Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы, ата ананың қадірі

0
222
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті 9 – сынып

Сабақ тақырыбы: Шал ақын. (Тілеуке Құлекеұлы) «Ата ананың қадірін біл», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдері
Жалпы мақсат: Шал ақынның өмір жолымен еңбектерімен таныстыру. Ақынның өлеңдерінің шығу тарихымен таныстыру.
Сілтеме: Нұсқаулық, Қазақ әдебиеті 9 – сынып оқулығы «Атамұра»2014 ж.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Топта, жұпта жұмыс жасай алады, диалог құрастыра алады. Оқушылар бір – бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.
Сөздік қорлары дамиды. Білімге құштарлықтары артады;
Негізгі идеялар: Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақта қолданылатын ресурстар: Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, материал. Тілеуке Құлекеұлының еңбектері

Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту
Интерактивті оқыту әдісі;
Оқыту үшін бағалау;

Білу
– Шал ақынның шын аты – жөні
кім?
– Тілеуке Құлекеұлы
– Мысалы, «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің»?
«Сиқырлы жәшік» ойыны. Жәшікте үй тапсырмаларын бекіту сұрақтары берілген. Кез – келген оқушы бір сұрақ алып, өзі білмесе, басқа оқушыға бағыттайды. Келесі оқушы алады.

Түсіну
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы)- Көкшетау өңірінде дүниеге келген халық ақыны. Әкесі Құлеке батыр Тәңірбердіұлы – қазақ қалмақ соғысының атақты батырларының бірі, Абылай ханның қадірлес досы, сенімді батыры, беделді елшісі болып, Орта жүздің ішіндегі ел бастаған, қолбасшы адамы болған.
Анасы – үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидің қызы.

Қолдану
а) Берілген жаман мен жақсы сөзі бойынша екі топ әңгіме құрастырып айтып беру.

Талдау
Сергіту сәті:
А) Тілеуке Құлекеұлы туралы түсіндіру. (слайд арқылы) кітапта
203 – 206 – бетті балалар оқиды. 10 мин. уақыт беремін.
Б) «Өзіңді тексер» атты тапсырманы орындау.
Шал ақын. (Тілеуке Құлекеұлы) «Ата ананың қадірін біл», «Бұл дүниенің мысалы» өлеңдері жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/