Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Н әрпі бойынша ат қою)

0
245

НАҒИЗА – иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем.

НАҒИМА – араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.

НАЗГҮЛ – (қараңыз Гүлназ).

НАЙРА – араб тілінен алынған нәирә — нұрлы, көркем, айқын, жарқын.

НАРША – нардай мықты, қайратты, жігерлі.

НАУАТ – араб тілінен алынған набит — өсімдік, шөп; мұз түстес, мөлдір, жылтыр, тәтті қант.

НАУША – иран тілінен алынған ноуче — жаңа келген; балаң, жас.

НӘБИРА – араб тілінен алынған нәбирә — немере ұл, немере қыз.

НӘДИРА – араб тілінен алынған надыр — сирек, тандаулы.

НӘЗИПА – араб тілінен алынған назифъ — таза, мұнтаздай, пәк.

НӘЙЛА – араб тілінен алынған нәйль — жетістік, тілекке, арманға, табысқа жету; сый, сыйлық.

НӘРГҮЛ – иран тілінен алынған нәр – анар сөзінің қысқарып, өзгерген түрі + гүл. Анардың гүліндей сұлу, әдемі деген мағынаны білдіреді.

НӘРЗӘН, НАРЗАН – минералды қайнар бұлақ Нарзан атауымен қыз баланы ашық, таза, адал ойымен өссін деген мағынаны білдіреді.

НӘРИМА – араб тілінен алынған найри — батыл, ер жүрек, қызба жан.

НӘСИМА – араб тілінен алынған нәсимә — самал; лебіз, леп.

НӘФИСА – араб тілінен алынған нафиса — сұлу, көркем, әдемі; нәзік, биязы.

НЕСІПЖАН – араб тілінен алынған насиб – үлес, сыбаға; бақыт, тағдыр.

НҰРАЙ – көркі, нұры айдай, сұлу, көркем.

НҰРАЙША – араб тілінен алынған нұр + айша, нұры, көркі айша жарқыраған сұлу. Түрі — Нұрғайша.

НҰРБАҒИЛА – көркі, әрі, сұлулығы мәңгілік, өмірлік, мәңгі сұлу.

НҰРБИБІ – араб тілінен алынған бибі – нұрлы, көрікті, ажарлы қыз бала.

НҰРЖАМАЛ – араб тілінен – сұлулық, көркемдік сәулесі.

НҰРЖӘМИЛА – араб тілінен – аса сұлу, әдемі, көрікті; өте сүйкімді, ажарлы.

НҰРЗИЛА – араб тілінен алынған — ашық жарқын жүзді.

НҮРЗИЯ – араб тілінен алынған нүр + зия — жарық, сәуле шұғыла. Нұры, ажары жайнаған сұлу.

НҰРИКАМАЛ – араб тілінен – кемеліне келген, толысқан сұлу.

НҰРИЛА – араб тілінен — жарық жүзді, ажарлы, көрікті.

НҰРИПА – араб тілінен – нұрлы, ажарлы, көркем.

НҰРИЯ – араб тілінен —жарқын, ашық, нұрлы, керкем, әдемі қыз.

НҰРЛЫҚҰЛ – араб тілінен — ажары, көркі, реңі, гүлдей, сұлу қыз.

НҰРСҰЛУ – араб тілінен алынған нұр — қазақтың сөзі сулу. Қыз бала өте әдемі, нұрлы, әрлі, көркем әрлі болсын деген тілекпен қойылған есім.

НҰРХАН – араб тілінен — ажарлы, әрлі, көрікті, сұлу ханым.

НҰРША – араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған ажарлы, нұрлы, көрікті.

НҰРШАЙЫМ – араб тілінен — нұр тәрізді жайнаған, ажарлы, нұрлы, көрікті.

НҰРШАРА – нұрлы, әрлі, сұлу Шара.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!