АИВ инфекция | Скачать Реферат
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің Өзіндік Жұмысы
Тақырыбы: Вирустық аурулар(гепатит, АИВ) парентеральды жолмен берілуі. Алдын алу
Кафедра:
Факультет:
Дисциплина:
Орындаған:
Тексерген:
Тобы:
Ақтөбе 2018 ж
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Гепатит түсінігі, жіктелуі, этиологиясы
2. Гепатиттің түрлері
3. Вирустық гепатиттің алдын-алу шаралары.
4. АИВ инфекция, жұғу жолдары.
5. АИВ инфекцияның алдын алу
III. Қорытынды
Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде «қызба» деп атағанымен, гепатит көбіне температураны көтермейді Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ал қарт адамдар мен екі қабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. (Мына адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады).
———————————— ———————————— ———-
Белгілері
* Асқа тәбеті болмайды, темекі де шеккісі келмейді. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды.
* Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырад
* Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
* Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.
* Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.
* Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл болады.
Гепатиттің түрлері
Гепатитті тудырушы ең жиі факторлар, олар гепатит вирустары. Қоздырушы вирустар A, B, C, E, D, F және G топтарға бөлінеді. Вирустың бұл түрлері құрылымы жағынан бір-бірінен өзгеше және жұғу жолы да әркелкі.
А гепатиті
А гепатиті немесе Боткин ауруы деп те атайды. Гепатиттің бұл түрі тағам инфекцияларының ағзаға түсуінен болады. Лас суды пайдаланудан, тамақ пен тұрмыстық бұйымдардан (сүлгі, ыдыс-аяқ) жұғады. Бұл ауру жедел өршиді, шағымдары мен клиникалық симптомдары анық және созылмалы түрге айналмайды. Әдетте адамдар бұл гепатитпен тек бір рет қана ауырады, және көп жағдайда бала кезінде ауырады. Өйткені бір рет ауырған соң, адам ағзасында қоздырушы вирусқа қарсы тұратын иммунитет пайда болады.
Е гепатиті
Е гепатиті Боткин ауруына ұқсас келеді. Бұл түрі де тағам және су арқылы жұғады. Е гепатиті қан арқылы жұғуы мүмкін, яғни парентералды (ас-қорыту жолынан бөлек) жолмен беріледі.Е гепатиті жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Бауырды толықтай бұзып, мерзімнен бұрын туу мен іштегі ұрықтың зақымдалуына әкеп соғады.
В, С және Д (дельта) гепатиттері
Бұл вирустар парентералды жолмен (қан арқылы) жұғатын вирустар тобы. Дельта вирусы адам ағзасында өздігінен пайда болмайды, оның пайда болуына В вирусы әсер етеді. Бұл вирустардың зақымдау жолдары, клиникалық түрі мен асқынуы ұқсас келеді
———————————— ———————————— ———-
Вирустық гепатиттердің алдын-алу
* Гепатит вирусы бір адамнан екінші адамға дәрет, лас су мен тағам арқылы тарайды. Ауруды жұқтырмау үшін науқас адамның дәретін көміп тастау немесе жағып жіберу керек және өзін таза ұстау керек Мұндай науқастарды күткен кезде оған жақындаған сайын қолды мұқият жуу қажет.
* Жас балаларда гепатиттің белгілері байқалмайды, бірақ олар ауруды басқаларға таратады. Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаудың ерекше маңызы бар.
* Аурудың белгілері жойылғаннан кейін кемінде 3 апта бойы ауруды басқаларға жұқтырмауға тырысыңыз. Жеке ыдыс пайдаланыңыз. Жыныстық қатынас жасамаңыз, тіпті презервативпен болса да, басқаларға дайындалған тамақтан аулақ болыңыз.
———————————— ———————————— ———-
АИВ инфекция
Ұзақ уақыт лимфоциттерде, макрофагтарда, жүйке тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адамның иммуножетіспеушілік вирусымен шақырылатын ауру. Тіндерде ұзақ уақыт сақталуы салдарынан организмнің жүйкелі және иммундық жүйесін баяу зақымдайды, ол екіншілік инфекциялар, жеделдеу энцефалитпен, ісіктер және тағы да басқа патологиялық өзгерістермен сипатталады, осының бәрі науқас адамның өліміне әкеледі. АИВ инфекция бірнеше кезеңдермен өтеді, соңғы кезеңнің ЖПИЖС терминімен анықтайды (синдром — жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік).Қазірі кезеңде АИВ инфекция өте тез өршуге бейім.
———————————— ———————————— ———-
Жіктелуі.
АИВ-инфекция — өмір бойына созылатын инфекция, АИВ-тан бастап ЖПИЖС-қа дейінгі (сау адамнан терминалды жағдайға) кезеңдерден тұратын ауру.
Покровский В.И. ұсынған жіктелуде осы ерекшеліктер ескерілген (1989 ж).
Бұл жіктелу АИВ жұқтырған адамдарды және диспансерлік бақылауын жүзеге асыруға, аурудың ағымын бастауға , ауруды емдеу тактикасын анықтауға өте қымбат тұратын лабораториялық зерттеулерді жүргізбей-ақ дәрілік препараттарды тағайындауға қолайлы рұқсат беретін жіктеу.
Иммуножетіспеушіліктің тереңдігін, яғни СД4 — құрамын және вирустың жүктемені ескертіп жіктелудің маңызы зор.
АҚШ-та 1993 жылы комплексті клинико-иммунологиялық АИВЖПИЖС жіктелуі қарастырылған, барлық жерлерде қолданылады.
Клиникалық белгілеріне қарап 3 категорияны анықтаймыз, … жалғасы