Ұлттық кейіпкерлер туралы, ф дыбысы мен әрпі

0

Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
1. 2. 2. 1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1. 2. 6. 1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату.

Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір — біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Кофе

Сабақтың басы
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір — біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша!

Сабақтың ортасы
Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.
— Дыбыс дегеніміз не?
— Дыбысты таңбалап жазсақ не болады?
— Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
Ойын «Әріптер әлемі» Шарты: өткен әріптерді пысықтап олармен сөз, сөйлем ойлату. Тақтада бірнеше әріптер берілген, осы әріптерді қатыстырып сөз, сөйлем ойлаймыз. Х, ю, һ, в. Хат, ою, жиһаз, вокзал. Ағам хат жазды. Әжем ою ойды. Біз жиһаз алдық. Вокзал үлкен және әдемі.

Сабақты «Үш торай» ертегісімен бастау.
Ағайынды үш торай болыпты. Олар – Наф – Наф, Ниф – Ниф және Нуф – Нуф. Наф – Наф кірпіштен, Ниф – Ниф қамыстан, Нуф – Нуф бұтақтан үй салып алады.
Бір күні қасқыр Ниф – Ниф пен Нуф – Нуфтың үйін үрлегенде ұшырып жібереді. Ал Наф – Нафтың үйін қанша үрлесе де ұшыра алмайды.
• Қасқыр қалай үрледі? Оқушылар:
• Ф – Ф – Фу! – деп барлығы үрлей бастайды.
Үш торайдың атын бірнеше рет айтқызу.
— Қандай дыбыс естіледі?
— «Ф» дыбысын хормен қайталату.
— «Ф» дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.
• Бұл — дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс
Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
Телефонның суретін көрсету. Сөзге дыбыстық буындық талдау жасау.
Балалар, телефонның қандай түрлерін білесіңдер?
Сергіту сәті:
• Дәптермен жұмыс
• Фф
• кофе
• кафе
• ферма
• 5. Оқулықпен жұмыс.
№1 Оқылым.
№2 Мәтінді ары қарай жалғастырыңыздар.

Алдаркөсе, Қожанасыр – ұлттық кейіпкерлер. Аңыздарда олар ақылды, әділ, тапқыр, аңғал кейіпкерлер ретінде танылады.
«Сен — маған, мен — саған» ойыны.
1) Мына кейіпкер туралы не білесің?
2) Ол кейіпкер туралы қандай ертегі білесің?
3) Осы кейіпкерге сипаттама бер.
Жеке жұмыс.
Ертегі сюжеті бойынша суреттер беріледі.
Суреттер бойынша ертегі құрастырады.
Тапсырма:
• ертегі құрастыру.
• жұмыстарын тақтада қорғайды
Жеке жұмыс. Сурет бойынша диалогқа қатысады.
Деңгейлік тапсырма: (оқушы өзі таңдап алады)
Қарапайым сөйлемдер құрастыру.
Кейіпкерді сипаттап айту.
Бір — бірін тыңдап, диалог құрастыру.

Мұғалімі: Бисекеева Гаухар Зейноллаевна
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі жүктеу
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі слайд жүктеу