Мұса Тұрсынғалиевтің кезекті жекпе-жектегі қарсыласы белгілі

0

Жартылай орта салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиевтің (8-0, 6 КО) кезекті жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы 1 наурызда Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында жұдырықтасады.

Сегіз раундтан тұратын кездесуде боксшы Винсент Дженнингске (6-5-2, 4 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Мұса соңғы жекпе-жегін де былтыр 28 қыркүйекте осы аренада өткізген болатын. Сол жекпе-жекте төрешілердің шешімімен колумбиялық Дейви Хулио Бассаны (20-6, 12 КО) жеңді.



Дереккөз: prosports.kz/kz