22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған, қазақшаңыз қалай сайыс сабақ

0
Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай? ойын — сайыс.
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін
қалыптастыру.
Түрі: ойын — сайыс сабағы

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз.

Сайысымыздың ұраны
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы —
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз — орыс сынып оқушыларының және басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
Сайысымызды бастамас бұрын 4сынып оқушыларының тіл — туралы әзірлеген тақпақтарын тамашалаймыз.
1. Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі.
2. Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
3. Қазақ халқының асыл қазынасы елдігіміз, ұлан — байтақ жеріміз және қасиетті де
бай тіліміз.
4.Тіл – өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді.
5.Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі.
6.Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының азаматының парызы.

7.Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

8.Ана тілі — біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып — қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

9.Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

10.Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

11.Мен Қазақстанда тұрамын. Мен қазақпын. Ана тілім — қазақ тілі. Менің досым бар. Ол — орыс. Оның ана тілі — орыс тілі.
Әр адам өз ана тілін білуі керек. Мен ана тілімді құрметтеймін. Ана тілім — ата — бабамның тілі. Ана тілі — дана тіл.

12.Өзге тілдерді үйрену үшін адам өз ана тілін жақсы білуі қажет. Мен ана тілімді жақсы білемін.

13.Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Қазақша кітап оқып, өлең жаттаймын. Хат та жаза аламын. Болашақта қазақ тілінде жазылған басқа да шығармаларды оқимын деп ойлаймын.

14.Біздің елімізде қазақтар, орыстар, немістер, ұйғырлар, татарлар тұрады. Немістің ана тілі — неміс тілі, ұйғырдың ана тілі — ұйғыр тілі. Кейбір адамдар бірнеше тіл біледі. Ол — дұрыс. Бірақ ана тілімізді қалған тілдің бәрінен жақсы білуге тиіспіз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! Деген белгілі ақын Қадыр Мырза Әли.

Ән « Анамның тілі — аяулы үні» орындайтын хор.

1.Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: «Жаным,
Арайлы таңым».
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін маған.
Қайырмасы:
Анамның тілі — айбыным менің,
Анамның тілі — ай — күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.

2. Анамның тілі
Аяулы үнім,
Жүректің нұры
Жүгерді құйды.
Сүйгенім тілек
Сүйемін ана
Мәңгілік жаса
Қазақтың тілі.
Қайырмасы.

Бүгінгі сайыс сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:
1 Таныстыру
2 «Кім жылдам?»
3 Білімпаздар
4 Сөз тапқанға
5«Тапқыр болсаң – тауып көр»
6 Ойлан тап
7 Қызықты ұйқастар

Әр жүргізілген кезең бойынша түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысқа 4Д, 4Е, 4Г сынып оқушылары қатысады.
Балалар әділ — қазы алқасымен таныс болыңыздар
Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық»,- деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.
1 — кезең. Таныстыру.
І — топ. « Достар».
2 — топ. «Болашақ».
3 — топ. «Сұңқар»
2 — кезең. «Кім жылдам?»
Сұрақтарға тез, дұрыс жауап беру.
1 Қазақ әліпбиінде неше әріп?
2 Дауыссыз дыбыстар қанша?
3 Біздің Отанымыз қалай аталады?
4 Мемлекеттік тіл қай тіл?
5 бір жылда неше мезгіл бар?
6 Қазір қай жыл мезгілі?
7 Бір аптада неше күн?
8 дауысты дыбыстар жақ қатысына қарай қандайға бөлінеді?
9 қазақ тілінде қанша жалғау түрлері бар?
10 Бүгін нешесі?
11 Бір жылда неше ай бар?
12 Күзде балалар қайда асығады?
3 — кезең «Білімпаздар» Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топ ұпай алады..
Құрылатын сөздер:
М ӨСЛЙЕ — Сөйлем
УҒАЛЖА — жалғау
ЗСӨ — сөз
ЛТІ — тіл
ҚАБАС — сабақ
ОҢЫАУҚР — қоңырау
ЕТМПЕК — мектеп
ЖБРЫСОЛА — жолбарыс
ҰМАҒЛМІ — мұғалім

Ақсай қаласының
№4 жалпы орта білім беретін мектебі
Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Б. К. Кусаева
Қазақшаңыз қалай? ойын — сайыс жүктеу
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған «Қазақшаңыз қалай?» ойын — сайыс слайд жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/