7-20-25: Сіз жіберіп алған алты жаңалық
«7-20-25» бағдарламасының іске асудағы алғашқы айлардың нәтижесі осындай. Осы орайда бағдарлама кеңейіп, қазақстандықтарға жаңа ұтымды шарттар ұсынуда.
«7-20-25» бағдарламасының маңызды кезеңдерінен құлағдар болыңыздар.
1. Бағдарламаның іске асуына президент Нұрсұлтан Назарбаев көңіл бөлді. Кезекті халыққа жолдауында бағдарламаға қажетті қолдау көрсетпегендері үшін шенеуніктерге сөгіс жариялады. Елбасы жыл соңында басшылықтағы қызметкерлердің жұмыс нәтижелерін осы санат бойынша бағалайтынын жеткізді. «Отбасында екі адам жұмыс істесе, ипотека алып, ай сайынғы несиені төлеп отырғандары дұрыс. Пайыздық мөлшерлеме тек 7%, қалғанын мемлекет өз мойнына алады. Алғашқы жарна құны 50% құраған, ал қазір тек 20. Бұрын 10 жылда қайтарсаң, қазір 25 жылда қайтаруға мүмкіндік береді. Демек, салыстырғанда тиімдірек. Бірақ бұл аймақтарда қалай іске асады? Сол маңызды», – деп әкімдерден сұраған болатын президент.
2. 22 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев «7-20-25» бағдарламасының кеңею шараларын қамтитын Жолдаудың іске асуына байланысты жалпыұлттық жоспарға қол қойды. Мемлекет есебінен жалақы алатындарға: мұғалімдерге, дәрігерлерге және полиция қызметкерлеріне алғашқы жарна көлемін азайту. Сонымен қатар шара жоспарында бағдарламаның іске асу сапасын банктер қатысуының белсенділігімен көтеру бар.
3. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев кейбір азаматтардың «7-20-25» бағдарламасы аясында берілетін пәтер құнын көбейту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. «Бастапқыда бұны ипотека деді, ал ипотека дегеніміз, әр азаматтың өз мүмкіндіктерін бағалап, 25 жыл несие төлеуге дайын екенін білдіреді. Иә, төмен мөлшерлеме, жүктемені азайттық, әрі пәтер 10 миллион тұрған жағдайда ай сайынғы төлем құны – 57 мың теңгені құрайтынын да айттық», – деді Ақышев журналистерге.
4. «Баспана» акционерлік қоғамының төрағасы Қайрат Алтынбеков алдағы екі жылға арналған жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы аясында 15 мың пәтер салу жоспарлануда. 150 миллиард теңгелік облигацияны сатып алу жолымен әкімшіліктерге қор берілуі мүмкін. Қаражат бағдарлама шарттарына сәйкес келетін пәтерлердің белсенді құрылысына жұмсалады. Келесі шектеулер анықталды:
Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша – 20 миллиард теңгеге дейін, қалған қалалар бойынша – 6,4 миллиард теңге. Алтынбеков қаражаттың мерзім бойынша бөлініп тұратынын түсіндірді. Алдыңғы несиені игергеннен кейін және облигацияны төлегеннен кейін аймақтар жаңа қорға өтініш білдіре алады.
5. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктеріне берілген өтініштерді зерттей келе, кейбір отбасыларына неге «7-20-25» бағдарламасы аясында ипотека берілмегенін түсіндірді. Анықталғандай мақұлданбаудың басты себебі – несие алушылардың табыс көздерін растай алмағандықтары. «Бағдарлама ендігі жеңіл шарттарды қарастыруда, оның ішінде несие алушы ең аз табыс тапса болғаны немесе қосалқы қарыз алушыны тартуы керек. Мақұлданбаған өтініштердің басым саны несие алушылардың табыстарын растай алмағандықтарынан болған», – деген Олег Смоляков, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Сенаттағы кездесу барысында.
Екінші шектеу – алғашқы тұрғын үйлердің аймақтарда қолжетімді болмауы. Тұрғын үйлер көп жағдайда облыстық орталықтарда салынады, және тұрғын үйлер аудандық орталықтар мен ауылдарда жоқтың қасы. Бағдарлама Астана, Алматы қалаларында, сонымен қатар Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында белсенді дамуда.
6. «Баспана» ипотекалық ұйым «7-20-25» бағдарламасының алғашқы қорытындысын жүргізді. «Баспан» ИҰ-ның мамандары жүргізген сараптама неси алушылардың 60% ай сайын 100 мың теңгеден аз төлейтінін көрсетті. Тек олардың 6% максималды көлемдегі несиені алуға мүмкіндік алды (20 миллион теңгеден Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында, 12 миллион теңгеден басқа аймақтарда). Несие алушылардың басым саны – 37% 10-15 миллион теңгенің аралығында несие алған.
«Бағдарлама өзінің әлеуметтік бағытын толықтай растағанын көріп отырмыз. Алайда «7-20-25» шығылдық, төлемділік және қайтарымдық негізінде қалыптасқан ипотека бағдарламасы екенін ұмытпауымыз керек. Бұл бағдарлама өзінің табысын серіктес-банктер алдында растай алатын кез келген жұмыс істейтін қазақстандыққа қолжетімді», – деді «Баспана» ипотекалық ұйымының төрағасы Қайрат Алтынбеков.
Естеріңізге сала кетсек, «7-20-25» бағдарламасы 19 маусымда бекітілді, ал 2018 жылдың 4 шілдесінде бастап іске асуда.