Тоныкөк | өмірбаяны

0
129

(646-741)

Оғыз тайпасынан шыққан. Заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болған. 683 жылы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды.

Құтылығ қаған өлгеннен кейін қаған болған інісі Қапағанға да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Қапаған қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарайды, сондықтан тайпа көсемдері қағанына өкпелеп, жырыла көшпекке қам жасайды. Қағанат құлауға айналады. Күлтегін батыр Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастап, ағасы Могилиәнді (Білге қаған) қаған тағына отырғызды. Таққа отырған Могилиән Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс-тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді.

Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті. Тарихшылардың айтуына қарағанда, ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді.