Ә дыбысы мен әріпі

0

Пәні: Сауат ашуСынып: 1Күні:

Мектеп: Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі

Осы сабақты қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 . Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру1.2.1.2. Оқудың түрлерін буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу.1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар білуге тиіс: Әә дыбысы мен әрпін біледі, жазады. Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:әріпті дыбыспен сәйкестендіреді, сөздерді буындап оқиды. Кейбір оқушылар білуге тиіс: әріпті дыбыспен сәйкестендіреді, сөздерді тұтас оқиды, сөйлем құрайды.

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

Ә дыбысы мен әрпін ажыратады,сәйкестендіре алады. Дыбыстық талдау жасай алады. Сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін буындап әрі тұтас оқи алады. Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Электронды оқулық, бейнекөрсетілім

Бастапқы білім

Өтілген әріптерді біледі, таниды, оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Ұжымдық жұмысҚуанамын мен де,Қуанасың сен деҚуанайық достарымАрайлап атқан күнде-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша

Түстер арқылы топқа бөлінуI топ «Қыс» II топ «Көктем» III топ «Күз»

Әр топтың оқушылары жыл мезгілдері туралы айтады

Шаттық шеңберін құру

Сабақтың ортасы35мин

Ә дыбысы мен әрпімен таныстыру, әріп жазу таңбасын үйретуӘ дыбысына байланысты сөздерді буындап тұтастай оқыту«Мозайка» әдісі бойынша буындардан сөз құрау

Электронды оқулық

Дескриптор:-ә дыбысы мен әрпін таныды, жазды;-ә дыбысынан келетін сөздерді буындап тұтас оқыды-буындардан сөз құрады

Сергіту сәті

Біз балдырған баламыз,Құстай қанат қағамызДүниені аралап,Оқып,білім аламызКөзді салып қараңызБылай қанат қағамыз

Сергіту сәтіне арналған жинақ

I топ: Шашылған әріптен сөз құрастыру

II топ: Семантикалық картамен жұмыс

III топ: Қай ұлдың есімі Дәурен екенін тап

Үлестірмелі парақшалар

Дескриптор:-Әріптерден сөз құрады;-бір буынды, екі буынды сөздерді ажыратты;-екі буыннан тұратын ұлдың атын тапты

Қызықты тапсырма

«Қай әріпті жоғалттым» ойыныЖаңылтпашты жатқа айтЫммен аққала жасау

Сабақтың соңы

Рефлексия-нені білдім? Нені үйрендім?-нені түсінбедім?-смайликтер арқылы бағалау

Саралауоқушы белсенділігін арттыруға тапсырмалар бердім. Бала қызығушылығын ойын ойнату арқылы арттырдым, деңгейлік тапсырмалар бердім. Бағалау критерийіБүгінгі сабақта болған көңіл –күйді бет алпеті салынған суреттер бағдаршам арқылы бағалаймын.

(қызыл = түсінбедім, жасыл = барлығы түсінікті, сары=түсінгендеймін ).

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттарын дұрыс таңдадым. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді деп есептеймін. Сабақта саралау жұмыстарын жүргіздім. Уақытты тиімді пайдаландым.

Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)1.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.2. Жоспарланған ойындар сабақтың өтуіне тиімді болды.Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады.1.Топтық ,жұптық ,жеке жұмыстар ұйымдастыру сабақты жақсартуға ықпал етті.2.Элекртондық оқулық , бейне жазба ресурстар пайдалану оқушылардың сабақтың жақсы түсінуіне көмектесті.