Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою)
ТАЛШЫБЫҚ — қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын деп қойылған есім.
ТАЛШЫН – ағашының бір түрі. Әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.
ТАМАРА — көне еврей тіліндегі құрма ағашы.
ТАМАША – көріністік, ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.
ТАНА — ақықтан жасалған үлкен жалтырауық түйме.
ТАҢСЫҚ — құмар, әуес; сирек зат.
ТАҢШОЛПАН — таң жұлдызы, жарық жұлдыз.
ТӘБИБА — араб тілінен — емші, дәрігер.
ТӘБИЛА — араб тілінен — ұзақ, ұзағынан берген (өмір).
ТӘБИЯ — араб тілінен — қорған, қамал, бекініс.
ТӘЖІГҮЛ — иран тілінен алынған тадж — тәж + гүл; тәждегі гұлдей әдемі сұлу.
ТӘЛИПА — араб тілінен алынған таалип — талапкер, талаптанушы, білім іздеуші; сұраушы; студент.
ТӘМИЛА — араб тілінен — тау кептері, көгершін.
ТӘНЗИЛА — араб тілінен — әмір, бұйрық.
ТӘНЗИЯ — араб тілінен — тазалық, пәктік.
ТӘРБИЕ — араб тілінен — тәртіп, ауыспалы мағынасы ұлгі — өнеге.
ТӘТТІБАЛА — сүйікті, сүйкімді қыз бала.
ТЕҢДІК — бостандық, еркіндік, тең құқықтық.
ТОҒЖАН — әлді, кұйлі, көңілге тоқ, толымды болсын деген мағынада.
ТОЙБАЛА — той күні туған қыз бала.
ТОЛҒАНАЙ — толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
ТОЛҚЫН — теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.
ТОРҒЫН — үлбіреген жұқа жібектің бір түрі.
ТОРЫМБАЛА — көне түркі торым — бота, ботақан + бала.
ТОТЫ — тоты құс, сандуғаш. Бұл есім шешендік пен сұлулықтың, ұзақ өмірдің бейнесі ретінде беріледі. Синонимі — Тотия.
ТҰРҒАН — берік тұрып қалған, тоқтаған.
ТҰРСЫНАЙ — ай сияқты мәңгі өмір сүрсін, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойылған есім.