Абсолюттік және салыстырмалы орташа шамалар слайд,презентация – Аралас

0
385

Абсолюттік және салыстырмалы орташа шамалар слайд,презентация

 Статистикалық жиынтықтың бақылау бірлігін зерттелетін белгілер бойынша топтарға бөліп, соған статистикалық өңдеу жүргізіледі. Бұдан соң кестеге жазылып, әр топ бойынша жалпы жиынтығы есептелінеді. Ол абсолюттік мөлшер болды да, бір жиынтықтың санын немесе көлемін көрсетеді. (халық саны, аурулар саны, мекемелер, төсектер саны т.б)
   Статистикалық жиынтық белгілерінің бір- бірімен байланысын тауып, оларды салыстыру қажет болса, онда салыстырмалы мөлшер пайдалынады.   Сонымен салыстырмалы мөлшерлер екі абсолюттік мөлшерлерді салыстыру, бөлу және сол бөлшекті 100, 1000, 100000- ға көбейту арқылы табылады. Сондықтанда салыстырмалы мөлшерлерді (пайызбен, промиллимен, продецемиллимен т.б) белгілейді.Қарқынды көрсеткішті- болмаса жиілік, таралу көрсеткіші деп атайды. Бұл көрсеткіш бір белгінің немесе құбылыстың зерттелетін ортадағы, жиынтықтағы жиілігін анықтайды. Әлеуметтік- медициналық зерттеулерде халық арасында аурудың, мүгедектіктің, жарақаттанудың, өлімнің жиілігін көрсетеді.Ара қатыстық көрсеткіш- бір- біріне ұқсамайтын екі жиынтықтың қатынасын көрсетеді. Көбінесе бұл көрсеткішжалпы халық санына есептелінеді. Мысалы, тұрғындардың дәрігерлермен, жедел жәрдем машиналарымен, төсектермен, орта буындағы мамандармен қамтамасыз етілуі.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!