Ресей Батыстың алдында «жараланған аю» кейпіне енді

0

Ресей президенті Путин бүкіл әлемге нақты мәлімдеме жіберді: Ресей күшті держава немесе супердержава. Енді еуропалықтар кез келген қақтығысты шешкен кезде Мәскеудің мүддесін ескеру тиіс. Бұл Германияның жетекші саяси қайраткері, неміс канцлері бұрынғы кеңесшісі М.  Штюрмердің «Die Welt» басылымына өз пікірін білдірген еді.

«Қазіргі Ресей жараланған аюға ұқсайды, әлі де күші бар, бірақ өте ашулы екен. Бұны кем дегенде жиырма жыл бұрын түсінуге болады?», — деп ол айтты. Автор Ресейді КСРО-ның уақытымен емес, патшалық Ресей кезеңмен салыстырады, Путинді орыс патшасы деп атайды, Кремльдің «ескі бекінісіндегі» және «эполет» киген орыс солдаттары Штюрмерге теартдағы қойлымды еске салады.

Неміс сарапшының ойынша, Мәскеу қазіргі әлемдік жағдайдан барлығын мүмкіндігінше пайдаланды және Ресей қайтадан ұлы держава болды, ұлы еуразиялық империяға және православие қорғанына айналды.

Штюрмердің пікірінше, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Америка Құрама Штаттар Ресейге сезімталдық танытпады  және тәкәппарлық танытты. Бүгінгі әлем қауіп-қатерлердің алдында тұр және бұл жағдай ұзаққа созылатын болады. Вашингтонның геосаяси сарапшылары бұл жағдайды түсінбейді және Ресей әлсіз емес мемлекет.

«Батыс билігі әлі күнге дейін демократия Кремльге жаңа серпіліс жасайтын уақытты көру үшін өмір сүруге үміттенуде», — айтады неміс сарапшысы. Штюрмердің айтуынша, керісінше, қазір Ресеймен тіл табу керек және мұны неғұрлым ерте түсінсек, соғұрлым жақсы болады екен.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты


Тегтер:Ресей