Антикалық философияның даму кезеңдері слайд,презентация

0

Антикалық философияның даму кезеңдері слайд,презентация

 

Антикалық философияның даму кезеңдері

 

Аңыз бойынша Фалес жеті дананың бірі болып саналды. Оны алғашқы философ, алғашқы математик, алғашқы астроном деп атады. Ол геометриялық теоремаларды дәлелдеушілердің көш басында болды. Күннің тұтылуын болжады, айдың ұзақтығын 30 күнге, жылды 365 күнге бөлді. Фалес бүкіл жаратылыстың негізін су деп санады. Оның іліміне сәйкес бәрі судан басталады және оған қайтып оралады. Сөйтіп, судан барлық заттар пайда болатын алғашқы негіз және алғашқы бастау ретінде түсіндірді. 
Фалестің шәкірті және жолын қуушы. Оның барлық еңбектері жоғалған, олардың арасынан “Табиғат туралы” шығармасын ерекше атайды. Анаксимандр бүкіл жаратылыстың алғашқы негізі ретінде абстрактылы және шексіз затты – апейронды қабылдады. Апейронды су ретінде де, өзге қандай да бір зат ретінде анықтау мүмкін емес. Анаксимандр стихиялы диалектик болды және грек философиясында хайуанаттар мен адамның шығу тегі туралы мәселені алғаш рет қойды.  
    Анаксимандрдың шәкірті және жолын қуушы. Фалес пен Анаксимандр сияқты ол астрономиялық құбылыстарды зерттеп, оны табиғи жолмен түсіндіруге ұмтылды. Анаксименнің пікірінше Жаратылыстың алғашқы негізі ауа болып табылады. Ауа сейіле отырып отқа, қоюлана отырып желге, одан кейін бұлтқа айналды. Су болып бұдан әрі топыраққа, тасқа және басқа заттарға айналады.
      Эфестік Гераклит (б.д.д.540-460) – диалектиканың негізін қалаушылардың бірі. Гераклит Эфес қаласын билеген, Кодридтер патшалығы тегінен щыққан. Гераклит идеяларының мазмұндалуы қиындығымен ерекшеленді, сол үшін оны көзі тірісінде “қараңғы” деп атады. Тіршілікің бастауы ретінде әлемді іліммен басқарылатын от деп санады.
      Пифагор (б.д.д. 576-496жж.) – пифагорлық одақтың негізін қалаушы. Ол Поликраттың қатыгездігінен тастап кетуге мәжбүр болған Ионидегі Самос аралында туған болу керек. Фалестің ақыл-кеңесімен Египетке барған ол22 жыл бойы египеттік балгерлерден дәріс алды. Милеттіктерден айырмашылығы, ол әлем субстанциясын санмен теңестірді: “сан мен өлшем жоқ жерде хаос пен химер үстемдік етеді”, демек, барлық тірліктің негізі сан дейді. “Әлемде сұлулықтан басқа ештеңе жоқ, ал сұлулықта пропорциядан өзге ештеңе болмайды, пропорциядан саннан бөтен түк таппайсың” дейді

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!