1 наурыз алғыс айту күні, алғыс білдіру тренинг

0

Тақырыбы: 1 — наурыз «Алғыс айту күні»

Өмірге риза болып, алғыс айт
Халық даналығы
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
– үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
– әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы.

І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Психологиялық дайындық «Мен саған алғыс білдіремін, өйткені…»
В) Топқа бөліну(стикерлер бойынша)

ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгені айтылады: Алғыс айту күні — 1 наурыз.
2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент.
Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір — біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті.

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс — әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым — қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым — қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. Алғысқа қарсы мағына — қарғыс.

Қызығушылықты ояту: «Алғыс» (ассоциация)
ІV. Топтық жұмыс:
1 — топ: Алғыс айту күнi этносаралық достыққа және түсiнiстiкке әкеледi, өйткені…
2 — топ: Өмірге риза болып, алғыс айт…

Дәптермен жұмыс:
«Алғыс күні — еліміздегі ұлттардың бірлігін нығайтудың негізі»
(эссе жазу)

Сахналау.
Оқушылар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады.

І топ: Мұғалімдерді мерекемен құттықтау сәтін сахналау;
ІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

Қорытындылау:
«Ашық микрофон» әдісі бойынша (оқушылар бір — біріне сабақтан не үйренгенін, не білгенін, не түсінгенін айтып шығады).
1 — наурыз «Алғыс айту күні» Өмірге риза болып, алғыс айт жүктеу