Қазақстанда билік транзиті тәртіпсіздікке ұласса, Ресей Қазақстанның солтүстігін тартып алар ерді

0
896

Егер Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның президенттік қызметін мерзімінен бұрын тоқтатпаса, Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы билік ауысуы кезіндегі қақтығыс пен аумалы-төкпелілікті пайдаланып Қазақстанның біраз жерін тартып алар еді, деп мәлімдеді ресейлік публицист Юлия Латынина.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтау мақсатында мемлекет басшылығын тастап шықты. Мұндай пікірін ресейлік публицист Юлия Латынина 23 наурызда «Эхо Москвы» радиостанциясында айтты.

«Назарбаев неге ерте өз қызметінен кетіп қалды және оған неге керек болды деген сұрақ барлығын қызықтырады. Менің ойымша, оның жауабы қарапайым, Путин тәртіпсіздік (орысша смута) кезінде Қазақстанның солтүстігін тартып алмау үшін, дәл Қырымды Украинада жаңа биліктің транзиті кезінде тартып алғаны сияқты», – деп пікір білдірді ресейлік публицист Латынина.

Латынинаның  ойынша, «Назарбаев ешқайда кетпеді, ол Қазақстанның иесі болып қалды».

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Назарбаев Қазақстан Президенті қызметінен отставкаға кетті және бұл шешімді қабылдау оңай емес екенін түсіндірді. 20 наурызда мемлекет басшысының өкілеттігі парламенттің жоғарғы палатасының спикері Қ. Ж. Тоқаевқа тапсырылды.

Ант қабылдаған президент Тоқаев ел астанасына Нұр-Сұлтан атын беруді ұсынды. Ол сондай-ақ Назарбаевқа Қазақстанның ең жоғары дәреже наградасын – Ұлттық қаһарман атағын берді.

Керімсал Жұбатқанов,  тарих ғылымдарының кандидаты

Фото: Sputnik