Көктемде Астанада алма бағын отырғызу жоспарлануда

0

Қазіргі таңда қатты аяз бен желге төтеп бере алатын бірнеше алма сұрыптары таңдалынып қойған.

Елбасы қатысып жатқан Жастар жылы салтанантты шарасының ашылу рәсімінде фермер әрі «100 жаңа есім» байқауының қатысушысы Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызу туралы жоспары жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан алманың тарихи Отаны екенін Сіздің «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақалаңыздан оқып білдім. Бүгін біз махамбет алмаларын баптау арқылы, ұлы дала рухын жандандырамыз. Жастар жылы – нақты жобаларға демеу болғымыз келеді. Біз осы жылы көктемде Астанада алма бағын отырғызуды жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Оның айтуынша, бұл мақсат үшін алманың бірнеше сұрыпы таңдалынып алынған.

«Біз аяздан да, желден де қорықпайтын алманың төрт түрін дайындап қойдық. Оларды тамшылап суару жүйесімен қамтамасыз ететін боламыз. Елордамыздан орын бөліп беруіңізді сұраймыз», — деп Презиндетке сөзін жолдады ол.

Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде бұл істі астана әкімі Бахыт Сұлтановқа тапсырды.

«Мұны қазір Бахыт Сұлтанов түртіп алып, сіздерге қолдау білдіреді», — деді ол.

Нұрбек Қожахмет

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/