Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаяны | туралы қазақша
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы январьдың жаңаша 28-інде, ескіше Торғай уезі, Торғай облысында туған. Руы қазақ ішінде арғын. Ахметтің əкесі Байтұрсын Шошақұлы, арғын ішінде беделді, аталықты, елдің бас адамы болған. Байтұрсынның Ақтас деген інісі болған. Байтұрсын, Ақтасты бұрынғы Ақмола, Торғай облысында білмейтін адам шамалы болуға тиіс.
Байтұрсын, Ақтас атағын шығаруға зор себеп болған нəрсенің біреуі мынау: 1885 жылдың 12 декабрінде, Байтұрсын ауылы Жыңғылды деген өзенде күзектеп отырғанда, сол ауылға Торғайдың ояздық нəшəлнігі Яковлев келеді. Яковлевтің келетін себебі Байтұрсынды ұстау болса керек. Ұстайтын себебі Ақтас, Байтұрсын елде мықты, тізелі адам болумен қатар, үкіметке де көбіне бағынбауға айналған. Байтұрсынның қолында ұры боп тұрып, Байтұрсын аулауға кеткен соң, Торғайдан қашып, Қызылжар (Петропавл) уезіндегі атақты Торсан деген адамды паналаған. Мамай дейтін шалдың айтуына Қарағанда Байтұрсын өзіне беттеген адамды ұрлықпен құртатын кісі болған. Ол кездегі қазақтың «Жақсыларының» ұрлықпен, барымтамен кек алу дағдысына айналған ғой. Яковлев осындай себеппен Бірімжан сықылды төрелердің (Бірімжан төре Жəнібек батырдың тұқымы. Байтұрсын елді өзіне қаратып, Бірімжанның, Сəрдербектің шенін тартып алған) көрсетуі бар, үкіметтің қырын қарауы бар сол істерде Байтұрсынды жауапқа тартуға келген тəрізді.
Байтұрсын мен Ақтас Яковлевке көнбей, араларында жанжал шығып, төбелес болған. Байтұрсын Яковлевтің басын жарған. Бқл жолы Яковлев қаласына қайтып, артынан əскер жіберіп, Байтұрсын мен Ақтасты ұстатқан. Артынан бір жылдан соң Қазанның округтық соты тергеп, екеуін де 1886-жылы 15 жылға Сібірге жер аударуға, мал-мүлкін кəнпескелеуге қаулы қылған. Ахмет бұл кезде 13 жаста. «Маса» дейтін өлең жинағындағы «Анама хат» деген өлеңінде: «Он үште оқ қадалды жүрегіме», – дейтін Ахметтің себебі осы.
Байтұрсынның елде Ерғазы дейтін немере інісі қалады. Бастық адамдары жер аударылып, мал-мүліктен айрылып, «дос-жарандар» бытырап, Байтұрсын тұқымына жүдеушілік кірген сің, Ерғазы Байтұрсын мен Ақтастың балаларын оқытуды ойлайды. Оқытқанда орысша оқытуға ойлайды. Үйтетін себебі, сот болғанда орыстың тілін білмегендіктен Ақтас пен Байтұрсын көп кемшілік көреді. Ерғазы көп кідірмей-ақ, Байтұрсын, Ақтас айдалған жылдың күзінде Ақтас баласы Аспандиярды, Байтұрсын баласы Ахметті Торғайдағы қазақ балаларына арналып орыс тілінде ашылған екі кластық шкөлге береді.
1891 жылы Ахмет ол мектепті бітіреді де, сол жылы Орынборға барып Орынбордағы қазақ балаларына арналған ушителдік көріске кіреді. Бұл көрісті ол 1895 жылы бітіреді. 1895 жылдан 1909 жылға шейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ушител болады. 1909 жылы Ахметті Шыңғысұлы Тəттімбет дейтін жандармада қызмет қылатын адам «Патшаға қарсы» деп көрсетіп, Ахметті жандарма июльдің бірі күні абақтыға жауып, Ахмет 8 айға жақын абақтыда отырып, 1910 жылдың 21 февралында босады да, Орынбор кетеді. 1910 жылдан 1913 жылға шейін Aхмет көбінесе қазақ тілінің құралын, жаңа қазақша мектеп ашудың жолын жоспарлайды. Ара-тұра өлең жазады. Оның тіл туралы сол кезде шығатын «Айқап» журналының 5-6-7 санында мақалалары шығады.
Өсіп келе жатқан қазақ капиталистерінің тілегін «Айқап» қанағаттандыра алмағанын, ол кездегі оқығандар «Айқап» бетінде гəзет шығару əңгімесін қозғайды. Осы əңгіме қорытылып кеп, 1913 жылы февральдан бастап, Орынборда «Қазақ» атты гəзет шығатын болады да, Ахмет соған редектір сайланады.
1913-жылдан февраль төңкерісіне шейін Ахмет «Қазақта» редектір бол «Қазақта» редектір боп тұрған күнінде Ахмет, патша үкіметіне қарсы жазған неше мақалалары үшін əлденеше рет штрап тартады. 1914 жылы «Қазақ» 80- санында жазылған бас мақала үшін салынған 1500 сомды төлемей Ахмет абақтыға түседі де, артынан оқығандар əлгі ақшаны төлегесін, аз күн отырып шығады.
Февральдан кейін Ахмет, қазақ байларының партиясы «Алашорданы ұйымдастырушы адамның біреуі болады. «Алашорданың» Орынборда бола бірінші съезін басқарады. Сол съезде ушредительное собраниеға (Құрылтайға) член боп сайланады. Ресейде азамат соғысы ашылып, пролетариат байлар табы мен қандасқан уақытта, Ахмет орыс жанаралдарынан құрылған колчак үкіметін қолдайды, жанарал Дутовпен бірігіп, алаш əскерін қуып, Дутовқа қосады. Большевикке қарсы «Қазаққа» əлденеше мақала жазады.
1919 – жылдан бастап большевиктер қанатын кең жайып, генералдарды жан-жаққа қуа бастағасын, генералдар баскарған үкіметтің құлауына көз жеткен соң, Алашорда көсемдері ақылдасады да, түбінде кеңес үкіметі орнап қалса қиын болар деп, Міржақып сықылды адамдарды əскер мен майданға соғысқа тастап, Ахмет 1919 жылдың мартында Мəскеуге аттандырады. Ондағы ойлары большевик ала қалса жан сақтау.
Байтұрсынұлы Мəскеуге барғаннан кейін бір жағынан Кеңес үкіметімен сөйлес қылады да, екінші жағынан Кеңес үкіметіне келешекте қарсы болатын Алашорданың жасырын ұйымын ашуға ойлайды, соған жоспар құрады. Өзі коммунис партиясына кіруге талап етеді. Ондағы ойы жаңадан жасаған жоспарын жарықка шығару. Бұл туралы жолдас Голощекиннің «Еңбекші қазақ» газетінің 1930 жылы шыққан 229-санында басылған мақаласында толық айтылған.
Кеңес үкіметімен сөйлес қылғаннан кейін, Ахмет Алашорда мүшелеріне, көсемдеріне кешірім жариялатқан: содан кейін Қазақстан автономиясын ашу мəселесін сөйлесіп, автономия берілетін болғаннан кейін Орынборға келіп, партияға кірген.
1920 жылы болатын Қазақстанның бірінші Кеңестер съезінде Ахмет Қазақстан үкіметіне мүше, жаңа оқу комиссары болды. 1921 – жыл комиссарлықтан түсіп, Қазақстан білім комиссиясына бастық болды. 22 жылы Ахмет коммунистік партиядан шықты. Бірақ білім комиссиясынан түскен жоқ, бұл кезде Ахмет қазақ институтында оқытушы да боп тұрды.
1928 жылы Ахмет білім комиссиясынан босатылды да, Алматы қаласында ашылған бірінші қазақ университетіне қазақ тілінен оқытушы есебінде Алматы кетті. 1929 жылдың басында, Кеңес үкіметіне карсы жасырын ұйым жасағандығы айқындалғасын абақтыга алынды. Қысқаша айтқанда, Ахметтің өмірі осы.
#Ахмет #Байтұрсынұлы #өмірбаяны