Бауыржан Исламхан алдағы ойындарға қатыса алмайды

0

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығуы жиынынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бауыржан Исламхан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Шотландия және Ресей құрамаларымен өтетін ойындарға қатыспайды. Оның орнына қосалқы тізімнен қарағандылық «Шахтер» шабуылшысы Оралхан Өміртаев шақырылды.

Айта кетейік, Оралхан Өміртаев ұлттық құрамада 2 ойын өткізіп, 2 гол соқты.



Дереккөз: prosports.kz/kz