Аналар мерекесіне сценарий, 8 наурыз мерекесіне тақпақтар
Мақсаты: Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту.
Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
Керекті құралдар: Сандар, орамалдар, матрешкалардың киімі.
Кейіпкер: Көктем.
Әдемі киінген балалар әдемі әуенмен кіреді.
Жүргізуші: — Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін көктемнің ең әдемі алғашқы мерекесі 8 – наурыз – Аналар, қыздар, әпкелер мерекесі.
Мереке құтты болсын! Сіздерге денсаулық, мол бақыт, қуаныш тілейміз.
Той – тойлап дала мен қалаларым!
Мерекең құтты болсын аналарым!
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесімен.
Құттықтауға келіп отыр балаларың!
Біздің топтың «Аналар мерекесі» ертеңгілігіне арналған өнерін тамашалаңыздар.
Медина, Сүлейман сіздерге тақпақтарын айтып береді.
Медина: Өмірге бізді келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
Еш уақытта қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын – аналар!
Сүлейман: Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен.
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды,
Бойымызға сіңірген,
Тәрбиеші әпкелер
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Әдемі әуенмен Көктем кіреді.
Ояныңдар шөптер, ағаштар, гүлдер де
Көбелектер, аралар, қоңыздар да
Құстар! Алыс жақтан оралыңдар.
Ұшыңдар! Көктем ханшайымын қарсы алыңдар!
— Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі 8 – наурыз мерекесі құтты болсын! Сіздерге ұзақ өмір, еңбекте табыс тілейміз.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Көктем! Келіңіз төрлетіңіз. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз. Мерекені балалармен бірге тойлап, көңіл көтеріңіз.
Көктем: Жарайды. Өнерлеріңді көрейін.
Жүргізуші: Көктемге арнап Сүлейманбек өз тақпағын айтып берсін.
Көктем, көктем, көктемде
Құстар қайтып келгенде,
Біз қуанып қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.
Жүргізуші: Балалар, бәріміз тұрып «Көктем келді» әнін айтайық.
Ән – хор: «Көктем келді»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Көктем! Біздің Медина, Сүлейман, Мұмаммеджан
«Қуыршақ» биін билегісі келеді.
Би: «Қуыршақ»
Жүргізуші: Енді әнші ұл – қыздарымыз Асылай, Ақмаржан, Сүлейман
аналарға арнап «Ана – өмір шырағы» әнін айтады.
Жеке ән: «Ана – өмір шырағы».
Көктем: Қандай өнерлі балаларсыңдар, рахмет! Көңілім бір көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Көктем, біздің балалардың өнері бұнымен бітпейді. Олар айтысты да жақсы көреді. Қазір сіздердің алдарыңызда Медина, Ақмаржан деген сұлу қыздарыңыз Сүлейманмен айтысқа шығады.
Аналар мерекесі жүктеу