Қазақша реферат: Офицерлердің әскери-педагогикалық қызметінің мазмұны мен ерекшелігі

0






Әскери бөлімшеде қызметтік-жауынгерлік кәсіпті қалыптастыратын тұлға — офицер. Офицер бөлімшедегі барлық нәрсеге жауапты және бәрін білуі керек. Офицер өзінің арнайы әскери білімімен және арнайы дайындығымен әскери мамандандырылған қызметпен айналысады. Әскери бөлімше офицері әскери мамандандырған қызметті әртүрлі әдістермең тәсілдермен жүзеге асады. Бұл қызмет өзінің мазмұны, шартымен ғана емес, сонымен қатар өз құрылымымең мақсатымең нәтижесімен ерекшеленеді. Әскери бөлімше офицерлерінің қызметі бірнеше қызметті орындаумен байланысты. Атап айтқанда:
— Қоғамдық-саяси;
— Ұйымдастырушылық, басқарушылық;
— Әскери-арнайы;
— Әскери-педагогикалық;
— Әкімшілік шаруашылық;








Офицерлердің мамандық қызметі күрделі жүйеден тұрады. Бұл жүйеде орталықты әскери-педагогикалық қызметті орындау алады. Бір қарағанда педагог офицердің басты бағыты — оқыту, тәрбиелеу, дамыту, жеке құрамды психологиялық дайындау. Бірақ педагогикалық істің түбіне қарайтын болсақ, әскери педагогикалық қызметтің негізі — оқу тәрбиелеу үрдісін басқару.
Офицердің негізгі мақсаты — оқыту емес, оқытуға бағыт беру, тәрбиелеу емес, тәрбиелеу үрдісін басқару. Әскери педагогикалық үрдіске байланысты басқару офицердің әскери ұжымға мақсаты, жүйелілік әсері, яғни оқыту мен тәрбиелеу мақсатына байланысты.
Басқару — үрдіске оның табиғатына қарсы тұратын бағыт белгілеу емес, керісінше үрдіс табиғатын ескеру.
Әскери педагогикалық үрдісті басқарудың ерекшеленетін сипаты:
— Жоспарланған және саналы әсер ету;
— Басқару жүйесі мен (офицер) басқару объектісінің (жауынгер) арасындағы себеп-салдардың байланысты болуы;
— Басқару жүйесінің бір сападан екінші сапаға ауысуы;
— Басқару жүйесінің белгіленген қызметті орындай алуы;
— Тұрақтылық;
Басқару үрдісі мерзімдік және үздіксіз болып табылады. Басқару мерзімді мақсатты белгіленуден басталады және оны орындаумен аяқталады. Белгілі мақсатқа қол жеткізгеннен кейің жаңа мақсат қойылады және басқару циклі қайталанады. Үздіксіз басқару үрдісінің схемасы: мақсат-әрекет-нәтиже жаңа мақсат болып табылады. Ол әскери педагогикалық үрдіске қолданылады.
Әскери педагогикал ық үрдісті нәтижелі басқару мына талаптарды орындағанда мүмкін:
1) Оқыту мен тәрбиелеудін мақсатын қалыптастыру;
2) Басқаратын үрдісті диагностикалау, кері деңгейді бекіту;
3) Әскери педогогикалық қызмет нәтижесін көру, болжау;
4) Оқыту мен тәрбиелеу үрдісін негізгі қалпын қарастыратын әрекет бағдарламаларын өндеу, жоспарлау;
5) Оқу-тәрбие үрдісі туралы белгілі параметр бойынша мәлімет алу;
6) Кері байланыс бойынша алынған мәліметтерді қайта өңдеу. Басқару үрдісінде педагогикалық мақсаты: басқаратын
үрдіс қалпын өзгерту, оны белгіленген деңгейге дейін жеткізу. Педагогикалық үрдісті басқару әрбір қатысушының белгілі орнын, қызметін, міндеттерін анықтайды. Басқару мәліметтік үрдіс болып табылады. Басқару органынан (педагогика) басқарылатын объектіге (оқушыға) басқару белгісі түседі, обьектіден реттеушіге (педагог) кері байланыс белгісі түседі. Педагогтың рөлі түскен мәліметті өңдеу, оны шешу және оқу-тәрбиелеу үрдісіне енгізу болып табылады.
Педагогикалық маман «Адам-Адам» деген сияқты кәсіпке жатады. Мұндай кәсіп адамның мынадай қасиеттерімен анықталады: адаммен жүмыс барысында жақсы өзіндік сезім түрақтылығы, араласу, іштей ойлау арқылы өзіңді басқа адамның орнына қою, басқа адамның ойын, кеңіл-күйін, ниетін тез түсіну қабілеті, әртүрлі адамдардың жақсы қасиетін есте сақтау және т.б.
Мұндай мамандағы адамдарға мыналар тән:
1) Адамдардың әртүрлі қажеттілігіне қызмет көрсету бойынша басқару, оқыту, тәрбиелеу;
2) Тыңдай білу;
3) Жан-жақты болу; 4)Тіл мәдениеті;
5) Ішкі сезімдердің болуы;
6) Адамға жоспарланған бағыт;
7) Дайындау қабілеті;
8) Бақылау;
9) Стандарттық емес қиыншылықтарды шеше білу;
10) Өзін-езі реттеу деңгейі;
Педагогтың мамандылық құрылымына тән сипаттар:
-Объектілік сипаттама: мамандырылған білімі, мамандырылған дағдысы, психологиялық және педагогикалық білімі.
-Субъектілік сипаттама: психологиялық позиция, жеке ерекшеліктер.
Қазіргі кездегі педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық қызметтегі адамдардың үш психологиялық сипатқа тән жоспары бар.
1.) Кең спецификалық емес мағынадағы керектілік пен қоластылылық. Керектілік биологиялық, анатомия-физологиялық және психологиялық адам ерекшелігімен анықталады. Мұнда «Адам-адам» қызметі болмайды.
2) Педагогикалық қызметке жеке дайындық. Дайындық «Адам-адам» кәсібіне бағыт, адамның әлемдік деңгейі, коммуникативті және дидактикалық қажеттілік және аффилиациядағы қажеттілік (Басқа адамның қоғамында болуға бағыты).
3) Басқа адамдармен қатынасқа түсу, әңгіме жүргізіп отырған адаммен байланыс жасау жеңілдігі, оның реакциясын бақылай алу, әңгімеден ләззат алу.
Осы үш жоспар бірге жүрсе, педагогикалық қызметте адамның жеке қасиеті нәтиже береді.
Педагогикалық еңбек шебері — психологиялық педагогикалық және өзіндік пәндік қызметтегі жоғарғы қүзыретті мамаң жоғарғы деңгейді кәсіптік білімін көрсете алуы керек.
Педагогикалық қызметтің нәтижесінің 2 түрі бар.
1) Қызметтің функционалды азығы (сабақ, әдістеме, тәрбиелеу шаралары және т.б.)
2) Қызметтің психологиялық азығы.
Педагогикалық қызметте басты нәтиже — нақты адам, оның жекелігінің дамуы. Бірінші сүрақты қорытындылайтын болсақ, педагогикалық қызметпен айналысатын адамдардың психологиялық портретін жасайық. Мүндай психологиялық портрет мына қүрамдас бөліктерден тұрады.
1) Адамның жеке қасиеті — темперамент және т.б.
2) Жеке түлға ретіндегі қасиеті — адамның әлеуметтік мәні.
3) Коммуникативті (интерактивті) сапа.
4) Мәртебелік-позициялық көрсеткіш.
5) Қызметтік сапасы.
6) ішкі әрекеттік көрсеткіш.









Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!