1 қыркүйек, білім күні, күміс қоңырау

0

Тақырыбы: 1 қыркүйек – білім күні
Сыныптар: даярлық тобы, 1 — 9 сыныптар.
1 — жүргізуші:. Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.
Армысыздар, құрметті қонақтар мен ата — аналар! Ұлағатты ұстаздар!
1 — жүргізуші: Бармысыздар қымбатты жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Айналайын, дарын бол,
2 — жүргізуші: Жақсы оқып, ер жетіп.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол!
Әділ шешер әр істі
Ақылың асқан дана бол.
Шыбықтай өсіп шынар бол – бүгін 1 қыркүйек – білім күні. Тәуелсіз еліміз — Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай — ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні – өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.
1 жүргізуші: 1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған 1 — сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл күн – бүлдіршіннің балалықтың бал — шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.
2 жүргізуші: Болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы нәрімен сусындағалы отырғалы 1 — сынып оқушыларын сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырамыз.
Сынып жетекшісі: Садыхова Менсұлу Декабровна
1 жүргізуші:
Көңіл толы нұр ағыс
Мен де шаттық жайдамын.
Құтты болсын қуаныш,
Құтты болсын мейрамың!
(Музыка ойнап тұрады, ортаға 1 — сынып оқушылары кіреді.)
2 жүргізуші:
Қуаныш бүгін, мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Бүлдіршінге бір сәлем! Бүлдіршіндердің құрметіне ————————————- орындауындағы……….. әнің қабыл алыңыздар.
1 — жүргізуші: Қымбатты 1 — сынып оқушылары!
Білім ордасы — мектебімізге қош келдіңіздер! Білім еліне аттаған қадамдарыңыз құтты болсын! Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
2 — жүргізуші: Құтты болсын басталған оқу жылы, Құтты болсын, болашақ баспалдағы
1 жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қадірлі ата — аналар мен қонақтар! Дәстүрлі 1 — қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2 — жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа.
Жарасады жігер берер әнұран.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады. )
Тудың қасына тұру құрметіне ие болғандар мектебіміздің оқу озаттары:
8 — сынып оқушысы Мәдиұлы Жоламан мен 4 — сынып оқушысы Лұқпан Ақниет
1 — жүргізуші: Құрметті бүгінгі мерекеге жиылған қауым!
Баршаңызды бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз.
Биылғы 2017 — 2018жаңа оқу жылы атаулы күндермен тұспа — тұс келіп отыр.
— Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл;
— Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл;
— Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл;
— Астана Экспо — 2017 «Болашақ энергиясы»Халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылуда.
2 — жүргізуші: Ұстаздар мен шәкірттер! Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш — жігер, сәттілік тілейміз. Бүгінгі күн сіздер үшін үміттер күні болсын!
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін
Құтты болсын білім күні — мерекең! мәнерлеп оқу Ерболат Назерке «Алғашқы қоңырау»
1 — жүргізуші: Ерекше күн, бүгін тілек — баталар
Ән менен жыр түлектерге арналар.
Барлығының жүретұғын ақ жолы
Құт қонақтың тілегінен нұрланар. Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1. Аудан әкімі аппараты
2. Аудандық оқу бөлімінің
3. Ауылымыздың құрметті азаматы —
4. Ардагер ұстаз —
5. 1 — сынып ата — анасы
1 қыркүйек – білім күні жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!