Дипломдық жұмыс: Философия | Бахаи сенiмi

0

Мазмұны

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанда бахай сенiмi аз зертелген. Бұл тақырыпты Трафимов, Артемьев, Ғ Есiм Соңғы уақыттарда елімізде адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдеп жатқаны байқалуда. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әртүрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда. Нәтижесіз де емес. Бұл діни идеялардың Қазақстан халықтарының рухани сезімдерімен үйлесетіндері де, үйлеспейтіндері де бар. Сондықтан да дін дегеннің не екенін танып білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік.
Жүргізілген зерттеулердің көрсеткіші бойынша бүкіл республика территориясында 46 конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік әрекет етеді.Соңғы деректер бұл көрсеткішті 2504 ке жеткізіп отыр /1/. Бұл біздің елімізде діндердің түрінің өте көп екендігін дәлелдейді.Қазақстан секілді жас, әрі халық саны да аз мемлекет үшін бұл көрсеткіш қауіпті сияқты. Сонымен қатар осы саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екенін, олар қандай идеяларды насихаттайтынын және олардың идеяларын қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалуда. Радио, теледидар және баспасөз арқылы берілетін хабарлар үстірт, тек таныстырумен шектеледі.Еліміздегі діни ахуалды терең ұғынып, оған жан-жақты баға беру дінтанушы ғаллымдардың негізгі міндеті болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы Бахаи Ұйымы жұртшылықтың назарын өзіне әжептеуір аударуда.Бұл ұйым Қазақстанда заңды түрде тіркеліп, жұмыс жүргізуде.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бахаиліктің Қазақстан жеріне келу тарихы сонау 1938-39 жылдарға тура келеді. Өйткені осы жылдары Орта Азия мен Кавказ аймақтарында тұратын бахаилерді біздің елдің солтүстік жақтарына жер аударады. Бұл діни ағым Қазақстан жерінде соңғы он жылдықта әрекет етіп келе жатқандықтан бұл тақырыпқа арналған арнайы ғылыми еңбек жоқтың қасы.
Бахаилік жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары өз еңбектерінде орын бергенімен арнайы зерттеу жасалмаған. Орыс ғалымдарынан Бахаулла және оның діни іліміне қатысты арнайы зерттеу жасап , еңбек жазған Базиленко И.В болып табылады. Ғалым «Бахаизм: история вероучения (середина XIX- начало XX в)» атты еңбегінде бахаилікті тарихи тұрғыдан қарастырып, әлемдік діндер қатарына енуге ұмтылып жатқан діни – саяси ілім деп айтады. Ал Қазақстанда Трофимовтiң “Религии в Казахстане”, Артемьв А.И “Религии в Казахстане”, “Религиоведение” Артемьв А.И және Ғ Есiм “Дәнтану негiздерi”.
Бахаиліктің Қазақстандағы жағдайына қатысты Алматы қаласындағы Бахаилердің Ұлттық Рухани Мәжілісінен алынған деректер қолданылды.
Зерттеудің мақсаттары:
1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы Бахаилік ағымының даму ерекшелігін зерттеу.
2. Бітіру жұмыс діннің мәнін ашып, Бахаилікті Қазақстанның рухани өміріндегі жаңа құбылыс ретінде қарастырып жан-жақты мазмұнын айқындауға ұмтылады.
3. Бахаилікті Қазақстандағы жұртшылықтың қабылдау себептерін айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Республикадағы діни жағдайлардың мәнін ашу. Дін мәселесін шешудегі негізгі түйін халықтар арасындағы өзара достық пен түсіністікті сақтау екенін көрсету.
2.Қазақстанда пайда болған жаңа діни ағымдардың бірі болып табылатын Бахаиліктің даму табиғатын ғылыми тұрғыдан талдау. Сенім негіздерін тереңінен зерттеу.

1 Бахаи сенiмiнiң шығуы мен қалыптасуы
1.1 Бахаи сенiмiнiң пайда болуының тарихи-мәдени алғы шарттары.
Иран кең таулы үстiрттерден, айналасы биiк таулармен қоршалған, мемлекеттiң ортасында Үлкен Тұзды шөл орналасқан, солтүстiгiн – Каспий теңiзi мен Тұран шөлi, оңтүстiгiн – Парсы шығанағы және Үндi мұхиты алып жатыр.
Бахаи сенiмiн қандай жағдайда пайда болғанын бiлу үшiн, XIX ғасырдың басында барлық Ортаңғы Шығыс саяси, экономикалық, әлеуметтiк құлдырауды басынан өткiзгендi ескеру қажет.
Өткеннiң үлкен өркениетiн қалыптастырған Иранның халқы 1800 жылы әлсiреп, әлем тарихынан айрылған. Кейбiреулерi байлықта шомылса, ал көпшiлiк халық кедейлiк, ауры және надандықты бастан кешiрген. Сыбайластықтың әсерiнен реформалар тоқталып, парақорлық пен мұлiктi билiкпен қиянат етушiлiк кең өрiстедi.
Иранның көбiсi – мұсылмандар, бiрақ мемлекетте зороастризм, иудаизм және христиа дiнiн ұстанушылар кездеседi. Сол кезде осы дiндер арасында бiр-бiрiне деген шыдамсыздық болды. Сонымен қатар, Парсы жерi ислам үшiн де, христиан үшiн де өте маңызды, өйткенi бұл мемлекет екi дiннiң де Қасиеттi Жазбаларында кездеседi./2/
Бахаи сенiмi Бiр құдайдың бар екенiн қуаттап, Оның пайғамбарларының бiрлiгiн мойындап және бүкiл адамзат тұқымының бiр және бiртұтас екенiн уағыздайды. Ол адамзаттың бiреуiнiң қажеттiлiгi мен Оның мiндеттi түрде орындалатындығын мойындайды. Ол уақыттың жақындағанын және де Құдайдың өзгертушi рухының, Оның таңдаған Жариялаушысының көмегiмен iске асатындығын жариялайды. Сонымен қатар, Бахаи сенiмi өз жақтаушылырына әртүрлi ескi сенiмде мен пiкiрлердi сынай отырып, ақиқатты тәуелсiз iздеудi негiзгi мiндет ретiнде тапсырады; дiннiң мақсаты достық пен келiсiмдiлiктi бекiту деп мәлiмдейдi; Өзiнiң ғылымға қарсы еместiгiн, оны адам қоғамымының дамуының, үйлесiмдiлiгi мен реттiлiгiнiң басты құралы ретiнде сынайтындығын жариялайды. Ол ерлер мен әйелдер теңдiгi және тең мүмкiндiгi бар деген қағидаларды толлық қолдайды; жалпы бiлiм берудi жақтайды шектен тыс байлық пен кедейлiкке қарсы шығады; дiн институттарын жояды; құлдық, сопылық, қайыршылық пен тақуалыққатиым салады; бiр неккелiктi тапсырады; некке бұзуды айыптайды; өз үкiметне қатаң бағынудың қажеттiлiгiн ескертедi; еңбек қызметiнiң барлық түрiн құптайды; оны құдайға сиынумен тең деп санайды; халықаралық көмекшi тiлдi жасауды немесе көп тiлдердiң бiрiн осы рөлде пайдалануды ұсынады және бүкiл әлемде бейбiтшiлiк орнатып, оны сақтайтын институттардың нұсқауларын бағдарлайды.
Бахаи сенiмi үш басты тұлғалармен байланысты, олардың бiрiншiсi Шираз жiгiтi Сейд Али Мұхаммед. Ол саудагерлердiң жанұясында туылғанымен, оның руы Мұхаммед (Ғ.С) ның ұрпағына жататын. Ол жас кезiнде әкесiнен айырылып, ағасының қолында өседi. 1844 жылдың 23 мамырында 25 жасында өзiн жариялаушымын деп мәлiмдедi. Ол өзiн Баб “қақпа”лауазыммен атады. Парсы жерiнде пайда болған Бабтың iзбасарлары бабилер деп аталады. Жаңа және жас Пайғамбардың даңқы бүкiл әлемге тарала бастады. Бабтың алғашқы 18 шәкiртi (ал Өзi он тоғызыншы)“Тiрiнiң Қарпi” деген атпен белгiлi болды. Баб өз шәкiрттерiн Парсы мен Түркiстанға оның келгендiгi туралы хабарды тарату үшiн аттандырды. /3/
Алайда Баб өзін Мехди деп атаумен ғана шектелген. Ол өзіне Ноктэе-Улла немесе Тұңғыш нүкте деген мәртебені қабылдап алды./4/
1844 жылдың желтоқсан айында Баб Меккеге барып, өзiн қажылыққа келген бүкiл халықтың алдында өзiн Мехди деп жариялады..Бұл хабар Иран жерiнде үлкен уайым тудырды. Бабты тындауға көптеген халық жиналып, оның даңқы күннен күнге өрбей түстi. Байлар мен кедейлер, оқығандар мен сауатсыздар, қала халқы мен ауыл тұрғындары-барлығы көбiрек бiлу үшiн жинала бастады. Бабтың шәкiрттерiнiң арасында бiрнеше ғалымдар мен лауазымды дiни қызметкерлер болды. Оның бiлiмi, даналығы, ерлiгi үлкен үрей мен араздық тудырды.
Шейиттер, жоғары дiнбасылар Оған ауыр айып тақты, Олар Бабтың iлiмiн күпiрлiк деп, оның шәкiрттерiн дiннен безгендер деп олардың жазалануын талап еттi.
Бұл араздықтын себебiн бiлу үшiн Бабқа шах Вахид жiберiлдi. Вахид бiлiмдi, дана, аса құрметтi адам болды. Вахид Бабпен үш рет кездескеннен кейiн ол оның шәкiртiне айналып, осы сенiмдi насихаттай бастайды. Бұл хабарды естiген Уәзiр Бабты мемлекеттiң солтүстiк шекарасының маңындағы Ма-Ку қамалына жiбередi.
Қатаң күзет қойылған қамалдың бөлектенген iшкi әлемiнде өзiнiң серiктерiмен байланысы үзiлiп, оның iсi өшедi деп есептеген үкiмет басшыларының үмiттерi аяқталмады. Жайдары мiнездi Баб күзеттiң жүрегiн жаулап алды. Қамал басқарушысының келiсiмiмен онiң шәкiрттерi ұстаздарына қатынасып тұды.Бабтың iсi өшудiң орнына бұрынғысынан да жылдам қарқынмен өстi.
Бұл жағдай үкiметтi қатты алаңдатты. Ма-Ку қамалындағы тоғыз ай қамаудан кейiн, талаптары қатал да, азапты Чихриг түрмесiне ауыстырылды.
Жаппай қырғынға ұшырау да, бабилердi қатаң аңдуға алу да, тiптi Бабтың өзiн қамауда ұстау да, оның iлiмiн тоқтата алмады, дәрмендерi жетпеген үкiмет Баб қозғалысының ақыры Бабты жазалау деп шештi./5/
1850 жылғы шiлде айының тоғызында Баб отыз бiр жасқа қараған шағында, ашынған қуғыншылардың құрбаны болды. Онымен бiрге Бабтың азабын бiрге бөлiсудi өз еркiмен, бар ынтасымен қабылдап алған Аға-Мұхамед-Әли деген шәкiрт те қаза тапты.Баб Тебриздегi ескi Абақты алаңында өлiм жазасына кесiлдi./6/
Азаппен өлтiрiлген Бабтың мүрдесi және Онымен бiрге қаза тапқан iзбасарларының денесi қала сыртындағы апанға тасталды. Келесi түнi бiрнеше бабтықтар өлiктердiң денесiн тауып алып, Парсының құпия қоймаларында ұзақ жылдар сақтады да, ақырында зор қиындық көре отырып, Баб пен оның шәкiртiнiң мүрдесiн 1899 жылы Қасиеттi жерге жеткiзедi, ал 1909 жылы Кармель тауыныңбөктерiнде, Илия үнгiрiне таяу тұста жер қойнына берiлдi.
Баб жазбаларының саны көп. Бабөз аяндарын араб және парсы тiлдерiнде жазған. Ол өзiнiң терең тұжырымдарын мейлiнше шапшаң, алдын-ала ойланып отырмай-ақ жазды.Жазбаларының мазмұнының тереңдiгi мен дұғалар тiлiнiң әсерлiгi-Оның Құдай рухынан қуат алғандығының айқын дәлелi.Өз жазбаларында Баб шәкiрттерiнiң туысқандық сезiмiмен, iзеттi қылықпен ерекшеленiп тұруы қажеттiгiн айтып кетедi.
Ескi аяндардың киелi жазуларына сәйкес Ол өзiнен де жоғары Оның келетiнiн хабарлап, оған жағдай туғызатынын жариялайды, ал Жоғары ол болса, тағы да сол жазуларға сәйкес Құдайдыңбар әрекеттерiнiң ең биiк Шыңы ретiнде қуаныш пен қарсы алынатын, дүниежүзiлiк дiн тарихындағы жаңа кезеңдiашатындәуiрдi-жақсылық пен бейбiтшiлiк дәуiрiн ашуға мiндеттi дедi.

1.2 Бахаулла Бахаи сенiмiнiң негiзiн қалаушы.
Келедi деп Баб болжаған Бахаулла, яғни “Құдай даңқы” деген лауазымды қабылдаған Мырза Хұсеин Әли – мемлекет министiрi қызметiн атқарған Мырза Аббастың үлкен ұлы едi. Ол Парсының астанасы –Тегеранда, 1817 жылы 12 қарашада таң алдында дүниеге келдi.Ол еқашан мектептiң табалдырығын аттаған емес, үйде ғана аздаған бiлiм алды. Бiрақ ол сәби кезiнен бастап асқан зеректiк танытты. Ол бозбала шағына жеткенде әкесi қайтыс болып, iнi қарындастарына қамқорлық Бахаулланың иығына түстi.
Ерекше қабiлеттерi Оның шектен тыс тәкәппарлығын оятпады. Ол кiшiпейiл әрi қайырымды болатын. Оның талғамы да қарапайым болатын. Ол табиғатты, құстарды, ағаштарды, гүлдердi,аңдарды жақсы көретiн және уақытын сарайдан гөрi қаланың сыртында өткiзгендi қалайтын.Ол ақшаға қызыққан емес, кедейлер мен жарлыларға жұмсайтын сол кездiң дәстүрi бойынша Ол ерте үйленген едi. Оның әйелi де бай отбасынан болатын, бiрақ оның талғамы да қарапайым едi. Өздерiнен гөрi өмiрде әлдеқайда нашар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар бiрiгiп жұмыс iстедi. Олардың үйлерiнiң есiгi әрқашан тамақ iздеген, баспана мен көмек сұрағандарға ашық болатын. Оларды “Кедейлердiң Әкесi мен Шешесi” деп атады. Бахаулланың әкесi қайтыс болғаннан кейiн, оған оның сарайындағы орнын ұсынды, дегенмен Ол болса бас тартты. /7/
1844 жылдың жазында, Баб өзiнiң мiндетiн жария еткеннен үш ай өткен соң, Молла Хұсейiн Бабтыңүндеулерi бар шиыршықталған бұлама қағазды Тегеранға әкелдi және оның Бахаулланың қолына түсуiн қадағалады. Бахаулла шиыршықталған бұлама қағазды оқығаннан соң, Бабты мойындап және Оның iзбасары болды. Сол кезде Бахаулла жиырма жетi жаста едi. Бахаулла Бабпен ешқашан кездескен емес, бiрақ, онымен әрдайым хат алысып тұрды, бар жанымен оның iлiмiн қолдап және оны таратуға ұмтылды. Нәтижесiнде, Ол көпшiлiк әлi жөндi бiлмеген қозғалыстың қатарында болып шықты, мұның мүддесi болса мұның өз тобының мүдделерiне қарама-қарсы едi.
Қорықпайтын, қажымайтын Бахаулла бабтықтарға қолдау көрсетiп, оларға көмектесiп әрi құнды ақыл-кеңес берiп тұрды. Баб Өзiнiң тез арада өлетiнiн түсiнгенде, Ол Бахауллаға өзiнiң мөрi, қағаздары мен хат жазатын қаламдарын берiп жiберген едi. Бахаулланың нұсқауы бойынша, Бабтың мүрдесi Тебризден әкелiнiп, сенiмдi жерде сақталынған едi.
1852 жылдың тамыз айында бабтықтарға кейiн ауыр зардаптар әкелген бiр оқиға болды. Садық есiмдi Бабтың жас iзбасарларының бiрi, сүйiктi Ұстазының азапты өлiмiнен есеңгiрегенi сонша есiнен айырылып кек қайтаруға шешiм қабылдайды: ол шахты алдап содан соң оған қастандық жасайды. Бiрақ мылтығына оқтың орнына бытыра салып атқандықтан шахты бұл ауыр жарақаттан сақтап қалды. Садық сол жерде ұсталынып және сол жерде өлтiрiледi. Бабтың барлық iзбасарлары осы оқиғаға қатысы барлар деп әдiлетсiз айыпталынады да, бабтықтарды бас-басына өлтiру сойқаны басталады. Сексен адам дереу ұсталып, азапты өлiмге бұйрылады, басқалары болса ұсталынып, түрмеге тасталады, бұлардың iшiнде Бахаулла да бар едi.
Бахаулланы қамаған Сиях-Чаль түрмесi, алғашқыда қаланың бiр көпшiлiк моншаларының үлкен ыдысы ретiнде ойланып жасалынған едi. Оны мүлде қараңғы дәлiзден өткiзiп, үш баспалдақтан төмен қарай жердiң астына түсiрдi. Зындан қараңғы, дымқыл әрi құрт-құмырсқаға толы болатын. Мұнда, киiмсiз, ешқандай төсек –орынсыз жүз елу адам безгектен қалтырап жатыр едi. Басым көпшiлiгi кiсi өлтiрушiлер, ұрылар мен бұзақылар едi.
Бахаулла да кiсенделiнген едi. Оның иығында зiлдей ауыр шынжыр Ол не тұра алмай, не жата алмайтын етiп бекiтiлген. Бұл шынжырлардың Оның денесiне әбден батқаны сонша, одан қалған белгiлердi Ол өмiрiнiң соңына шейiн алып жүрдi.
Бахауллаға деген құрмет зор едi, сондықтан билеушiлер Она азаптап өлтiруге бата алмады.
Күн сайын күзетшiлер бабтықтардың бiреуiн азаптауға және өлтiруге алып шығып отырды. Әрдайым, кезектегi бабтықты өлтiруге келгенде, ол Бахаулладан бата сұрайтын да содан соң өлiмге қарсы қуана шығып отырды.
Осындай жағдайда Бахаулла түрмеде төрт ай өткiздi. Ол одан шыққанда, Оның денсаулығы қатты зақымдалып, мойны қажалып, арқасы бөкiрейген едi.
Сиях-Чаль түрмесiнде Бахаулламен Оған- “Кiмдi құдай ашса, Сол” екенiн түсiндiрген керемет оқиға болды; келуi туралы Баб болжамдап айтып кеткен Арман Етiлгеннiң өзi едi.
Бахаулла қараңғы қапаста басынан не өткенiн, алғаш рет өзiне тағайындалғанды ұсынғанын былай деп суреттеген:
“Бiр күнi түнде, түсiмде, Маған жан-жағымнан мынадай асқақ сөздер естiле бастады: “Ақиқатында, бiз Саған және Сенiң қаламына жеңiстi сый ретiнде тарту етемiз. Сенi осы құбылжытулар қамықтырмасын және қорықпайтын бол, өйткенi Сен қорқатындай ештеңе жоқ. Жуық арада Құдай жердегi қазыналарды көрсетедi, Сенiң атыңмен және Сенiң Өзiң арқылы Саған көмектесетiн, Құдай Өзiне сенетiндердiң жүрегiн тiрiлтетiн- адамдарды ” Мен Тегеранда өткiзген сол күндерде, шынжырдың ауырлығынан Мен қан жұтып жатқанымда маған сасық қапаста кқзiм бiр сәт iлiнген тұста тау шыңынан құйғытып келе жатқан жойқын ағыс тәрiздес бiрдеңе қараңғыда кеудеме жойылып бара жатқандай болатын. Сол кезде Менiң бүкiл денем жалынға оранып, ал аузымнан жай адамның естуiне болмайтын сөздер шығып жататын”.
“Уа Патша! Мен, басқалар тәрiздi өз төсегiмде жатқан адамдардың бiрi болатынмын, бiр мезетте Ең Даңқтың самал желi менi желпiп алды да, болғанның бәрiн бiлуге үйреттi. Бұл Менен емес, бiрақ, кiм Ең Құдiреттi әрi бәрiн бiлушi болса Содан. Сондықтан, Ол маған жер мен көктiң арасында өзiмнiң даусымды шығаруыма өмiр еттi, және осы үшiн менiң пешенеме мынау жазылды, ақыл-санасы бар ерлердiң көз жастарының аққаны да содан болатын… Оның Бәрiне бағындыра алтын өмiрi маған жетiп, содан соң адамдар арасында сөйлеуге мәжбүр еттi. ”
Бахаулла өзiнiң өмiрiнiң әлдеқайда кейiнгi кезеңдегi шахқа жазған хатында бұл оқиғаны осылай суреттеген.
Оны түрмеге қамағандар болса, Оның шахқа қастандық жасалуына қатысы бар екенi жайлы дәлел таба алмады. Шахтың сарайындағы орыс елшiсi- Д. И. Долгоруков Оның шахқа қасы арандаушылыққа қатысы жоқ екенiн дәлелдеп және Бахаулланы босатып алуға өзiнiң ықпалын жұмсады. Шах бiраз ойланып барып Бахаулланың түрмеден босатылуына келiстi, бiрақта Бахаулланы Иракқа, Мессопатамияға жер аударуға өмiр еттi.
Сонымен , 1852жылдың желтоқсанында Оның Сиях-Чаль деген атпен белгiлi болған сұмдық шұңқырда қамалуы аяқталған болатын. Дегенмен, дәл осы жер астындағы қамауда, “моладай қара түнекке оранған, сасық иiсi мұрын жарған , суық пен дымқылдан аяғы кiсенге шегеленiп тасталған”, Оған бахаи Ашылымының нақты басы ашылған болатын.
Бахаулланың Парсыдан жер аударылғанын естiген Долгоруков оған Ресейден баспана және көшiп келу кезiнде күзетке алдыруға ұсыныс жасады. Дiннiң негiзiн салушыға үкiмет тарапынан баспана беруге дайын болып және оны босату жөнiнде өтiнiш бiлдiрген жалғыз Ресей мемлекетi ғана болатын. Шах айтанға көнiп тұтқынды босатты, бiрақ Бахаулла орыс елшiсiне алғысын бiлдiрiп, ұсынған көмегiнен бас тартты- Ол шахтын Бағдатқа жер аудару туралы бұрығына мойынсұнды. Жер аударылудың алғашқы кезiнде Долгоруковтың бұйрығы бойынша Бахаулланы орыстың дипломатиялық корпусының ресми өкiлi тұтқынға ерекше қамқорлық көрсетiп ерiп отырды.
Бахаулланың жер аударылуы жаңадан туған дiни қозғалысқа Батыстағы жаңа толқынның қызығушылығын тудырды. Сол уақыт аралығында Бағдаттан Палестинадағы Акка қаласының түрмесiне ерiксiзден ел кезуге мәжбүр болған тұтқынды шетел дипломаттары мен тарихшылары өз мемелекеттерiнiң үкiметiн Парсының дiни өмiрiндегi ерекше маңызды көрiнiсiн хабардар етiп отырған.
Бахаулла бүкiл мүлкiнен айрылған болатын, сондықтан Ресейдегi баспана мүмкiндiгiнен гөрi Ираннан жер аударылғанды артық көрiп, отбасыларымен бiрге Парсыдан кету үшiн бiр айға мұрсат алды.
Оның жекеменшiгiнiң бәрi тәркiлендi, сондықтан, Бахаулла жолға дайындала алмады. Қыстың ортасы едi, қатты аяз болып тұрды, Бахаулланың әйелi Наввабтың екiқабат болғанына жетi ай болатын. Өзi де ауырып, Бағдатқа дейiн созылған жол да үш айды алды. Қуғындалғандар қар басқан таулармен, теңдеп жүк артылған жеңiшке соқпақтармен жүрiп отырды, түндерiн қарапайым жәй баспаналарда, ұйықтауға еш жағдйы жоқ және тамағы да жеткiлiксiз жерлерде өткiдi.
Ауырып әрi шаршап-қалжыраған Бахаулла Бағдатқа 1853 жылдың 8- шi сәуiрiнде жеткен едi. Орнына келiп жеткен соң, Оның жолдың азабын көтеретiнiне, не болмаса тiрi қалатынына сенуден үмiттер үзген болатын. Дегенмен Ол есiн жия алды да Иракта он жыл тұрды.
Бiраздан соң, басшысыз құлдыраған, қамыққан Ирактағы бабтықтардың қауымдастығында Бахаулланың әсерi сезiле бастады. Дегенмен, Өзiнiң адамдарға әсер еткенiне туған iнiсi қызғана қараған соң, бабтықтардың арасында алауыздық пен ренiштiң себебi болғысы келмей Бахаулла қаланы тастап кетуге мәжбүр болды. Бағдатқа келгенiне бiр жыл өткен соң, бiр күнi түнде Бахаулла қаладан кетiп қалды.
Келесi екi жылын Ол Күрдiстан тауында саяқ тұрып өткiздi. Саяқтұрып жатқанына қарамастан, Бахаулла Өзiнiң мейiрiмдiлiгi мен даналығының арқасында, тез арада олардың арасында белгiлi болды. Сол аймақтың оқымысты адамдары Онымен кездесуге құштар болды. Оны оқымыстылар ғана емес, қараңғы адамдар да оны сондай тең дәрежеде сыйлап, әрi әулие кiсi жайында атақтез арада Бағдадқа да жеттi. Әдеттен тыс тақуа адам жайында естiген Бахаулланың отбасы, әңгiме Сол туралы екенiн сездi де, Оған шабармен жiберiп қайтып оралуын өтiндi, Ол осылай iстеп, өзiнiң кетiп қалғанынан кейiн тура екi жыл өткен соң (19 наурыз 1856 жылы) қайта оралды.
Бахаулла жоқ болған кезде, бабтықтар қауымдастығындағы жағдай нашарлай түскен едi. Келесi жетi жылын Ол бабтықтарды тәрбиелеп және iлiмнiң негiзiн үйретуге жұмсады. Жеке басының үлгiлiгiмен және тәлiмгерлiгiмен, жазбаша және ауызша сөзiменен, Ол бабтықтардың қауымдастығындағы өзгерiстерге жеттi, сонысымен ол қозғалыстың тазалығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете алуға қабiлетi бар жалғыз адам екенiн көрсете алды. Бағдад бабтықтарды мiнездерi бар адамдар ретiнде таныған едi. Бахаулла мен Оның пiкiрлестерi қарапайым әрi тақуа болып өмiр сүрдi. Олардың меншiктерi аз болса да олардың өмiрi қуанышқа толы едi.Бахаулламен тауда кездескен күрт мистиктары мен дiн басшылары, Оған ендi Бағдадқа келетiн болды. Көбiсi Оның жолын ұстанушы болды. Мистиктар, ақындар, өкiмет қызметкерлерi болды,ханзадалар Онымен танысуға ұмтылды. Сырқаттанғандар мен азаптанушылар, әдiлеттi iздеушiлер есiктiң табалдырығына дейiн топталып келiп жатты. Бұл мұсылмандар ғана емес, христиандар мен яғудейлер де едi.
Бағдадтағы жылдарда Бахаулланың қаламынан аяндар құйыла түстi. Оның негiзгi дiни жұмысы Шүбәсiздiк Кiтабы екi күн мен екi түннiң iшiнде жазылды. Кiшiгiрiм, бiрақ, баурап рухани басшылыққа итермелейтiн Асыл сөздердi, Суфий мистиктарына жауап ретiнде ойластырылған Жетi Асу деп аталатын мистикалық кiтапты да ол осы Бағдадта жазған едi.
Бахаулланың өсiп бара жатқан ықпалынқызғанған Бағдадтың мұсылман басшыларының бiр тобы, Иран шахын келiсiмiмен Оның беделiн түсiруге ұмтылды. Олар бәрi қабылдап, мойындай алатын ғажайыпты көрсетудi талап еттi. Бахаулла олардың таңдауы бойынша қандай болмасын бiр ғажайыпты жасауға келiстi, бiрақ үлемдер бiр-бiрiмен өзара келiсе алмады да, Бахаулланың шақыруы аяқсыз қалды.
Иранның Бағдадтағы консулы, Бахаулланың өсiп бара жатқан даңқысына мазасызданып, Оның қаладан қуылуына әрекет жасай бастады. Ол өзi мақсатына жеттi. Бағдадтың губернаторы Бахауллаға қатты масаттанып және Оның жер аударылуы туралы бес нұсқауға кқңiл аудармай келiп, алтыншы ретте, кiбiртiктеп барып көнген соң, Бахауллаға Оттоман Империясының сұлтанының, Оның Константинопольге ауыстырылатыны жайында бұйрықты жария еттi. Бахаулланның жер аударылуы Бағдадтағыларды қатты ашуландырды. Оның үйiнiң қасында жүздеген адамдар жиналып, Оның кететiнiне жылап, әрi қайғырып жатты.
Ұзақ сапарға шығатын керуендi күтуде, бүкiл отбасы он екi күнге қала сыртындағы (бахаилар Ризван бағы деп атаған) Наджиб-Пашаның бағына көшiп барды.
Көбiсi баяңыдан –ақ iшкi түйсiктерiмен сезген едi, Баб Кiм туралы болжамдаса, мұның дәл Соның өзi екенiн, бiрақ Бахаулла ешқашан да және ешкiмге де өзiнiң мiндетi жайлы айтқан емес едi. Тек осы жерде, Ризван Бағында, Ол өзiнiң кейбiр iзбасарларының алдында немқұрайлы мәлiмдеме жасап, дәл өзi “Құдай Кiмдi ашса, Сол ” екенiн айтқан едi, содан олардың зор қайғысы – қуанышқа айналды. Бахаулланың барлық дiндердiң Арман Етiлгенi екенi, Оның сенiмi барлық адамзат баласына арналғаны, жаңа Күннiң тарихтың көкжиегiнен шығып келе жатқаны жайында көпшiлiк алдында жария етуi он екi күнге созылды, 1863 жылдың 21 сәуiрiнен 2 мамырына дейiн (Бабтың жария етуiнен 19 жыл өткен соң). Жыл сайын барлық жерде бахаи сенiмiн ұстанушылармен мейрамдардың iшiндегi ең қасиеттi, әрi маңыздысы болып аталынатын бұл кезең тарихқа Ризван мерекесi болып ендi.
Бахаулланың Константинопольге жолы салтанатты шеру болды. Бахаулла басып өткен қалалар мен ауылдардың басшылары, Оны құрметтеп қабылдап отырды. Константинопольге нұсқау алды.
Парсы мен Түрiк өкiметi, Оның келесi айдалуы туралы өзара келскен кезде, Бахаулла Константинопльде төрт айға жуық болған едi. Ол дереу Адрианопольге (Едiрнеге) көшуге бұйрық алды. Желтоқсан кезi болатын: қыс суық едi, тiптi ескi тұрғындар мұндай аязды көрген емес. Бахаулла мен Оның жолсерiктерiне жолға жететiн қажеттi азық-түлiксiз шығуға тура келдi.Олар су мен желденң астында , жан-жақтарынан жел азынап соққан , суық қатқан жерлермен жүрдi. Жол он екi тәулiктен көп уақытты алды, кей кездерi түн iшiнде де жүру керек болды; Әбден азған олар Адрианопольге жеткен едi.
Адрианопольде Бахаулла бес жылын өткiздi. Бұл жолы ешөандай да айыпталу Оған қарсы өойылмаса да, Ол Оттоман Империясының ресми түрдегi тұтқыны болды.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!