АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ туралы қазақша

0

Аналық малдың жыныс ағзаларының құрылысы

Аналық малдың жыныс ағзалары сыртқы және ішкі мүшелерден тұрады. Сыртқы мүшелерге сарпай (вульва – сыртқы жағы) қынап кіреберісі және шүртекей (клитор), ішкі мүшелерге – қынап, жатыр, түтікшелер, аналық жыныс бездері жатады.

Сарпай (сыртқы жағы) екі жыныстық еріндерден және олардың арасында тігінен орналасқан жыныстық саңылаудан тұрады.

Қынап кіреберісі – қысқа бұлшық етті түтік, ол жыныс жыртығынан басталып несеп шығару жолының тесігіне дейін келіп тіреледі.

Шүртекей аталық жыныс мүшесінің гомологы (рудимент) болып саналады. Ол жыныс саңылауының вентралдық (төменгі) бұрышында шамалы көтеріңкі болып орналасқан. Шүртекей екі аяқшадан тұрады, ол құйымшақтың төмпешігіне және денесіне бекітілген, баспен аяқталады.

Қынап – ұзын түтікке ұқсас. Ол қынап кіреберісінен басталып, жатыр мойнының қынап бөлігіне дейін созылады.

Жатыр мойыннан, денеден және екі мүйізден тұрады. Көптеген малдың жатыры екі мүйізден тұрады.

Жатыр мойны жатырдың денесі мен қынаптың ортасында орналасқан. Жатырдың денесі жатырдың мойны мен мүйізінің ортасында орналасқан. Жатырдың мойны денесіне қарағанда жұмсақ болып келеді. Жатырдың мүйізі жатыр денесінен басталады, әр түрлі малдың жатыр мүйізінің ұзындықтары мен пішіні әр түрлі болады. Оларды оң және сол мүйіз деп айырады.

Ұрық жолы – жақсы жетілген қос түтікше, олар құрсақ қатпарларында орналасқан. Олардың ұзындығы: биеде, сиырда және мегежінде – 20-30 см, саулық пен ешкіде – 10-15 см, ұрғашы итте – 6-10 см.

Аналық бездері – онша үлкен емес жұп ағза. Бұларда аналық жыныс жасушалары пайда болады.

Аталық малдың жыныс ағзаларының құрылысы

Аталық малдың жыныс ағзалары үш қосалқы безден (көпіршік, предстательдік және томпақ немесе Куперов), жыныс мүшесінен, жыныс мүшесінің тері қатпарынан (күпектен), ұрық жолынан, шәует бауынан, аталық жыныс бездерінен, ен сағағынан және ұмадан тұрады.

Қосалқы жыныс бездеріне жататын көпіршік безі – сопақша келген ең үлкен қос без, тік ішек арқылы жақсы байқалады.

Предстательдік без денеден және тарамладған (бытыраған) бөлімнен тұрады.

Томпақ немесе Куперов безі сарымсақ тәрізді, қос жамбас қуысының шыға берісінде орналасады.

Жыныс мүшесі шағылыстыру (қосылу) ағзасы болып саналады, ол түбірден, денеден және бастан тұрады.

Жыныс мүшесінің тері қатпары (күпек) бұқа мен қошқарда, текеде, қабанда және аталық (төбет) итте тері қуысы болып табылады.

Ұрық жолы (тұқым жолы) – ұзын түтікшеден тұрады, олар оң және сол ұрық жолдарына бөлінеді.

Шәует бауы шырыш қабатымен жабылған ұрық жолынан, қан тамырларынан, жүйке және бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Ол аталық бездің сағағынан басталып, шапқа дейін созылып жатады.

Аталық жыныс бездері – ұманың ішінде орналасқан жұп без.

Ен сағағы(қосалқысы) бұқада, қошқарда және текеде, ол аталық жыныс безінің каудальдық шетінде, ал айғырда, қабанда және итте жыныс безінің дорсолатеральдық бетінде жатыр.

Жыныс циклі туралы түсінік және аналық малдың күйітін анықтау.

Жыныс циклдары малдың жыныстық жетілуімен бірге пайда болады да, белгілі мерзім өткен соң қайталанады.

Жыныс циклі үш сатыдан тұрады:

  • Қозу;
  • Тежелу;
  • Бір қылыптылық.

Жыныс циклінің қозу сатысы жақсы байқалатын төрт феноменнен анықталады: күйлеу, жыныстық қозу, күйіт және овуляция. Әр феноменнің өз ерекшеліктері болады да, олар жыныс циклының бір жағын қамтып көрсетеді.

Күйлеу жыныс ағзаларында пайда болатын морфологиялық өзгерістерді көрсетеді. Сарпай үлкейіп, ісіп кебінеді. Жыныс жолының кілегейлі қабаты қызарады, жатыр мойны ашылып, одан қынапқа кілегейлі сұйық бөлінеді де, сыртқа ағады. Бас кезінде сұйық мөлдір болып , аз мөлшерде болып, кейін қоюланады. Көбіне күйлеу 2,5-3 тәулікке созылады.

Жыныстық қозуды аналық малдың мінез-құлқына қарап анықтайды. Жыныстық қозу күйлеуден кішірек келеді және жалпы ағза реакциясымен қатар тынышсыздану, азықтан бас тарту, сүт өнімділігінің төмендеуі, сүт сапасының өзгеруі секілді құбылыстар байқалады.

Жыныстық қозу кезінде аналық мал аталық малға құшиарлық белгісін көрсетеді, аталық не аналық малға секіреді, алайда шағылыстыруға мүмкіндік бермейді.

Күйіт – аналықтыңаталыққа қолайлы сексуалдық реакциясы, яғни аталықта жыныс рефлексінің көрінуі. Күйіт кезінде аналық аталыққа жақындауға тырысады, жыныс актісіне сай тұрып, жиі зәр шығарады, жыныс еріндері ритмикалық түрде жиырылады, аталықты шағылысқа жібереді. Тәжірибелік жағдайда аналық малдың күйітін күйіттеушімен анықтайды.

Овуляция – аналық жыныс жасушасының фолликулдан босауы.

Тежеу сатысы – күйлеу мен жыныстық қозу белгілерінің әлсіреу сатысы. Бұл процесс қозу сатысынан кейін басталады. Күйіттен кейін айқын көрінетін қашауылдау мен біртіндеп аталыққа немқұрайлы қарау көрінісіне әкеледі.

Аналық мал тынышталады, тәбеті біртіндеп қалпына келеді, сүттің сапасы, қан құрамы, жыныс жолдарының кілегей қабығының құрылысы және басқа қозу сатысында пайда болған көріністер қалпына келеді.

Аналық мал аталыққа қарсылық белгілерін білдіреді, оны ттістеп алуға, теуіп немесе одан қашып кетуге тырысады.

Бірқалыптылық сатысы – тежеу сатысынан кейін келеді де, жаңа қозу сатысы басталғанға дейін созылады. Бұл сатыда аналық малдың жалпы жағдайы бірқалыпты, ол өндірушіге парықсыз көңілмен қарайды.

Сиырдың жыныс циклі. Сиырдың күйлеу феномені орта есеппен 3-5 күнге созылады.

Жыныс қозуының белгілері: сиыр мазасызданады, мөңірейді, жатпайды, құйрығын көтереді, тәбеті мен сүт өнімділігі, тірі салмағы азайып, дене қызуының көрсеткіші0,8-1,20 жоғарылайды, дем алуы мен тамыр соғуы жиілейді. Гемоглобиннің қандағы саны өзгеріссіз болғанымен, лейкоцитоз байқалады. Сиыр жиі зәр шығаруға бейімделеді, өзге сиырларға секіреді және өзіне басқа сиырлар секіруіне қарсылық білдірмейді. Алайда, көбіне мұндай сиыр бұқаны өзіне секірткізбейді. Құнажын мен сиырда күйіт 10-23 сағатқа, көптеген жағдайда 13-17 сағатқа, орташа есеппен 16 сағатқа созылады.

Овуояция сиырларда күйіт аяқталған соң 10-15 сағат өткеннен кейін көбіне кешке, түнгі уақытта болады.

Тежеу сатысы 1-3 күнге созылады. Бірқалыптылық сатысы 6-10 күн болады.

Саулықтың жыныс циклі. Саулықтың жыныс циклі 14-19 күн, көбіне 16-17 күн аралығында байқалады. Қозу сатысы 3-6 күнге созылады.

Саулықтың күйітін анықтау үшін алжапқышы бар немесе вазэктомия жасалған күйіттеуші қошқарды 50-100 саулыққа бір күйіттеуші есебінде қолданады. Күйіттеген саулық аталықты шағылысқа жібереді. Саулықта овуляция 27-31 сағат ішінде өтеді де, 30-60 сағаттан кейін аяқталады.

Биенің жыныс циклі. Жыныс циклінің ұзақтығы орта есеппен 20-21 күн. Бие құлындағаннан кейін қозу сатысы бесінші күні, көбіне 7-12-күні байқалады.

Әдетте қозу сатысы 6-12 күнге созылады. Күйлеу бес күннен астам болады.

Күйіт 2-12 күнге (жас биелерде – 4-5, құлыны еміп жүрген биелерде: орта жаста – 5-7 және кәрі биелерде – 7-12 күнге) созылады. Биенің күйітін күйіттеуші айғыр арқылы анықтайды. Биелерде фолликулдар тек овуляциялық шұңқырда ашылады. Овуляция күйіттің аяғында көбіне түнгі 2-ден таңғы 7-ге дейін өтеді. Бірқалыптылық сатысы 4-17 күнге созылады.

Мегежіннің жыныс циклі. Мегежін полициклді мал, оның жыныс циклінің ұзақтығы 20-21 күн.

Мегежіндерде қозу сатысы, синхронды күйлеу, жыныс қозуы және күйіт бірінен кейін бірі 24 сағат ішінде болады және асинхронды кейбір феномендердің көріну аралықтары 24 сағаттан 177 сағатқа дейін созылады. Асинхронды жыныс циклі көбіне жазда байқалады. Жас мегежіндерде күйіт орта есеппен 40 сағат, ал негізгі мегежіндерде 50 сағатқа созылады.

Овуляция көбіне күйіт белгілері байқалуының екінші күнінде өтеді де, әдетте 24-28 сағат ішінде аяқталады.

Қолдан ұрықтандыру кезінде құрал мен аспаптарды дайындау және оларды сақтау. Физиологиялық ерітінді дайындау

Таза стерильденген цилиндрға қажетті мөлшерде дистелленген (тұздан арытылған) су өлшеп алады да, оны стерилденген шыны сауытқа (колба) құяды. Содан кейін химиялық таза хлорлы натрийді аптекалық таразымен өлшейді (есептен 9 г-ды 1 л суға).

Өлшенгеннен кейін хлорлы натрийді суда әбден ерігенше араластырады да, шыны сауыттың аузын қақпақпен жабады.

Содан кейін осы ерітіндіні қайнатып, бір тәулік бойы қолданады. 0,9 %-дық хлорлы натрийдің ерітіндісін қайнатылған суда стерилденгеннен кейін ыдыс және аспаптарды жууға, шприц-катетерімен ұрық жинағыштан спирттің қалдығын кетіруге, қынап айнасын қынапқа кіргізер алдында сулауға қолданады.

2,9%-дық лимон қышқылының ерітіндісін дайындау. 100 мл тазартылғансуға үш молекласы алмасқан бес бөлік суы бар 2,9 г лимон қышқылды натрийді қосады. Содан кейін шыны сауыттың үстін стерилденген қағазбен жабады. Сосын 10 минут шамасында су мойыншасында стерилдейді. Дайындалған ерітіндіні негізінен сақталап тұрған ұрықтың белсенділігін анықтауға қолданады.

1%-дық гидрокарбонат натрий ерітіндісін дайындау NaHC. Тұздан айырылған (арытылған) суды қайнатып, оны 400-қа дейін суытады, сосын химиялық таза гидрокарбонат натрийді 10 г мөлшерінде алып, 1000 мл, 400-қа дейін суытылған суға қосады да, араластырады.

1%-дық гидрокарбонат натрийдің ерітіндісін ұрықтың сапасын бағалағанда және аспаптарды өңдегенде қолданады. Ерітіндіні күнде жұмыс алдында дайындайды.

70%-дық спирт ерітіндісін дайындау. 100 мл мөлшерінде 70%-дық спирт дайындау үшін 73 мл, 96%-дық спирт ректификатқа +27 мл қайнатылған тазартылған су қосып, шыны таяқшамен араластырады. 70%-дық спирт дайындау үшін мынандай формула қолданылады:

96%  —  100                                       Х== 72,8 мл=73 мл

           70%  —   х

70%-дық спиртті шприц-катетерді және ұрық жинағыштарды залалсыздандыруға қолданады. Аспаптарды стерилдегесін ауру қоздырғыштарын жұқтыртпау үшін спиртпен шаяды да, сол спирттің қалдығын кетіруге аспаптарды 5-6 рет 0,9 %-дық натрий хлорлы ерітіндісімен жуадыү

Фурациллин ерітіндісін дайындау. Ол үшін 1 л қайнаған суға 9 г хлорлы натрий мен 0,2 г фурациллмнді ерітеді де, қайнатады. Содан кейін ерітіндіні суытады, сүзеді, таза қоңыр шыны ыдысқа құяды.

Ерітіндіні екі күн ішінде қолдану керек. Фурациллин ерітіндісімен аталық малдың тері қатпаршығын ұрық алар алдында, жасанды қынапты залалсыздандыруға және аналық малдың сыртқы жыныс ағзаларын жуып тазалауға қолданылады.

Сүзгілерді дайындау. Сүзгілерді таза стерилденген сүзгі қағаздан дайындайды. Стерилденген қайшымен қағазды түтікшенің өлшемі бойынша төртбұрышты бетке кеседі. Әр бетті бүгіп және екі қарама-қарсы бұрышты жақындатқызады. Қағаз кіші үшбұрыштың бір қабатын ажыратып, сүзгілі шыны түтікшеге салады. Содан кейін сүзгіні құйғыға салады, себебі сүзгінің шеті кіші болуға тиіс. Сүзілген сұйық мөлдір таза болады.

Марлі сулықтарды (салфеткаларды) дайындау. Дәкені 20х30, 30х30 немесе 40х40 өлшемдерге бөледі. Сулықты залалсыздандыру үшін ыстық қолданады.

Төрт бүлінген сулықтарды стерилденген тығыз қақпағы бар шыны стакандарға жинап салады. Оларды шыны түтіктер мен аспаптарда судың тамшысын алуға, төсеніш және жапқыш шыныларды сүтуге қолданады.

Ыдыс, аспаптарды зазалсыздандыру және дайындау. Қолдан ұрықтандыруға қолданылатын ыдыс, аспап таза және залалсыздандырылған болуға тиіс.

Жаңа шыны ыдыстарды, ең алдымен, сабынды суда немесе сода ерітіндісіне жуады. Содан кейін тұз қышқыл ерітіндісіне (3 л. Тазартылған суға) 24 сағатқа салады. Сосын тазартылған сумен шайып, кептіреді. Кептірілген ыдыстарды, аспаптарды автоклавта қайнату арқылы және құрғақ ыстықпен пломбылайды.

Құрғақ ыстықпен стерилдеу. Шыны сауыт, мензурка, ұрық жинағышты, флакон, шыны ампула мен таяқшаны қағазға орап, қарындашпен атын және көлемін жазады да, кептіргіш шкафқа 30-45 минутқ салады ( шкафтың температурасы 160-180С). Содан кейін шкафты сөндірі сууға уақыт береді, әйтпесе температураның күрт өзгеруінен шыны ыдыста сызат пайд болуы мүмкін.

Қайнату әдісі. Осы әдіспен шыны ыдыс, шприц-катетерін, темір аспаптарды стерилдейді. Стерилизатор түбін дәкемен жауып, үстіңгі ұрық жинағыш, банкі, шприц-катетер, шприц (шприцті бөлшектейді, оның поршенін және цилиндрін дәкеге орайды, сосын су құйып15-20 минутқа қайнатады. Стерилденген қысқашпен ыдыстарды стерилизатор қақпағына алып салады. Судың қалған тамшыларын стерилденген сулықпен сүртеді. Темір аспаптарды – қынап айнасын, қысқыш, қайшы, т.б. тот басып қалмас үшін ыстық ұайнап жатқан суға салуы керек.

Автоклавта стерилдеу. Автоклвата таза жасанды қынап, ыдыс және аспаптар, халат, орамал, дәке стерилденеді. Жасанды қынапты автоклавта 1050-та 0,3-0,5 қысымда 15-20 минут стерилдейді. Аспаптарды, ыдыс пен материалды 1,5 қысымда 30-40 минут стерилдейді.

Спиртпен залалсыздандыру.шприц катетерлері мен ұрық жинағыштарды 70 %-дық спиртті қолданып залалсыздандырады. Спирттің қалдығын кетіру үшін 5-6 рет 1%-дық натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен, 2,9%-дық нитрат натрий ерітіндісімен немесе 0,9%-дық хлорлы натрий ерітіндісімен тазартады.

Қолдан жасанды қынапты дайындау. Әр малдың жасанды қынаптарының құрылысы бірдей болып келеді. Бұқаның цилиндрлі жуан резеңкеден, қошқардыкі эбониттен, айғырдыкі алюминийден және қабандыкі резеңкеден тұрады.

Жасанды қынаптардың бөліктерін 2-3%-дық сода ерітіндісімен жуғаннан кейін қайнаған суға салады да, таза орамалмен сүртіп алады. Цилиндрға резеңке камераның тегіс жағын жасанды қынаптың ішкі жағына қаратып кигізеді. Камераны цилиндрдің шетіне қайырып және резеңке дөңгелектермен бекітіп тастайды.

Цилиндрдің тесігін эбонит шүмекпен немесе тығынмен жабады. Жинаған жасанды қынапты автоклав немесе стерилизаторда залалсыздандырады, ішкі жағын 90%-дық спирті бар мақта тампонмен сүртеді. Шүмектен ыстық су құяды да, шүмекті жабады. Жасанды қынаптың шікі жағын стерилденген вазелинмен майлайды. Ұрық жинағыш ұрық ұстағыш пен бекітіледі.

Бұқа және қошқарға  арналған жасанды қынапқа шүмек арқылы компрессор немесе резеңке алмұрт қолданып, камераның іргелері қақтығысып қалғанға дейін және үш бірдей үшбұрыш құралғанға дейін ауа жібереді. Ұрық алудың алдында жасанды қынаптың температурасы 40-12 С болуы қажет.

Қолдан ұрықтандыру уақытында қолданылатын аспаптар: қынап айнасы,шприц-катетер, жартылай автоматтандырылған шприц, УЗК-5, ПОС-5, иванов катетері, Растяпин ампуласы.

Қолдан урыңтандыруға арналған ыдыстар: алты тығыз цақпағы бар ыдыс (6 стакан), 1,3 және 4 стакандарға стерилденген жақа дайындаған 1 % тұз ерітіндісі eкiншi стаканға 70% -дың спирт ерітіндісі цуйылады.

5-стаканға стерилденген сулыңтар, ал 6-стаканға 96% -дың спиртке мақта тампондар салынады.

#АКУШЕРЛІК #ЖӘНЕ #ҚОЛДАН #ҰРЫҚТАНДЫРУ #НЕГІЗДЕРІ