6.1.1.3 Сымсыз желілер 6 сынып

0
Сабақ: Информатика Бөлім: Компьютерлік жүйелер мен желілер Күні: 23.10.2018ж Мектеп: М.Өтемісов атындағы орта мектепМұғалімнің аты-жөні: Сарсенгалиева.Ж.А Сынып: 6 Қатысқандар: 15 Қатыспағандар: Тақырыбы: Сымсыз желілер Осы сабақ мүмкіндік туғызатын оқыту мақсаттары 6.1.1.3 Сымсыз байланыстың артықшылығын түсіндіру Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну, қолдану Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар істеуге дағдыланған: сымсыз байланыс ұғымын білу Оқушылардың көпшілігі істей алады: сымсыз байланыс артықшылықтарын түсіну Кейбір оқушылар істеуге қабілетті: сымсыз байланысты қолданудағы тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру Бағалау критерийі Сымсыз байланыс ұғымын біле отырып, артықшылықтарын түсіндіреді және сымсыз байланысты қолдана алады. Тілдік мақсат Оқушылар істей алады:Сымсыз байланыс ұғымын біліп, артықшылықтарын атап көрсете алады.Сымсыз байланысты қолдана алады. Пәндік лексика мен терминология: Сымсыз байланыс, Wi-Fi (ағылшын тілінде wirelessfidelity – сымсыз дәлдік ), WLAN, WPAN, BWA, мобильді байланыс, компьютерлік желі, компьютерлік желілер түрлері, жергілікті желі-LAN (Local Area Network) Сұхбатқа-хатқа арналған пайдалы сөздер:Сымсыз байланыс ұғымын білемін, артықшылықтарын атай аламын. Сымсыз байланысты қолдана аламын. Құндылықтарға баулу Сымсыз байланыс ұғымын біліп, артықшылықтарын түсіне отырып, сымсыз байланысты қолдану арқылы инновациялық-индустриалдық кластерлерді дамытуға баулу Пәнаралық байланыс Термин сөздерді ағылшын тілінде аудармасын атайды, сымсыз байланысты қолданып, жаратылыстану пәнімен байланысты мәліметтерді ғаламтордан ала алады. Алдыңғы білім Ортақ қолжетімді файлдарды орналастырып, өзгерте алады, жүктей алады. Жоспар Сабақ кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жұмыстар Ресурстар Басы 1 минут2 минут1 минут

2 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнатуОқушыларды «Мозайка» әдісі бойынша суреттер қиындысын жинау арқылы 2 топқа біріктіру.Миға шабуыл:-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына суреттерден не көріп тұрсыздар?Құрастырылған суреттерде не бейнеленгенін сұрау арқылы сабақ тақырыбына назар аударту. Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру Суреттер бейнеленген қағаз қиындылары Ортасы 5 минут

3 минут

5 минут

15 минут

2 минут

2 минут

2 минут

«Сымсыз байланыс Wi-Fi» тақырыбында бейнекөрсетілім арқылы тақырып бойынша мағлұматтармен таныстырамын. «Ашық хат» әдісі арқылы топтарға тапсырмалар жазылған хаттар беремін.Тапсырма №1:Сымсыз байланыс дегеніміз ……………………………………………………………………………………………………………………………….Тапсырма №2:Сымсыз байланыс артықшылықтары:…………………………….. ……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….Тапсырма №3:Ноутбукті, смартфонды wi-fi сымсыз байланыс желісіне қосып, «Қазақстан қорықтары» туралы қосымша мәліметтер тауып, жүктеңіз.Тапсырма №4: «Сымсыз байланыстың шығу тарихы» туралы қосымша мәліметтерді тауып, жүктеңіз.«Күлегештер» әдісі арқылы түрлі түсті күлегештер беру арқылы тапсырманың орындалу нәтижесін формативті бағалаймын. Сергіту сәті: «Сандар» әдісі арқылы ауада 1-10 сандарын дене мүшелерімен (көзбен, қолмен, аяқпен, иықпен т.б.) жазады.«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша рефлексияжасауды ұсынамын. 6-сынып Информатика оқулығы, тарқатпа материалдар, түрлі түсті күлегештер,

түрлі түсті А4 парақтары

Соңы 5 минут «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы оқушылардың сабақ бойынша білімдерін тиянақтап, кері байланыс жасаймын.Сұрақтар:

  • Сымсыз байланыс қандай қажеттіліктерден туындаған?
  • Сымсыз байланыстың брендтік атауы қандай?
  • Wi-Fi терминінің ағылшын тілінен аудармасын айтыңыз.
  • Сымсыз байланыс желісінің түрлерін атаңыз.
  • Сымсыз байланыс артықшылықтарын атап беріңіз.
  • Персоналды сымсыз байланыс (WPAN) желісінің ерекшеліктерін атаңыз.
  • Ауқымды сымсыз байланыс (WWAN) желісінің артықшылықтарын атап шығыңыз.
  • Сымсыз жергілікті жүйелердің негізгі пайдалану облыстарын атаңыз?
  • Бағалау критерийі Дескриптор Сымсыз байланыс ұғымын біле отырып, артықшылықтарын түсіндіреді және сымсыз байланысты қолдана алады. Сымсыз байланыс ұғымын біледі.Сымсыз байланыс түрлерін біледі.Персоналды сымсыз байланыс (WPAN)желісінің ерекшеліктерін атай алады.Жергілікті сымсыз байланыс(WLAN) желісін қолдана алады.Ауқымды сымсыз байланыс (WWAN) желісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсете алады.Сымсыз байланыстың артықшылықтарын атап көрсете алады.Сымсыз байланысты есептеу және байланыс құралдарында қолдана алады.Сымсыз байланыс көмегімен ғаламтордан ақпараттарды жүктей алады. Қосымша ақпарат: сымсыз байланыстың шығу тарихы туралы қосымша мәліметтерді ғаламтордан алу Саралау (Дифференциация) – Сіз көп қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілетті оқушылар алдына қандай есептер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыстарДенсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыстарҚұндылықтармен байланыстар Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және бірін бірі қолдайды. Егер қажет болса, қосымша көмек көрсетіледі. Сыни пікірлерді қабілетті оқушылардың жұмыс сапасын жақсарту мүмкіндігін арттыру үшін сымсыз байланыс шығу тарихы туралы қосымша мәліметтер табуды ұсынамын. Оқушылардың жұмысын қадағалау мақсатында «Өрмекшінің торы» әдісін қолданамын. Термин сөздерді ағылшын тілінде аудармасын атайды, сымсыз байланысты қолданып, жаратылыстану пәніне байланысты мәліметтерді ғаламтордан ала алады. Көзге арналған және дене жаттығуларын жасайды.Компьютер сыныбында қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Талдау жасауСабақ мақсаты/тәлім-тәрбие мақсаты шындық мәнінде болды ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгізер едім және неге? Осы бөлімді сабаққа талдау жасауға қолданыңыз. Сіздің сабақ жөніндегі сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. Қорытынды бағамдауҚандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1.2.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?