Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Р әрпі бойынша ат қою)
РАЙГҮЛ — араб тілінен — райхан гүлі.
РАЙСА — грек тілінен — биязы, жұмсақ, жөн білгіш.
РАЙХАН — араб тілінен — хош иісті гүл.
РАСИМА — араб тілінен — рәсім, әдетті берік ұстаушы.
РАУЗА — араб тілінен — бақша, гүл бақшасы, көгал; көрікті.
РАУШАН — иран тілінен алынған рәушан — жарық, нұрлы, сәулетті; айқын, таза.
РАФИХА — араб тілінен алынған рафих — қайырымды, жомарт, мәрт; серік, жолдас, дос; көңілдес, яғни қайырымды, жомарт, дос қыз.
РАХИЛА — араб және тәжік тілдерінен — пысық, елгезек қыз.
РАХИМА — араб тілінен — мейірімді, қайырымды, рақымды.
РАХИЯ — араб тілінен — көңіл аударушы, сүйкімді, әсем.
РАШИДА — араб тілінен алынған рашид — бастаушы, бағыт беруші.
РӘБИҒА — араб тілінен — төртінші, төртінші қыз; көктем, көктем кезі; жолдас, серік.
РӘЗИЯ — араб тілінен — жағымды, ұнамды, сүйкімді, сүйікті; риза, разы, қалаулы.
РӘШ — араб тілінен — сіркіреп жауған жауын.
РОЗА — Роза гүлі атынан қойылған.
РУСЛАНА — көне түркі тілінен— Руслан есімінен қойылған қыз есімі.
РУФИЯ — иран тілінен — алтын немесе күміс тиын.
РУХИЯ — иран тілінен — көңіл-күй, рух.