Kaspi.kz шоттағы «ақшалардың жоғалуына» қатысты пікір білдірді

0
336
Advertisement

Kaspi.kz клиенттерінің ақшасы шоттарында сақталады. Бұл туралы банктегілер айтты.

Банк өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«28 қазанда Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болды. Қосымша істен шығу нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаражат дұрыс көрсетілмеді. Өкінішке қарай, карталармен төлеу, банкоматтардан ақша алу немесе картаға ақша жіберу, төлемдер мен аударымдар уақытша мүмкін болмай тұр. Компания ақауды жою үшін жұмыс істеп жатыр», – деді банктегілер.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екені туралы жалған хабарламалар тарап жатыр.

«Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі», – деді Kaspi.kz өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Kaspi.kz қазақстандықтардың шағымына жауап берген еді

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз