Тәулік мезгілдерінің атаулары

0

Бір тәулікте 24 сағат бар. Десе де қазақта тәуліктің әр бөлігінің өз атаулары бар. 

Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары:

Таң –  күн шығар алдындағы мезгіл. Таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі алакеуім, алакөбе, алаң–ғұлаң, елең–алаң деп аталады. Ал құланиек, құлын сәрі дегеніміз – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. Жерге жарық түсе бастаған кез – таң сәрі деп аталады.

Сәске – күн көкжиектен көтеріле бастаған мезгіл.

Түс – күннің орта мезгілі. 

Бесін – күн еңкейген мезгіл. 

Ақшам, ымырт – күн ұясына бата бастаған мезгіл.

Түн – тәуліктің кештен таңға дейінгі аралығындағы мезгіл. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз