Ақшаның сандық теориясы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Ақшаның сандық теориясы XVI ғ. пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі мен ақшаның құны айналымдағы санына байланысты цеп түсіндіреді. Бұл жорамалды француз Жан Боден ойлап тапты. Оның пайымдауынша, Батыс Еуропада тауардың қымбаттауына бағалы металдардың көп әкеліне бастауы әсерін тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша санымен тауардың бағасы да өсті.
Кейінірек мұндай пайымдауды ақшаның сандық теориясының басқа өкілдері Д. Рикардо, III. Монтескье, Д. Юм, Дж. Миль т.б. қолдады. Олар аталған теорияға айналымдағы ақшаның сандық өзгерісі мен оның құнының арасындағы пропорционалдылықты әкеліп қосты.
XX ғ. басында ақшаның сандық теориясы батыс экономикалық ілімінде классикалық емес өндіріс теориясының маңызды бөлігі ретінде үстемдік алды. Негізінде, трансакциондық және кембридждік бағыттар пайда болды.
Трансакциондық ақшаның сандық теориясының негізін американдық ғалым М. Фишер қалады. Оның теориясында белгілі бір мерзімде тауар айналымының саны — орта жылдамдықта ақша санының өндірілуі және сатылған тауарлардың саны орта бағамен анықталады делінген. Сонымен қоса, осы тұрғыда олар екі элементтің: ақша айналымының жылдамдығы сатылған тауарлардың санына әсер етпейді деп есептелген. Ол қысқа мерзім ішінде аталған шамалар өзгеріссіз қалады деп болжады: ақша айналымының жылдамдығы кредит дамуының деңгейі, байланыс құралының күйі сияқты ұзақ мерзімді факторлармен анықталады, ал тауар өндірісі ресурстардың жетімсіздігімен шектеледі. Сонымен, М. Фишер, «Ақшаның саны — баға деңгейі» — жалғыз себепті байланыс болып табылады — деп қарастырды, яғни айналымдағы ақшаның саны баға деңгейіне тікелей әсер етеді.