінік

Күз мезгіліне арналған ертеңгілік




Алтын күз!Тақырыбы: «Алтын күз!»Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңілкүй сыйлау.Ұйымдастыру кезеңі.Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Балалар тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! «Алтын күз» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер! Армысыздар халайық, Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай,Бірге қарсы алайық!Жүргізуші: Балалар бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Ол кім?Балалар: Ол күз.Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық! Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар!Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз:Береке бақ дарыған Жомарт көңіл жарқын жаз Сары алтынға малынған Алтын күз деген мен болам!Армысыңдар құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер. Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?Балалар: Жоқ.Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап, Шақырады жарқын күз Сайрандаған күліп ойнапКелді міне, Алтын күз!Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын: Ағайынды бәріШықса жасып Түссе сары. Бұл не?Балалар: Жапырақтар.Күз: Дұрыс жапырақтар, жарайсыңдар!

Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.Көрініс: «Бауырсақ!» ертегісі.Күз туралы тақпақтар!Дархан: Күзім ау, күзім ауМінезің бұзық ау Жаңбырың сіркірепКелгенің қызық ауМарғұлан:Қыс құнар береді Көктем дән бередіНұрайна: Жаз бастап өсірсеКүз жинап бередіИманжүсіп:Қуандырып біздердіМерекелі күз келдіЗере:Кел жемісті Алтын күзКемелденсін халқымыз.Мұстафа: Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз, алтын күз!Сымбат: Дәнге толы кең даламДариядай шалқар күз.Нұршат:Ұшты талдан жапырақСары көбелек секілдіИ. Ануар: Аспанда жай шатырлапТамшы жерге секірді.Т. Алихан: Алтын, сары, қызыл, көк,Алуаналуан жапырақМанура:Күзгі бақтар күлімдеп Көз тартады жалтырап.Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық, күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын: «Кім жылдам?» деп аталады. Шарты: Ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.Ойын: «Кім жылдам?»Би: «Күзгі вальс»Жүргізуші: Ендігі кезекті жемістерге арналған тақпақтарға кезек береміз. Раййан: Мен алмұртпын, алмұртпын Аузындамын бар жұрттың!К. Алихан: Мен жүзіммін, жүзіммінМоншақ болып тізілдім.Айұлтан: Мен өрікпін, өрікпін Табиғатқа көрікпін.Миғраж: Мен алмамын, алмамын Таңдайда қалар бар дәмім.Күз: Өте тамаша, балалар! Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойыны: Пісетін кезі дәл күзде Мезгілсіз оны үзбеАузыңнан кетпес бал дәміОның аты……(шабдалы)

Кіпкішкентай болса да Ағаштың басын иеді Жемістерін айырыпТанисың ба…….(шиені)

Жапырақты тасалапӨсетін жері бақша бақКүрен қызыл шіркінайОның аты……(таңқурай)Жүргізуші: алтын күз, балалардың өнері ұнады ма?Күз: Рахмет балалар, мереке қатты ұнады. Ал енді менің келесі топқа баратын уақытым болды. Қош сау болыңдар!Жүргізуші: Балалар, қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Алтын күз!» атты ертенгілігіміз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.