Әкімқұлов Еркінбай | өмірбаяны

0

Әкімқұлов Еркінбай 1937 жылы 4 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында туған. 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген соң, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Алматы қалалық партия комитетінде нұсқаушы, «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, Қазақ радиосында аға редактор, «Жалын» баспасы бас редакторының орынбасары, «Рауан» баспасында редакция меңгерушісі, редактор, «Кітап жаршысы» («Друг читателя») басылымында Бас редактор болып істеген. Поляк жазушысы Януш Корчактың «Қайта оралған балалық» повесін, татар жазушысы Р.Мұстафиннің «Кішкентай Мұса» повесін қазақшаға аударған. 1983–1989 жж. «Ты – мой светлый мир», «Дневник девушки» деген атпен екі кітабы орыс тілінде жарық көрген. Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы.




Шығармалары: Қарақозы Әбдәлиев. Очерк. А., «Жазушы», 1969; Қазақтың жас ақындарының творчествосы. Әдебисын мақалалары. А., «Жазушы», 1972; Даңқым – дәуірім. Очерктер. А., «Қазақстан», 1974; Қош бол, альбом. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1976; Перизат сезім. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Жанарым – жарық дүнием (орыс тілінде). А., «Жалын», 1983; Қыз күнделігі. Повестер. А., «Жазушы», 1985; Жанарым – жарық дүнием. Таңдамалы. А., 1990; «Жанарым – жарық дүнием» (орыс тілінде). Повестер. А., «Арқас», 2001; Таңдамалы шығармалары, 2 томдық. А., «Арқас» 2003; Өзбекәлі Жәнібеков. Ғұмырнамалық деректі хикаят. А., «Қазақстан», 2006.

 

Қайнар көз:  http://writers.kz