Зат құрамының тұрақтылық заңы

0
271

Химиялық қосылыстар түзелгенде, атомдар санының арақатынасы тұрақты болады. Мысалы су молекуласының түзулуі үшін – бір оттегі және екі сутегі атомы қажет. Атомдардың бұл арақатынасы сақталады.


Су молекуласы


Сутегі мен оттегіден суды алу үшін, сутегіні оттегінде жандырады. Бұның химиялық реакциясы мынандай:


2H2 + O2 = 2H2O


Бір оттегі атомына екі сутегі атомы сәйкес келеді, егер сутегі не оттегі атомдары бұл арақатынастан көп болса, артығы реакцияға түспейді, бастапқы күйінде қалады.


Зат құрамының тұрақтылық заңы дегеніміз осы:


Күрделі заттың құрамы, алыну тәсіліне байланыссыз тұрақты болады.


Бұл заңды көрнекті француз ғалымы Ж. Пруст ашты.


Бірақ кейбір заттар бұл заңға бағынбайды.

Пән: Химия