«Абай мен Кейкаус үндестігі» ғылыми жоба

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Ғылыми жұмыстар Сыныбы: Барлық сыныптар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіАстана қаласы Білім басқармасы «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжі

Жоба авторы:Алтынбек Нұрдаулет Ержанұлы 3-курс студентті Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Абай мен Кейкаус үндестігі»

Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттарыСекция: Әдебиет

Ғылыми жетекшісі: Шойынбет Жабал- Абай атындағы ҚазҰПУ абайтанушы, филология ғылымының кандиданты

Жоба жетекшісі: Аманова Жанат Сихитжанова Жоғарғы деңгейлі, бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің«Ұлт ұстазы»

Астана 2018жыл Мазмұны:Жоспар _____________________________________________________3-бетАннотация (қазақша)__________________________________________4Аннотация (орысша)__________________________________________5Аннотация (ағылшынша)______________________________________6Ғылыми жетекшінің пікірі_____________________________________7Жоба жетекшінің пікірі________________________________________8Кіріспе______________________________________________________9Негізгі бөлім ________________________________________________111)Кейкаустың өмірі2)Абай мен Кейкаустың үндестігіҚорытынды__________________________________________________18Сілтемелер __________________________________________________19Пайдаланған әдебиеттер_______________________________________20

Жоспары І. Кіріспе Абайдың Батыс еуропа әдебиетімен байланысы.ІІ.Негізгі бөлім:

  • Кейкаустың өмірі
  • Абай мен Кейкаус шығармаларындағы айтылған ойлар
  • Абай мен Кейкаус үндестігі
  • Абайдың әлем әдебиетінен алатын орны

ІІІ. Қорытынды

«Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің АУ-116 тобының 3-курс студентті Алтынбек Нұрдаулеттің «Абай мен Кейкаус үндестігі»атты ғылыми зерттеу жобасына

Аннотация

Студент өзінің ғылыми зерттеу жобасына Абай Құнанбаевтың шығармаларын әлем әдебиетінің өкілі Кейкаустың еңбектерімен тығыз байланыста екендігін аша отрып, Абайдың қара сөздерінің жанрлық ерекшелігі мен Кейкаус шығармаларының ұқсастығына талдау жасайды.Абайтанушының пікірін енгізе отырып, өзінше ой қорытынды түйіндейді.Екі автордың өнеге сөздерінің айтулы мәнері, сөз саптауының ұқсастығы, айтар ойларының мазмұндас екендігін дәлелдейді. Абай қарасөздерінің 45 екендігін, Кейкаус «Кабуснамасы» 44 тараудан және 56 әңгімеден тұратындығын салыстыра көрсетеді. Қажетті әдебиеттерді, мақалаларды жұйелеп, зерттеу жобасына кірістірген. Абайдың әлем әдебиетіндегі орнын нақты дәлелдермен көрсеткен.

Колледж директоры: Нургалимов Саят Нурланович Жоба жетекшісі: Аманова Жанат Сихитжанова Жоғарғы деңгейлі, бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Ұлт ұстазы»

Аннотацияна научный проект «Созвучие Абая и Кейкауа»студентта колледж КГХ «Туран-Профи» группа АУ-116 Алтынбек Нурдаулет

Студент в своём научном проекте, раскрывая значение тесной связи произведений великого Абая с произведениями представителя мировой литературы Кейкауса, делает глубокий анализ. В свою работу включает высказывания абаеведов, делает вывод. Тщательно изучает, српавнивает, подчеркивает, что «Слов назиданий» Абая-45, а «Кабуснама» Кейкауса с остоит из 44 глав; 56 рассказов; Эти великие труды созвучны, близки по смыслу, значению. Нужная литература, статьи систематизированы и ввендены в проект исследования. Место великого Абая в мировой литературе обосновано точными данными, доказательствами.

Директор колледжа Нургалимов Саят Нурланович

Руководитель проекта Аманова Жанат Сихитжанова

Аnnotationto the research project «Consonance of Abai and Keikawa» Student College KGH «Turan-Profi» group AU-116 Altynbek Nurdaulet

A student in his research project, revealing the significance of the close connection of the works of the great Abai with the works of the representative of world literature Keikhaus, makes a deep analysis. In his work includes the statements of Abaev, concludes. He carefully studies, compares, stresses that the “Words of edification” of Abai-45, and the “Kabusnam” of Keykaus with the rest of the 44 chapters; 56 stories; These great works are consonant, close in meaning, meaning. The necessary literature, articles are systematized and introduced into the research project. The place of the great Abai in the world literature is grounded by exact data, evidence.

College Director Nurgalimov Sayat NurlanovichProject Leader Amanova Zhanat Sikhitzhanova

«Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің АУ-116 тобының 3-курс студентті Алтынбек Нұрдаулеттің ғылыми зерттеу жобасына Пікір

Алтынбек Нұрдаулеттің «Абай мен Кейкаусүндестігі» атты ғылыми жоба жұмысында Абай мен Кейкаус еңбектерінің төмендегідей ерекшеліктеріне назар аударғандығы байқалады.Ғылыми жұмысты жазу барысында қазақ әдебиеттану ғылымында маңызды зерттеулер жүргізген отандық ғалымдардың, сонымен бірге шет елдің белгілі мамандарының теориялық көзқарастарын басшылыққа алған.Зерттеу жұмысында салыстырмалы-тарихи, тарихи-әдеби талдау, жүйелі-сипаттамалықәдістер кеңінен қолданылған.-Абай мен Кейкаус шығармаларындағы тақырып үндестіктері, идия, композиция, бейиелілік ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылған. — Абай мен парсы ақындарының лирикалық өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық, адамгершілік-имандылық, табиғат, ғашықтық, тақырыптағы жырларының үндестіктері, өзгешеліктері нұсқалармен мазмұн мен поэтикасы тұрғысынан салыстарыла талданып, сюжеттік достықтары мен өзгешіліктер, кейіпкерлерді бейнелеудегі ерекшеліктері иеленген.

Ғылыми жетекші: Шойынбет Жабал- Абай атындағы ҚазҰПУ абайтанушы, филология ғылымының кандиданты

«Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің АУ-116 тобының 3-курс студентті Алтынбек Нұрдаулеттің ғылыми зерттеу жобасына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «Ұлт ұстазы»Аманова Жанат Сижитжанова

Пікір

Алтынбек Нұрдаулеттің «Абай мен Кейкаустың үндестігі» ғылыми жоба жұмысына шығармашылық талдау жасай отырып, ізденушінің Абай мен Кейкаус еңбектерінің төмендегідей ерекшеліктеріне назар аударғандығы байқалды.

  • «Абай және әлем әдебиеті» атты тарауда Абайдың әлем әдебиетімен байланысы анықталып, әлем әдебиетіне қысқаша шолу жасалған.
  • Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының рухани нәр алған үш қайнар көзінің

бірі-Батыс мәдениеті, Шығыс әдебиеті екендігін ғылыми жұмысында көрсете білген.

  • Абай мұрасының қазіргі әлемдеі жаңа Қазақстанның өркениет кеңістігіндегі көрнекті келбетін танутуда аса ықпалды орын отырғанын да көрсеткен.
  • Абай мен парсы ақындарының лирикалық өлендеріндегі
  • философиялық-дидактикалық, адамгершілік-имандылық, табиғат, ғашықтық тақырыптағы жырларының үндестіктері, өзгешіліктері саралана анықталған.
  • Абайдың қара сөздері парсы әдебиетіндегі нұсқалармен мазмұн мен поэтикасы тұрғысынан салыстырыла талданып, сюжеттік ұқсастықтары мен өзгешіліктері, кейіпкерлерді бейнелеудегі ерекшеліктері жүйеленген.

Жоба жетекшісі Аманова Жанат Сихитжанова Жоғарғы деңгейлі, бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің«Ұлт ұстазы»

КіріспеҚазақ әдебиетінің классигі – Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасның рухани нәр алған үш қайнар көзінің бірі – Батыс мәдениеті, адамзаттық көркемдік ойлау үндестігін бағалаудың аса өзектілігін аңғартады: Күнгей Азияның мәдени-рухани өмірінен мейлінше хабардар Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде әдебиетіміздегі көптеген шешуін күткен келелі мәселелерді, соның ішінде Абайдың әдеби мұрасының салыстырмалы-тарихи, тарихи –әдеби талдау, жүйелі-сипаттамалық әдістер кеңінен қолданылды.Зерттеу тақырыбынның өзектілігі: Абай мұрасының қазіргі әлемдегі жаңа Қазақстанның өркениет кеңістігіндегі көрнекті келбетін танитуда аса ықпалды орын алып отырғаны да ақиқат. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абай – ұлтымызға және жалпы барша әлемге сөзі қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат, адамзат ақыны, адамзат ақылманы болып көтеріліп отыр. Сондықтан оны білу, зерттеу-біздің мақсатымыз» деген еді.Сезімтал ақын, сергек ойшыл ғұлама дала тіршілігін өзге дүние тіршілігімен салыстыра зерттеп барып түсінгісі келді. Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, Шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соны көзқараспен қарап жаңаша баға берді. …Шығыстық логика мен мұсылман құқығын үңіле зерделеді [1, 7-30], Демек, Абай поэзиясының шығыстық және еуропалық классикалық әдеби мұраларымен үндестігі біздің ұлттық көркемдік ойлау деңгейімізгедің жоғары екендігін айқындайды. Кейін, халық творчествосынанискусствоның анағұрлым өмірлік берік негіздерін тауып, Абай Шығыс әдебиетінен халық шығармалары – «Мың бір түнді», парсы мен түріктің халық ертегілерін, халық ертегілерін, халық эпосын бәрінен артық бағалады. Ол әңгімелеген «Шаһнеме», «Лейлі-Мәнжүн», «Қөрұғлы» поэмалары ел арасына кең таратылды. [2, 30-31].Абай поэзиясы мен Шығыс поэзиясы поэтикасының үндестігі тұлғаныңәдеби ықпалдастық арнаындағы шығармашылық қалыптасу ерекшеліктерінен айқындалады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі де классикалық әдебиеттер үндестігі арқылы жалпы адамзатқа ортақ көокемдік ойлау эстетикасын танытатын маңыздылығымен сипатталады. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жалпы Абай шығармалары жайында Ә.Бөкейхановтоан бастап, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов және басқа алаш қайраткерлері сындарлы ой, пікір айтып, түрлы басылымдарда мақалалар жариялады. М.Әуезов 1934 жылы «Абай ақындығының айналасы» аттығылыми-теориялық мақаласында Абайдың сусындаған рухани үш бұлағы, соның бірі – ақын шығармашылығының Шығыстың рухани қазына көздерімен байланысты екендігі жайлы ой өрбітіп, кейінірек осы саланы одан әрі дамытып, құнды зерттеулер жазды. Дәл сол жылы Қ.Жұбановтың «Абай-қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласы жазылып, Абайдың Шығысқа қатынасы баса назар аударылды.Кейкаустың «Кабуснама» шығармаларында қарастыру мақсатында орай зерттеу жұмысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

  • Абайдың «Қара сөздері» мен Кейкаустың «Кабуснамасының» үндестігінің сипатын анықтау;
  • -Абай мен Кейкаус шығармаларындағы адамгершілік-имандылық, дүниетаным үндестігінің поэтикалық табиғатын саралау;
  • Абай мен Кейкаус шығармаларындағы жүрек бейнесінің ғашықтық тақырыбымен ұштасу ерекшеліктерін салыстыра байыптау;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • Абай мен Кейкаус шығармаларындағы тақырып үндестіктері, идия, композиция, сюжет, бейнелік ерекшеліктері тұрғысының қарастырылды;
  • Абай мен парсы ақындарының лирикалық өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық, адамгершілік-имандылық, табиғат, ғашықтықтақырыптағы жырларының үндестіктері, өзгешеліктері саралана анықталды;
  • Абайдың қара сөздері пары әдебиетіндегі нұсқаларымен мазмұн мен пішін поэтикасы тұрғысынан салыстырыла талданды. Сюжеттік ұқсастықтары мен өзгешеліктері жүйеленді;
  • Абай қолдаған мағынасы алыс, түсінуге ауыр сөздерді салыстыру арқылы жүйеленді;
  • Абай дүниетанымында ұлттық көзқарастың қалыптасуы мен оның қабаттарының сырын ашып, өзіндік қайталанбас ерекшелігін танып-білу, еуропалық затшылдық модельмен, әсіресе, ұлттық-шығыстық модель негізінде меңгеру қарастырылды;
  • Абай дүниетанымын ғылыми тұрғыдан жете танып, терең меңгерілді;

Негізгі бөлімАбайдан нәр алған рухани бұлақтың бірі ана сүтімен бойына сіңірген халық ауыз әдебиеті болса, келесі бір сарқылмас қазына – ол Шығыстың сөз зергерлерінің туындылары. Ұлттық және Шығыстық інжу-маржаннан мейірі қана сусындаған.Абайтанудың білгірі М.Әуезов атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс,Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.Михаэлис арқылы Абай С.С.Гросс, А.Л.Леонтьев, Н.И.Долгополовтар мен танысады. Олар Абайдың 40-тан асып, кемеліне келген, Шығыс, Батыс әдебиеті мен ойшылдарын жақсы білген, қоғамдық қызметке қызу араласып, толысқан шағында таныс болып, оның біліміне, парасатына тәнті болған. Абай өзінің шығармалығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды. Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.Ақынның шұрайлы философиялық ойлары, негізінен Шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.«Кабуснама» — Кейкаустың 1082-83ж. парсы тілінде жазған, әлемге кең тараған дидактикалық сарындағы шығармасы. Европа мен Азияның озық ойшылдары «Кабуснаманы» ортақ ғасырдағы педагогикалық тәлім-тірбие, өсиет-өнеге жөніндегі танымның энциклопедиялық жиынтығы ретінде жоғары бағалаған. «Кабуснаманың» аударма нұсқаларын қазақтың ағартушы – демократтары өз еңбектерінде шығармашылық тұрғыда пайдаланып отырды. Абай «Кабуснаманың» мазмұнымен таныс болған, ойшыл ақынның ғаклия сөздерінің жанрлық, стильдік түп-түркіні «Кабуснамамен» өзектес, сарындас келеді. Ақынның қолында тәрбиеленген немере інісі Кәкітай Ысқақұлының: Абай ғарапша, парсыша, түрікше кітаптарды көп оқып, олардың ішіндегі ғылымнан үлкен хабардар болды. Сол талаппен қырда ғарапша, парсыша «Абайдан артық білетұғын ешкім болмады» (Құнанбайұлы Абай. Өлеңдері. Ташкент, 1922, 9-6,), — пікірі де Абайдың ағартушылық тұрғыдағы ой-тұжырымдарын жүйелеуде дерек көзінің бірі ретінде «Кабуснаманың» пайдаланғанын айғақтайды. Абайдың жәуанмәртлік туралы ой-танымдары «Кабуснаманы» «Жәуанмәртлік хақында» деп аталып 44-тарауымен тікелей сабақтас, желілес. Жәуанмәртліктің көне замандарда жұрт таныған негізгі үш сипаттан тұрады «Кабуснамада», «Адамның сипатын білдіретінүш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі – ақыл, бірі –әділеттілік, бірі-жанмәртлік» (Кабуснама. Ташкент, 1968, 121-6,), — деп атап көрсетілген. Абайдың Отыз сегізінші сөзінде бұл сипаттар: ақыл, әділет, рахым ретінде берілген Жауапкершіліктің шығар көзі мен басты сипатталарын иемденуші әлеуметтік топтарды жіктеуде, оларға өз көзқарасын білдіруге Абай танымы «Кабуснамадан» өзгеше, өзіндік соңы көзқарасты аңғартады. Жәуанміртілік жайлы кейбір ұғымдарды ақын өз заманына сай талдап, соны тұжырымын жасаған. «Кабуснама» адам бойындағы рухани болмыс: ес, қиял, ой, сөз, жәуанмәртілікті (бес ішкі сезім) адам еркінен тыс жоғары рухтан келген тәңірлік құбылыс деп таниды. Абай жәуанмәртілікке (жомарт-деген ұғымды білдіреді) тән үшін сипатты тәңірінің бойындағы сегіз сипатпен байланыстыра қарастырып, ол сипаттардың бәрі де оның пендесінің, яғни адамның бойында барлығына, олардың тәңірден келер құбылыс емес, кәсіби нәрсе екеніне ерекше көңіл бөлді. Ақынның жастарды адамгершіліктің ізге қасиеттеріне баулып, «толық адам» етіп тәрбиелеу туралы даналық ой-толғынастарында да «Кабуснамамен» пікірлестігі, ой ортақтастығы байқалады. Орыстардың қоғамдық – философиялық, ақыл ойы ақынның эстетикалық көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етті. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетіне алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүние танымының даму процесіне тарихи сабақтастық желісін атқард. Қазақ кеменгері Сакрат, Платон, Арестотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен қатар ол Спенсердің «Тәжірибиелерін», Льюистің «Позитивтік философиясын», Дрепердің «Еурова ақыл – ойының даму тарихы» атты туындылар мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениетімен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл атқарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүние танымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі реттеу объектісі – адам.Ой білдірудің мұндай дәстүрі мәдениетте бар дәстүр. Бірақ Абай жанырлық ерекшелікті өзінше, әрі халыққа түсінікті формада тапқан. Абай қара сөздеріне ұқсастықты Монтеннің «Тәжірибиелермен» Пасеньдың «Ойларынан» Ницшеннің «Афоризмдерінен», Шопенгорэрдің «Тұрмыстық афоризимдерінен», Борхестің «Филосовиялық тәсілдерінен», Жебранның «Шағын ойларынан» табуға болады.Сондай-ақ Кейкаустың «Кейкауснамасымен» Абай сөздері сырттай ұқсас келетіні рас.Тіпті кейбір сөздерде үндестік те кезігеді.Кейкаус өз еңбегінің «Ақындық өнер туралы» отыз бесінші тарауында: «Ей, перзенттерін, егер ақын болғың келсе, ақылды бол. Сөзге жеңіл көңілге қонымды болсын. Түсінуге қиын қисынсыз сөздерді байдаланба» — дейді.Абай өлеңі бұл дидактикадан көш ілгері. Дегенмен, «Тілге жеңіл, жүрекке майда тиіп» деген жолдың төркінің «Кабуснама» болар ма? – деген ойға тірелетіні даусыз.А.Ісімақова «Жанровыми» истоками «ғақлия» представляются так шешен сөз, толғау, айтыс,так и более отдаленные класические тексты тюркой и восточный литературы. Васточные и истоки творчество Абая явлись пред местом размышленный историкой казахской литературы. Они всходять как к «Кабуснаме», ТАК И ЕЩЕ БОЛЕЕ ДАЛЬНИМИ ЖАНРОВЫМ пердшественнкам. В этой связи особенно последовательними представляются работы литературоведы. М.Мырзахметова. «Это предмед спецальных иследовани».Жазушы Бейбіт Сапаралы: «Кейкаус президентті Гиланшахқа ғибрат сөз бен мысал әңгіме» негізінде баяндап беріп отырды.Ұлы Абай қара сөздерін төкпелдегенде жанрлық ерекшелік тұрғысынан алынғанда көсем сөздік – фәлсапалық трактат желісінде, әредікте бір сұрақ пен жауап, нақыл сөз үлгісінде де қояды. Кейкаус Алла тағаланы тану, тек Аллам тағала ғана жалғыз, жеке –дара екендігін меселде қып қозғап, ой қорытындылады. Абай атақты «Алла деген сөз жеңіл», «Алланың өзі де рас, сөзіде рас» деп келетін өлеңдерінде өзектес ғылыми – танымдық бағдар жазып, мұсылмандылық, имншылықдық, жаратушы күштң тану туралы қара сөздерді жарық дүниеге жарқырата келтірді. «Кабуснамады» ішкілікке салынып кетпеу шарт туралы екінші тарауда өз пәнменділігін оң ғасырдан соң да жоймаған мына төмендегілей жолдар бар: «Ей, перзенттім! Шарап ішуді қоя алмасаң, жұма күні кеш құрым ішуге әдеттен… Жұма күні түнде қарай ішпесең бір апта бойы шарап ішуден көңілің суыйды және оның зиянды салдарынан құттыласың». Ал Абай қара сөздеріне келетін болсақ, тағаты таусылмай еңбектеніп, ғибраттанып оқып-тоқып шыққан адамға, тап бүгінгі таңда ауада қажетті жүздеген ақыл – кеңестер қырық қырық бес қарасөздің өн – бойына көл – көсір табыла бермегі даусыз. Ендеше, ғасырлады сабақтастырып, үндестіктіре жалғап жатқан «Кабуснама» мен «Қарасөздің айыра – бөлетемей, аталған ілім мұралардан әр заман, әр орта, әр таным – талғам талабына сай ғибрат – өнеге боларлық ой маржандарын сүзіп алалық!» «Кабуснаманың» авторы Кейкаус ұлы Гиланшахқа арнап 1082 – 1083 жылдары жазған. Парсы – тәжік әдебиетінде Кейкаусқа дейінде балалар тәрбиесінде арнап, олардың осы айтқандары міндетті орындалуын талап еткен өсиет дүниелер бар болатын, ал Кейкаустың «Кабуснамасынан» кейін бұл әдеби дәстүр кең түрде өрісін жайып, Низами, Жәми т.б шығармашылығымен жан – жақты жетілдірілді. Зерттеуші Е.Э.Бертельс бұл кітаптың жазылу тілін Иран әдеби тілінің ықпалы мүлдем жоқ, самонидтер ықпалындағы тәжіктікі дейді: «Тілі – Рудаки мен Фирдоусидікі.Міне, сондықтанда бұл кітапты парсыдан гөрі, тәжік әдебиетіне жатқызған жөн болар еді» (44, 213б)«Парсы – тәжік прозасынаның энциклопедиясы» кітабына жазған алғы сөзінде шығыстанушы И.С.Брагинский «Кабуснама» туралы былай деді: «Кабуснама» состаить из 44 слов 56 рассказов, содержащих получение о том, как подобает вести себя в разных жизненых ситуациях, книга даёт яркую картину феодального быта7 Мягкий юмор и нежность по отношению к сыну придают ей интимный тон, создают иллюзию, личной беседы с авторам. Вставные рассказки, серезвычайно простые по стилю, изложены живо и увлекательно» (45, с 4). (И.С.Брагинский. Энциклопедия персидеко – таджикской прозы. Душанбе. 1990). Абайдың қолжазбасы сақталмағандықтан, оның қарасөздеріінің санын әзірге 45 деп жүр әрі «Қабуснаманың» толық түрі төмендегідей болып келеді. Сөз басБірінші тарау. Алла тағаланы тануЕкінші тарау. Пайғамбардың қасиеті туралы Үшінші тарау. Алла тағаланың бергеніне шүкірлік ету туралыТөртінші тарау. Тағат – ғибат туралы1-4тарауда Алла тағаланы тану туралы айтылса, Бесінші тарауда. Ата – ананы құрметтеу туралыАлтыншы тарау. Өмірдің абзалдығы, қадір – құрметі жіне өнегелі болуы туралыЖетінші тарау. Шешендік өнерін үйреніп, жоғары мәртебелі болу туралы Сегізінші тарау. Үгіт – насихаттар туралыТоғызыншы тарау. Қарттық және жігіттік туралыОныншы тарау. Нәпсіні тыюдың шарттары туралыОн бірінші тарау. Шаршап ішудің шарты туралыОн екінші тарау. Қонақ күту, Қонаққа бару туралыОн үшінщі тарау. Әзіл – күлкі, шахмат – дойбы ойнау тәртібі туралы Он төртінші тарау. Махаббат және оның дәстүрлері туралы Он алтыншы тарау. Моншаға бару туралыОн жетінші тарау. Ұйқы және дем алу туралыОн сегізінші тарау. Саяттылық, аң аулау туралыОн тоғызыншы тарау. Ат үстінде доп ойнау туралы Жиырмасыншы тарау. Соғыс өнері туралы Жиырма бірінші тарау. Саяттылық, аң аулау туралауЖиырма екіні тарау. Амантты сақтау туралы Жиырма үшінші тарау. Құлдарды сатып алу және оның ережелері туралы Жиырма төрттінші тарау. Үй, жер жинау туралы Жиырма бесінші тарау. Ат сатып алу туралы Жиырма алтыншы тарау. Үйлену туралыЖиырма жетінші тарау. Перзентті тәрбиелеу туралыЖиырма сегізінші тарау. Дос таңдау туралы Жиырма тоғызыншы тарау. Жүшпанның қалай құтылу туралы.Отызыншы тарау. Жаза беру мен кешірімжасау туралы Отыз бірінші тарау. Кәсіптік білім беру үйрену, ұстаздық және қазы болутуралы Отыз екінші тарау. Саудагерлік және алырсатарлық туралыОтыз үшінші тарау. Дәрігерлікемдеу ғылымының тәсілдері туралыОтыз төртінші тарау. Жұлдыздар мен ғылымның тәсілдері туралы Отыз бесінші тарау. Ақындық өнер туралыОтыз алтыншы тарау. Жыршы, музыканттық туралы Отыз жетінші тарау. Падишаға қызмет істеу туралы.Отыз сегізінші тарау. Падишаға жәрдем болу туралыОтыз тоғызыншы тарау. Іс жүргізу, хатшылық жұмысы туралы Қырқыншы тарау. Уәзірліктің шарттары мен әдістері туралы Қырық бірінші тарау. Әскербасы болудың шарттары туралы Қырық екінші тарау. Падишалықтың шарттары мен әдеті туралыҚырық үшінші тарау. Диқаншылық және базар өнері туралы Қырық төртінші тарау. Жомарттық туралыСөз басын Кейкаус өзінің баласы Гилон шахқа арнап: «Ей, перзентім, мен қартайдым, тәнімді күн сайын қуатсыздық жайлап келеді, өлім уақыты да жақындап қалды. Тірлдікте мәңгі өлмейтіндердің бірі – кітап, оны құртып жіюермейтіндей құдіретті күш жоқ. Мен өзімнің төрімнен көрім жақын екенін сезіп, өлім жарлығы қолыма тимей тұрған шақта, білген ақыл – кеңесімді кітапқа жазғым келеді. Әрбір қиын істі жеңіп, соңғы ұрпақтарға әңгіме баяндаймын, сен ғибрат алғайсың, ал мен аталық парызымдыөтейін» — деді.Абай өзінің бірінші қара сөзін былайша бастайды: «Бұл жасқа келшгенше жақсы өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмір өткіздік; алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қойып, не қылып өткізіміз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» деген (46, 10б)Екі автордың өнеге сөздерінің айтылу мәнері, сөз саптасының алшақтығына қарамастан ұқсастығы да байқалады. Екеуі де «жер ортасыжасқа келген», айтар ойларының төркіні де мазмұндас, көрген – білгендерін, тәжірбиелерін кейінгі ұрпаққа ғибрат қалдыру керек екені анық. Әрі бұл жолда екеуі де не мол байлықты, не әлдебір заттай қалдыру емес, тек «Сөздің асылын» қалдыруды ғана мақсатетеді.Абай ол ойын былай жеткізеді: «Ақыры ойладым: осы ойымакелген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайынкімде – кім ішінен керекті сқз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осығын байладым, енді мұнан басқа еш жұмысым жоқ» деп алдағы айтар оын жинақтап тиянақтап дайындап жасайды. Ал Кейкаус өз сөзін былай қорытындылайды:«Ей, перзентім, мен білгенімнің бәрін сен үшін кітап жаздым. Өзім білетін әрбір ілімді, өнерді, әдет – ғұрыпты, қырық төрт тарауды баяндадым. Білім алған жас кезімдегі менің әдетім, саған жазып қалдырғаным сияқты еді. Мен алпыс үш жаста осы сияқты әдет, мінез-құлықпен өткізгем. Бұл кітапты төорт жүз жетпіс бесінші жылдан бастадым, гер бұдан кейін Алла тағалам өмір беріп тірі болсам, тағы да осы мінезім – мінез, әдедім – әдет болып қалады.Егер сен бұдан жақсылау жолды білсең сол жолмен болғын. Осы жазылғанды өзіме де, сағанда лайықты дедім.Егер сен менің осы үгіт – насихаттарымды тыңдамасаң, оны амалға асырмасаң мені сені зорламаймын. Талай адам бұ кітапты оқыр және түсінер. Осы кітьаптарға сай іс істер. Ал менің әрбір сөзім бақыттың бастау бұлағындай. Алла тағала саған да маған да кітапты оқығанда және жазғандарға да оны дүниеде есепсіз рахым шапағатын нәсіп етсін…»Келтірген мысалдарды салыстыра оқығанымызда екі айтушымызда жазып қалдырғандарының бір кәдеге асатына, көздері жететіндігі әрі өздеріне лайықты деп санағандықтан яғни әбден ойланып – толғанып, көңіл елегінен өткізіп барып, өзгеге де лайық деп санайды.Бірақ ешкімге де таңда, орында деп зорламайды өзіңнің қалауың білсін дейді. Екеуі де бұдан өздерінің де, өзгенің де, яғни жазғаның да, оқығаның да әйтеуір де зиянын көрмейтініне нық сенімді, пікірлер ортақ. «Кабуснама мен қарасөздер дидактикалық сарынмен жазылуымен қатар, айтар өсиетін жеткізу, талдау да әр кезеінен сөйлесу мәнері, қзгешілігі байқалғанымен, түптеп келгенде түсіндіруін де үндестік жатқандай. Осы айтқанымызды дұрыс – бұрысын дәлелдеу үшін «Кабуснаманың» алтыншы тарауындағы сөзден үзінді келтіріп, оны Абайдың он тоғызыншы қарасөзімен салыстырайық.«Кабуснамадан» үзінді: «Ей, перзенттім, қанша дана болсаңда, сен өзіңді халықтан асқан данамын депа есептеме, сен өзіңді кіші санасаң, дара боласың, надан санасаң, дана боласың. Өзін қарапайым ұстап, білімсіз дейтін білімдар – нағыз дана сол.»Сократ хакім: «Егер бір кісі» «Сократ хакім данышпан, оның данышпандығын бүкіл дүние жүзі біледі десе, жоқ, олай емес, мен ештене білмеймін, қарапайым жанмын» деп жасқанбай жауап қайтарар едім. Шын мәнінде, бұл сөздің өзң де мен туралы айтылған асыра дәрәптеу» депті. Демек, ілімге тоқмейілісіп, мастанба. Әр істі ойлап істе, кеңіскен істекемшілік аз болады. Ақылды, жаңашыр достарыңмен кеңескейсің. Білгеннің жөн, бір кісінің ой – пікірі, екі кісінің ой-пікіріндей болмайды, бір көз екі көзбен көргендей болмайды. Ақылды, жаныашар достарыңмен кеңескейсің. Тәуіп өзін – өзі емдей алмайды». Он тоғызыншы қара сөз: «Адам ата-анадан есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескере дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескере, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді естігенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып естісі, не есіткен жерден қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұщынбаса , не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, есті – есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады». Кейкаус: «дана адам» десе Абай «есті адам» дейді, екеуінің айтары «тоқмейілсіп мастанба, өзгелердікін еске, жақсы – жаманнын салыстыра» дейді. Патша Баласының да, қалың көпшіліктің де даналыққа, естілікке ұмтылу жолы – бір. Кейкауыста, Абайда өз тұжарымдамаларында хакімнің айтқанына көбірек сілтеме жасап отырады, бұл артық айтып адаспаудың ең тура жолы және бірінен – біріне жалғасқан даналықтың үндестігі десе болар. Кейкауснама» мен Абайдың қара сөздерін салыстырғанда заман өзгергенмен адамгершілік құндылық ешқашанда өз қасиетін жоймайтынын және ол туралы қай кезде айтсаң да бір – бірінен алшақ кетпей тұрғанын көреміз.«Какбуснама» мен Абайдың қара сөздерін салыстырғанда заман өзгергенмен адамгершілік құндылық ешқашанда өз қасиетін жоймайтынын және ол туралы қай кезде айтсаң да бір – бірінен алшақ кетпей тұрғанын көреміз. «Какбуснамада» : «Ұят иманға тән» деген екен. Бірақ көп жағдайда шамадан тыс ұяңдық өзіңе зиян келтіреді. Әдеттен тыс ұялшақ болмаған. Ұялшақтық әр кез қателесуіне себепкер болып, ісіне нұсқа келтіреді дейді алтыншы тараудан тыс ұяндық өзіңе зиян келтіреді. Әдеттен тыс ұялшақ болмаған. Ұялшақтық әр кез қателесуіне себепкер болып, ісіне нұқсан келтіреді дейді алтыншы тарауда өнерлі, өнегелі болу турасында.Ал отыз алтыншы қара сөз былайша басталады:«Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар — надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді дейді.Тіпті Кейккаус баласына: «Жаман істерден, өтіріктен, қанағатсыздықтан ұял; тура сөз, ізгі тілек, жақсы бастамадан ұялма» десе, Абай тыңдаушысына ширағатқа теріс, я ақылға теріс, я бойға теріс шын ұятқа жатқызамыз деп сараптайды.Мұндағы айырмашылық патша баласын «ұят істерден» сақтардырса, ал патшалық Ресей отаршылдарының іс – әрекетін жүрегі сезіп, көңілін суытқан Абай тыңдаушысы – халқының арасынан ұялмақ түгіліқызармайтындардың көбейе бастағанына налиды, ұялтайын десем «мен –ақ ұятты болайын, өзің де сүйтеп пе едің?» не болмаса менен басқалар оңып тұрған жоқ деген ұялудың орнына дау айтады деп өз – өзіне сұраө тастайды: «Осы ұялған кісі дейміз бе?» Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?»Біз бұл салыстырулардан мысалға келтіре отырып, АбайдыңШығысқа қатынасын өзінің зерттеу объектісіне көбірек алып жүрген М.Мырзахметовтің «»Кабуснама» мен Абайдың қара сөздерінің құрылысымен жанрлық, стильдік туыстылығы барлығын ескермеуге, әрі оларды ерекшелікпен есептеспеуге болмайды да. Осы себепті біз Абайдың қарасөздерінің өзіндік сипаттарының түп – тамырын шығыс әдебиетінде өріс алған «намелер» дәстүрімен сабақтасып жатқан құбылыс деп танимыз» деген Абай қара сөздерінің «немелерге» байланыстылығын байқата отырып, белгілі ғылым Сейт Қасқабасовқа «…жанр – қатып қалған тас емес. Оның мазмұны да, түрі де әр дәуір мен қоғам талабына сәйкес дамып, өзгеріске т.сіп отырады. Сондай-ақ эстетикалық формула да бір жанрдың ішінде өзгеріп отырады дегеніндей «намелердің» Абай қара сөздерінде дәлме – дәл көрініс береді деп айта аламыз.Абай данышпандығының бір қыры айтар ойын жалқыдан жалпыға, қарапайымнан күрделіге, ең бастысы өз айналасынан яғни қазақ халқының өзінен мысал келтіре отырып жеке пікірден ұлттық деңгейге, тіпті адамзаттың деңгейде айтарын аңғыртып, тамырын тереңге жоюы, М.Әуезовтің сөзімен айтқанда Абай: «…өзінің ой – сезім дүниесіне әсер еткен ағымдардың бәрін өзінің өздік ерекше елегенінен өткізіп, қорта өзгертіп алады» (1, 172б) Бір қарағанда Абай Әбішті балаларымның ішінде «ерекшесі» осы еді деп «әке баласына сыншы» деген әрбір әкеге тән қағиданы айтып тұрғандай ал түптеп келгенде «толық адам», «Жомарттық» қасиеттерін өз ұлтына тән ғана емес қазақ баласына «балай» отырып, соларға тән сипат ретінде көргісі келсе Әбіштің бойындағы осы қасиеттерді Абайдың балсы көргісі келді және Абайдың талап етуі негізсіз емес. Жомарттық – қазақтың ұлттық үрдісі. Ол бастауын сан ғасырлар фольклордан алған Атымдай Жомарт немесе жеке басынан халық қамын жоғары қойған адал қызмет етуші Қамбар батыр болып ауыз әдебиетінде көрініс берсе, жазба әдебиеттінде Абай мен Ы.Алтынсарин шығармаларында қайта түлеген Атымтай мен Әбіштің бейнелерінде шынайы өмірдің ортасында өміршең, қалыптасқан кейіпкерлерекенін танытты. Қамқор батырдың күш – қайрат, аншылық кәсәбінде халықынан аямады, ал Атымтайдың егіншілік кәсібімен еңбегін, Әбіштің әскери кәсібі мен білімін елінен аямайтыны аян. Жомарттылыққа тән үрдіс қасиет (ақыл, әділет, рахым) бұларда бар әрі оның дәлелі – бұлар халық үшін істі қолға алғанда мақтан үшін, не әлде біреудің айтуымен емес, оның қасиеттердің қозғаумен өздері қолға алады. Жомарттықтары есепте те құрылмайды – міндет етпейді, ақы талап етілмейді – жүрек қалауы, нағыз қазақы сақылық. Абай жуанмәртіліктің арғы – бергі тарихын әрә-бері тарзылай отырып, қазақ халқының бойындағы асыл қасиеттін бірі ретінде бағалай келе ары қарай дамытуын қалайды, «толық адам» дәрежесін дамытуын әбіш арқылы жеткізеді: «Ғылымға көңілі зеректі», дей келе былай жырлады:

Тура сөзді жақтаған,Бала айтса хақ сөзді, Бұрылысмастан тоқтаған.Аямаған кәсіптен,Қолдан келген көмегі…Бөтен көзде көрсе жас, Айнаймын деп күлдіріп…Дүниелікке көңіл тоқ, Айғайынға бауырмал. Дана Абай кім – кімге де «адам болам десеңіз осындай бол» деп гума – низмнің биік тұлға бейнесін үлгі етеді, сол жолда таңдауға үндейді.ҚорытындыАбай шексіз құбылыс. Оның бай мұрасына үңілген сайын қыры мен сыры ашыла береді. Сондықтан, кім болсада, оның болмысын тұтас қамтып, көрсетіп, айтып беру мүмкін емес. Алыс сапар алғашқы қадамнан басталады дегендей, тұңғыш рет әзірлеген бұл жұмысым ақынды әлі де толық танып біліумее көмегі тиер деп ойлаймын.

Сілтемелер

[1] Н.Ә.Назарбаев, «Абай туралы сөз» Алматы.Рауан-1995ж 160 б[2] М.Әуезов «Абай ақындығының айнасы» 172 б[3] М.Мырзвхметұлы «Абай және Шығыс» 25-29 б[4] Ө.Күмісбаев «Абай және Шығыс» 15-23 б[5] А.Нуралиев «Абай және тәжік әдебиетті» 215-223 б [6] И.С.Брагинский«Энциклопедия персидского-таджикской прозы» Душанбе-1990 79-85 б[7] И.С.Брагинский «Кабуснама» 56-75 б[8] Е.Э.Бертельс шығармалары 37 б[9] Кейкаус «Кабуснама» 1-211 б [10] Абай «Қара сөздері» 1,11,17,19,23,29,31,33,36,37,39,41,42,43 сөздері

Пайданланған әдебиеттер:

  • Назарбаев Н.Ә. «Абай туралы сөз». – Алматы: Рауан, 1995. – 160 б.
  • Әуезов М.О. «Жиырма томдық шығармалар жинағы». Т.1.

Алматы:Жазушы, 1985,-496 б.

  • Мырзахметұлы М. «Абай және Шығыс.» — Алматы:Қазақстан,1994-208 б
  • Күмісбаев Ө. «Абай және Шығыс». –Алматы: ҚазМУ. -1995. — 344 б
  • Нуралиев А. «Таджикско-Казахские кулурно-литературные связи ХІХ-ХХ в.в» -Душанбе: Сурушан, 2001, -264 с.
  • Абай. «Шығармаларының екі томдық толық жинағы», «Поэмалар»,

«Қара сөздер» -1995,-180 б

  • Абай. «Шығармаларының екі томдық толық жинағы». –Алматы:Жазушы. – Т. 2: «Өлеңдер мен аудармалары», «Поэмалар», «Қара сөздер». – 1995, — 380 б

Диван-е Рудаки-е Самарканди // Бар асасе носхейе Сайид Нафиси.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.