Абай Құнанбаевтың Ескендір поэмасы слайд,презентация — Әдебиет
Абай Құнанбаевтың Ескендір поэмасы слайд,презентация
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,
ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де-ақымақшылық.
(Абай)
1.“Ескендір ”поэмасы – Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой- пікірлерін тереңірек танытатыны.
Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропа Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
Поэманың мәтінін алты топқа бөліп,мазмұнын баяндату
А) Патшаның жорығы
Ә) Бұлаққа кездесу
Б) Ескендірдің бұйрығы
В) Қақпаға кездесу
Г) Күзетшінің сөзі мен сыйы
Ғ) Өсиет(ақыл сөз). Өсиет – көпшілікке айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең
Ескендір, Аристотель, мифологиялық образдар
(табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, орамалға түйілген сүйек)
Сабақты бекіту:
Әлемді қаһарымен сескендірген Ескендірге кімнің сөзі тосқауыл болды?
Білек күшінен білім мен даналық күшінің басымдылығы дастанда қалай суреттелген?
Тарихи тұлға әрекеттерін алға тартуда Абай нені айтпақ болған?Бүгінгі заман үшін өнегелік жағы неде?
Сюжет дегеніміз не ?