Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Ойнай білу де -өнер «Елдестің ойыны» Оспанхан Әубәкіров (3 сынып, III тоқсан) » ZHARAR

0

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Ойнай білу де -өнер «Елдестің ойыны» Оспанхан Әубәкіров
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп баға береді
Көпшілік оқушылар: Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды
Кейбір оқушылар: Шығарманың құрылымын, стилін жетілдіреді.
Сабақтың басы
Топқа бөлу: Ұлттық ойындар арқылы топтарға бөлінеді
1-топ «Орамал тастау» ойыны
2-топ «Асық»ойыны
3-топ «Теңге алу»ойыны
4-топ «Соқыртеке» ойыны
Топтар таңдаған ұлттық ойындары туралы түсінік береді

Ширату тапсырмасы:
Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса, сақа ғой
Жасы кіші демеңдер,
Ақылы асса, аға ғой

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
Автормен танысу
Оспанхан Әубәкіров (1934-1986) Алматы облысы Жамбыл ауданы Үшбұлақ ауылында туған. Ақынның «Күлеміз-ау», «Қағаз қалпақ» және т.б жыр жинақтары бар.
1-тапсырма
(Ж,Т) Оспанхан Әубәкіров «Елдестің ойыны» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Мәтінннің бір бөлігін оқығанна кейін оқиға қалай жалғасады деп оқушылардан сұраңыз. Оқушылар өз ойын білдіргеннен кейін келесі бөлігін оқып, жасаған болжамдарымен салыстыру. Осылайша мәтінді тұтас оқиды.
Саралау: Кейбір оқушыларға мәтінді оқуға қосымша уақыт беруге болады
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды
2-тапсырма
(ЖЖ,Т) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі.
-Елдестің іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір.
-Балалар Елдестің асығын арқардың асығы дегенге өз ойыңды айт
-Асық ойынының ерекшелігі туралы түсіндірме беріп көр
Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.
ҚБ «Қол шапалақтау» әдісі
3-тапсырма
(Т,Ұ) Мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасау
Құрылымы Оқиғалар тізбегі
Басталуы
Жалғасуы 1.
2. Асықтан ұтылған балалардың дауы
3.
Аяқталуы

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады.
ҚБ «Смайликтер» арқылы бағалау
4-тапсырма
(Ө;Т) Аяқталу бөліміндегі жазбаға түсіндірме береді. Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады. Оқиға қосып мәтінді жалғастырып жазады.
Құрылымы Оқиғалар тізбегі
Мәтіннің аяқталуы Түсіндірме
Ертеректе «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар»деген мақал болған. Сол доп ешкімді тоздырмай-ақ, қызығып ойнайтын футбол ойынына ұласты.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау………

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com