Home Түс жору Түс жору – Түсіңізде бұлт көру нені білдіреді?

Түс жору – Түсіңізде бұлт көру нені білдіреді?

0
950
Few clouds against a blue sky on a sunny day

Адамдар ежелден аспанды бақылағанды ұнатады. Түнде жұлдыздарды тамашаласа, күндіз бұлттарды бақылайды. Ал бұлтты түсіңізде көрсеңіз не болады?

Егер түсіңізде ақша қардай бұлттарды көрсеңіз немесе сол бұлттардың үстінде қалықтап жүрсеңіз, көп ұзамай қиындықтар аяқталып, өміріңізде сәттілік кезеңі басталады деген сөз.

Түсіңізде бұлтты ұстасаңыз, аялап жүрген арманыңыз орындалады деген сөз.

Ал түсіңізде бұлт үстінде жүрсеңіз, бұл өңіңізде сүйіктіңізді кездестіріп, шынайы махаббатқа бөленетіңізді білдіреді. Бұлт жүрек пішінді болса, ғашығыңыз сезіміңізге жауап береді.

Түсіңізде бұлт үстінде отырсаңыз, шынайы өмірде қиялға берілмей, күнделікті маңызды шаруалармен айналысу керектігін ескертеді.

Түнерген, қара бұлттар жақында болатын қиындықтар жайлы, тіпті туыстарыңыздың бірі ауыратыны жайлы хабардар етеді.

Қара бұлттардың жылдам көшіп жатқанын көру – көп ұзамай қайғы мен қиындықтар болады деген сөз.

Егер жауын бұлттарының арасында ұшып жүргеніңізде, найзағай ойнай бастаса, онда қиындықтар ұзақ уақытқа серігіңізге айналады.

Түрлі-түсті бұлт көру – шынайы өмірдегі саяхат немесе кездесуді білдіреді. Кемпірқосақта отырып, бұлтты ұстасаңыз, көп ұзамай жетістікке жетесіз.

Бұлт үстінде отырып, таудың шыңына көтерілсеңіз, өңіңізде бір құпияның сырын ашасыз деген сөз.

Ал бұлттардың пішіні мен түсі өзгерсе, бұл өміріңізде тосын сыйлар болатыны жайлы ескертеді.