Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 8-сабақ (8 сынып, III тоқсан ) » ZHARAR

0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 8-сабақ (8 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 8-сабақ (8 сынып, III тоқсан ) на казахском языке

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 8-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.2.1.1 композицияны тұтастан-бөлшекке, бөлшектен-тұтасқа қарай талдау;
Сабақ мақсаттары: Драманы композициялық құрылысына қарай талдау, жеке бөлім-бөлшектерін ажыратып әрі бөлшекті бүтінмен ұштастыра қарастыру.
Сабақ барысы:
Сынып оқушылары қызыл, көк және жасыл, сары түсті стикерлер бойынша топқа бөлінеді.
1.Өтілген тақырыпты жүйелеу.
«Стикердегі жазбалар» әдісі бойынша оқушылар драма мазмұнынан есінде қалған оқиғасын жазады. Әр оқушы жеке-жеке жазып болған соң, топ ішінде оқиғаларды рет-ретімен орналастырады. Стикердегі жазба бойынша бір-біріне сұрақтар қоя алады.
2. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
3. Т. Жаңа сабақты меңгерту.
Тапсырма. Топ мүшесінің бірі стикерлерге жазылған кейіпкер атын суырып алады, топтарға берілетін кейіпкерлер:
Қамажай, Темір, Нәзила, Омар.
Топтар «Дербес пікір айту» тәсілі бойынша кейіпкерге қатысты мәліметтерді іріктеп, жүйелейді, өзіндік пікір, дәлел, мысал, қарсы дәлел, қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысалдар келтіреді.
1. Өзіндік пікір (ой, идея); Мысалы, Қамажай — өте мейірімді, жаны нәзік, бауырлары үшін өз бақытынан бас тартқан жан.
2. Дәлел; Көңіліне қаяу салған бауырларын кешіре білуі, Қабенге қайырылмауы.
3. Өз пікірін айғақтайтын мысал; Қамажай. Мен сені түсінемін. Бірақ амалым не? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ.
4. Өз пікіріне қарсы дәлел; Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің өмір сүруге құқылы екендігін атап көрсетеді.
Жауаптың 2-нұсқасы:
Қамажай. Әйткенмен ренжіп кетті-ау. Қазіргі жастарға ескерту жасасаң да жақпайсың.
5.Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал; Бауырларына ана орнына ана боп, түн ұйқысын төрт бөлген Қамажайдың тырнағына татымайтын «көкек» аналардың қоғамда кездесетіні;
Жауаптың 2-нұсқасы:
Қамажай. Қайдам, осылардың анасын жоқтатпаймын деп жүріп, шын ана боп кеткен сияқтымын. Бәрі жас баладай көрінеді де тұрады.
6. Қорытынды.
Әйел. … Қара шаңырақ оларды қайда жіберер дейсің?…
Қамажай. Менікі қайбір жүректіліктен дейсің, осыларға деген мейірімнің шарпуы шығар.
4. Барлық топ жауаптарын таныстырады, критерийге сай дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды.
Қабілеті жоғары оқушылар драма композициясына талдау жасайды:
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның байланысуы
Оқиғаның дамуы
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі
Қабілеті төмендеу оқушылар кейіпкерге қатысты бөліктерін мазмұнын баяндап береді.
Дескриптор
— кейіпкерге қатысты мәліметтерді жүйелейді;
— кейіпкерге қатысты дербес пікір айтады;
— өз пікірін дәлелді жеткізеді.
5. Мұғалімнің кері байланысы, қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»…….


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com