Өлең: Күләш Ахметова (Қазақ қызы)

0

Өлең: Күләш Ахметова (Қазақ қызы) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Қазақ қызы) на казахском языке

Қазақ қызы!
Көрмедім мен осындай қайраткерді,
басқар десе, басқарды аймақты, елді.
Бесігін де тербетіп, үйін де ұстап,
айда десе, комбайн айдап берді.
Қорға десе, Отанды, басын тікті,
атын жазып кітапқа асыл түпті.
Қазақ қызы жасаған ерліктерге
қайран қалды басы асау ғасыр тіпті!
Ұға білген мезгілдің кезеңін кең,
өлең жазса, өрнекті сөзі өрілген.
Күте білген ақылмен азаматын,
қиындыққа сабырмен төзе білген.
Білінбеді — биік пен алысты алса,
үндемеді бәйгеден қалыс қалса.
Қалпағы бар жігітке шаң қаптырған,
қазақ қызы бұрқанып намыстанса!
Ел анасы — баулыған батыл ұлан,
ерлігіне бермеген жақыны мән.
Бас жүлдені алады, жарыстарға
қатыстырса — көркінен, ақылынан!
Ғылымы жоқ меңгеріп, бой ұрмаған.
Ұлылықпен қозғаған ойын қоғам.
Қазақ қызы —
қазақтың мақтанышы,
ерлігіне ескерткіш қойылмаған!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!