18 (XVIII) ғасырдағы Қазақстан мәдениеті слайд,презентация — Тарих

0

18 (XVIII) ғасырдағы Қазақстан мәдениеті слайд,презентация

 

 

   
    Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан жаңа қоғамдық-экономикалық  қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді. Қазақстан Ресейдің Англяның, Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған. Сөйтіп өлкені өнеркәсіптік – көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру ийтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника мәдениет жетістіктерін  кім ертерек меңгерсе сол халықтың тарихы болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғадық санада берік орнатты.
Халық ағарту ісі 
    XIX ғ. Ортасына дейін қазақ балаларын оқыту – құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Мұсылман мектептерінде негізінен ер балалар оқыды. 1884 ж. Верный, Қапал және Сергиополь уездерінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар болғаны 17,3 мың  қыз балалар оқыды. Бұл ортадан қазақ мәдениетінің А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Б.Майлин және басқалар сияқты аса ірі қайраткерлер шықты. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 жылдан жұмыс істей бастады.  1850 жылы осы Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19 жыл ішнде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж бұл Ы.Алтынсарин табысты бітіріп шықты.
   
Қазақстанның көптеген аудандарында ағаштан, тастардан, шикі қыштан және шымнан тұрғызылатын тұрақты тұрғын үйлер тарады. Қандай материалдан салынғанына қарай оларды «ағаш үй», «жер үй», «кірпіш үй» деп атады. Үйдің аумағы егесінің материалдық жағдайына және от басы құрамына байланысты болды, бірақ тұтас алғанда ол үйлер көшпелі тұрмыс жағдайына барынша бейімдендіріліп салынды.
Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдайларына байланысты ежелгі дәстүрлері бейнеленді. Киім мауытыдан, жүн және жібек матадан, киізден және аң терісінен тігілді. Қазақтарда құланның, ақ бөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілері ерекше қымбат бағаланды. 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!