1920-1930 жж. ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы
№ 2 семестрлік жұмыс
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырыбы: 1920-1930 жж. ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы.
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару
Орындаған: Баймұханов Темірлан Парахатұлы
Тобы: АУк-18-9
Тексерген: доцент,Раджапов Анарбай Өскенбайұлы
_______________ _______________ ____ _________2018 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2018
Жоспар
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
1.Ересек адамдардың сауатсыздығын жою
2.Халық ағарту ісінің дамуы
3.Кәсіптік білім берудің жайы
4.Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы
5.Әдебиеттің дамуы
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … …
Кіріспе
Мақсаты: 1920-1930 жж. ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуын сипаттау.
Қазақстанда мәдениетті дамытуда біраз кедергілер болды. Салыстырмалы түрде зиялы, білімді адамдар тым аз еді. Алаш қозғалысына қатысқан біраз білімді адамдар қудалауға ұшырады. Орталықтан мәдениет саласына басшылық етушілер арасында шовинистік пиғылдар пайда болды.Бұратаналарды темір құрсауда ұстау керек деді солардың бірі. Өлкеде мәдениет мекемелерінің жұмысын бірден аяғынан тік тұрғызуға қажетті материалдық-техникалық база да нашар болды.Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Барлық ересек адамдары сауатты болмай, бүкіл халықты білімді ету мүмкін емес еді. Сондықтан Кеңес өкіметі ересек адамдарды сауаттандыруға үнемі көңіл бөліп отырды. Тиісті қаржы бөлді, оқытушыларды оқу үйлерімен, оқу-жазу құралдарымен қамтамасыз етті. 1924 жылы ұйымдастырылған Сауатсыздық жойылсын қоғамы тікелей ересектерді сауаттандырумен айналысты. 1928 жылдың аяғында республикада сауаттылар 25 % болды. Бұл тым аз еді. Ал қазақтар арасында сауаттылық мұнан да төмен болатын.Алғашқы жылдары бұл жұмыс баяу жүрді. Мектеп үйлері, оқу сыныптары, сауатты оқытушылар, оқу құрал-жабдықтары жеткіліксіз болды. Халықтың едәуір бөлігі көшіп-қонып жүрді. Сондықтан да Қазақ АКСР Орталық Комитетінің төралқасы мен Халық Комиссарлар Кеңесі 1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларды міндетті түрде жаппай оқытуды енгізді. Халықты сауаттандыруға білімді жастар көп үлес қосты. Еңбекші халық та білім алуға құлшына кірісті. Күні бойы жұмыс істеп, шаршағанына қарамастан, кешкісін сауат ашу мектептеріне бір кісідей жиналатын.Осының нәтижесінде 1939 жылдың өзінде республика халқының сауаттылығы 65%-ға жетті, республиканың құрылғанына 20 жыл толу қарсаңындажасы 50-ге дейінгі ересек адамдардың сауатсыздығы, негізінен, жойылды.
1920-1930 жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі
1919 — 1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздық ты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды: Халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі; Жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі; Қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Оның жұмысына С.Асфендияров, А.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Жолдыбаев, А.Чулошников, А.Якубовский белсене қатысты. Қоғамдық бөлімшелер Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қалаларында жұмыс істеді. Қазақша жазу жетілдірілді, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар құрастырылды, қазақ халқының тарихы, этнологиясы жөнінде еңбектер басып шығарылды.1926 жылы М.Массон ежелгі Тараз қаласының орнына қазба жұмыстарын жүргізді. 1926-1927 жылдары КСРО Ғылым академиясының кешенді экспедициясы Қазақстанда статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ащысай қорғасын кеніші, Қарағанды және Екібастұз көмір кеніші, Ембі мұнайлы ауданы зерттелді. 1924 жылғы сəуірде «Сауатсыздықты жою» қоғамы құрылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жүргізді. 1926 жылғы мамырда Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Үш жылдық жəне төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейту бағыты ұсталды. Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Ордада ашылды. 1931 жылғы желтоқсанда «15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті сауат ашу» енгізілді. Ұлы Отан соғысы алдында еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою аяқталды. 1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінде көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді. Барлық жерде жалпыға бірдей білім беру жөніндегі қоғамдық қорлар құрылды. Білім беру ісіне қамқорлық жасауды Қазақстан комсомолы мойнына алды. Ұлттық зиялы қауым қайраткерлері ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісті. 1920-жылдардың ортасында республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс жəне эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды. Алайда ғылыми-техникалық кадрлар жетіспеу мәселесі шешімін таппады. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы оқыту барысы республиканың шикізат қоры сипатын аңғартты. Жоғары оқу орындарында қазақ жастарының аздығы сезіліп тұрды.1930 жылдары өзге республикалардың жоғарғы оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық оқыды. Республиканың жоғары білім жүйесінің қалыптасуына көмек көрсеткен қайраткерлер — С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Əуезов, Қ.Жұбанов. Қазақстандағы ғылыми дамудың негізгі бағыттарын белгілеуге КСРО Ғылым академиясының президенттері С.Вавилов, В.Комаров, Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик А.Самойлович, геолог-ғалым, академик А.Архангельский белсене қатысты. Қазақстан ғылымының дамуына Қ.Сәтбаев зор үлес қосты. Қазақстанда мәдениетті дамытуда біраз кедергілер болды. Салыстырмалы түрде зиялы, білімді адамдар тым аз еді.Алаш қозғалысына қатысқан біраз білімді адамдар қудалауға ұшырады. Орталықтан мәдениет саласына басшылық етушілер арасында шовинистік пиғылдар пайла болды.Бұратаналарды темір құрсауда ұстау керек деді солардың бірі. Өлкеде мәдениет мекемелерінің жұмысын бірден аяғынан тік тұрғызуға қажетті материалдық-техникалық база да нашар болды.Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Барлық ересек адамдары сауатты болмай, бүкіл халықты білімді ету мүмкін емес еді. Сондықтан Кеңес өкіметі ересек адамдарды сауаттандыруға үнемі көңіл бөліп отырды. Тиісті қаржы бөлді, оқытушыларды оқу үйлерімен, оқу-жазу құралдарыменқамтамасыз етті. 1924 жылы ұйымдастырылған Сауатсыздық жойылсын қоғамы тікелей ересектерді сауаттандырумен айналысты. 1928 жылдың аяғында республикада сауаттылар 25 % болды. Бұл тым аз еді. Ал қазақтар арасында сауаттылық мұнан да төмен болатын.Алғашқы жылдары бұл жұмыс баяу жүрді. Мектеп үйлері, оқу сыныптары, сауатты оқытушылар, оқу құрал-жабдықтары жеткіліксіз болды. Халықтың едәуір бөлігі көшіп-қонып жүрді. Сондықтан да Қазақ АКСР Орталық Комитетінің төралқасы мен Халық Комиссарлар Кеңесі 1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларды міндетті түрде жаппай оқытуды енгізді. Халықты сауаттандыруға білімді жастар көп үлес қосты. Еңбекші халық та білім алуға құлшына кірісті. Күні бойы жұмыс істеп, шаршағанына қарамастан, кешкісін сауат ашу мектептеріне бір кісідей жиналатын.Осының нәтижесінде 1939 жылдың өзінде республика халқының сауаттылығы 65%-ға жетті, республиканың құрылғанына 20 жыл толу қарсаңындажасы 50-ге дейінгі ересек адамдардың сауатсыздығы, негізінен, жойылды. Халық ағарту ісінің дамуы. Бүкіл елдегі балаларға міндетті төрт сыныптық бастауыш білім беру жөніндегі заң жүзеге аса бастады. Мектеп жасындағы балаларға төртжылдық бастауыш мектепті бітіру міндетті болды. Ынтасы барлар одан әрі жетіжылдық, онжылдық мектепте оқуына болатын еді. Алғашқы жылдары бұл заң қиыншылықпен орындалды. Көп қаржы керек еді. Барлық елді мекендер мен ауылдарда мектеп үйін салып, оларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет болды. 20-жылдардың орта кезінде республикада қазақ, орыс тілдерінде оқытатын мектептерді былай қойғанда, 73 татар, 40 өзбек, 35 ұйғыр, 44 неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді. Бұлардың бәріне сол ұлттардың ана тілдеріндеоқулықтар жазып, оларды мың-мыңдап басып шығару міндеті тұрды. Жетім, панасыз балалар көбейді. Олардың бәрін тіркеп, мемлекет қамқорлығына алу керек болды. Тек 1932-1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып, балалар үйлеріне орналастырылды. 30-жылдардың екінші жартысынан бастап халық ағарту жұмысы едәуір ілгері басты. Мектептер салынып, интернаттар саны көбейді. Ана тілінде оқулықтар көптеп шығарыла бастады. Бастауыш, орталау мектептер мен орта мектептердің жоғары сыныптарын нығайтуға баса көңіл бөлінді. Қазақ мектептерін дамытуға сол кездегі қазақ ғалымдары, мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар белсене араласты. А.Байтұрсынұлы, Қ.Сәтбаев, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатұлы, т.б. оқулықтар мен оқу-құралдарын жазды.Жылдан жылға мектептердегі мұғалімдердің сандық әрі сапалық құрамы жақсара түсті. Еңбегі сіңген, озат мұғалімдер мемлекеттік құрметті атақтармен, ордендермен марапатталды. Олардың арасында С.Көбеев, Л.И.Добрянская, Н.В.Волков, С.Ақышев, А,Ақатов, Ш.Сарыбаев сияқты халық ағарту ісінің көрнекті өкілдері болды. Кәсіптік білім берудің жайы. Республикаға арнаулы орта білімі әрі мамандығы бар кадрлар өте қажет болды. Сондықтан да 20-жылдардың басынан бастап-ақ техникумдар ашыла бастады. Алдымен педагогикалық техникумдар ашылды. Осы жылы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, дәрігерлік мамандықтар беретін 11 техникум жұмыс істеді. Ал 1940 жылы 30 мың адам білім алды. 1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны — Қазақ педагогика институты ашылды (қазіргі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет). Іле-шала жыл сайын жоғары оқу орындары: Орал және Қызылорда пединституттары (1931-1932 жж.), малдәрігерлік-зоотехникалық (1929 ж.), ауыл шаруашылығы (1930 ж.), медицина (1931 ж.) институттары ашылды. 1934 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) ашылуы мәдени маңызы зор оқиға болды.Республикада инженер-техник кадрлар даярлаудың негізін салған Қазақ кен-металлургия институты Алматыдағы қазақ университетімен бір мезгілде ашылды. Орал, Семей, Петропавл, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай қалаларында мұғалімдер институттары ашылып, олар кейіннен педагогика институттарына айналды.Ұлы Отан соғыыс қарсаңында Қазақстанда 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны жұмыс істеп, оларда 40 мыңдай адам білім алды. Қысқа мерзім ішінде жоғары білімді 10 мыңдай және орта білімді 20 мыңдай маман даярланды. Қазақ зиялыларының қалыптасуына КСРО-ның басқа да халықтарының қосқан үлесі зор. 30-жылдары елдің әр түрлі аймақтарындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарында 20 мыңдай қазақстандық білім алды. Республиканың жоғары оқу орындарында орталықтағы жоғары оқу орындарымен әскери мекемелердің мыңдаған өкілдері педагогтік және ғылыми — зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олардың арасында Б.Домбровский, Н.П.Орлов, М.П.Иванов, К.П.Персидский және басқа көптеген ғалымдар болды. Республиканың жоғары мектебінің дамуына С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Әуезов, Қ.Жұбанов және басқа да қазақ халқының ғылым мен мәдениет қайраткерлері зор үлес қосты. Кен, қаржы, мұнай, ауыл шаруашылығы тасымал техникумдары ашылды.Ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда, ағарту ісінде ұлт зиялылары өсіп қалыптасты. Алайда халық шаруашылығында ғылыми-техникалықкадрлардың жетіспеушілігі айқын сезіліп тұрды. Жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмысы республикадағыөнеркәсіптің шикізаттық сипатына бейімделді. Мәселен, өнеркәсіптің машина жасау сияқты салалары бойынша инженер кадрлар тым аз дайындалды.Оның есесіне, орта мектепті бітірушілердің, әсіресе қазақ жастарының әлі де аздығы жоғары оқу оырндарындағы қабылдау кезінде байқалып тұрды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы. 20-30 жылдары Қазақстанда ғылым дамуының жаңа кезеңі басталды. 1920 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. С.Асфендияров, А.В.Затаевич, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытов, А.П.Чулошников, А.Байтұрсынұлы, Ә.Диваев, А.Ю.Якубовский, М.Жолдыбаев сияқты белгілі ғалымдар оның жұмысына өз үлестерін қосты. Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қалаларында қоғамның бөлімшелері жұмыс істеді. Қоғам қазақ жазуын жетілдіру, қазақ тілінде оқулықтар даярлау, орыс тіліндегі оқулықтарды аудару жұмыстарын қолға алды. Қазақ халқының тарихы мен этнографиясын, археологиясын баяндайтын кітаптар басылып шықты. Белгілі тарихи орындарды қазу мен тарихи ескерткіштерді зерттеу жұмыстары басталды. Алғашқылардың бірі болып Ежелгі Тараз қаласының орнын академик Массон бастаған ғалымдар қазды. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасын құруға (1932 ж.) біртіндеп жағдай жасалды. Оның құрамында екі сектор — зоология және ботаника секторлары мен Алматыдағы Ботаника бағы болған еді. 1935 жылы геология және тарих секторлары құрылды. 1920 ж. акад. И.М. Губкиннiң басшылығымен әрi тiкелей қатысуымен Жайық-Ембi мұнайлы ауданын зерттеу iсi ұйымдастырылды. 1920 ж., сондай-ақ, Қарағанды көмiр алабын, Екiбастұз көмiр алабын зерттеу, … жалғасы