Мешіттегі теракт: лаңкес әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Екі мешіттегі теракт салдарынан 49 адам ажал құшты

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Жаңа Зеландияның мешіттеріндегі атыс салдарынан қаза тапқандар саны 49-ға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұдан бұрын 27 құрбан туралы хабарланған еді, кейін 40-қа жетіп, ал соңғы деректер бойынша, 49 адам террористердің қолынан ажал құшыпты. Сонымен бірге 48 қала тұрғыны зардап шеккен.

  • Жаңа Зеландияда қарулы қаскүнемдер мешітте атыс шығарды

    Жаңа Зеландияда қарулы қаскүнемдер мешітте атыс шығарды

    ©
    REUTERS / STRINGER

1 / 3

©
REUTERS / STRINGER

Жаңа Зеландияда қарулы қаскүнемдер мешітте атыс шығарды

Жұма күні 15 наурызда Крайстчерч қаласының екі мешітінде теракт болды. Қару асынған қаскүнемдер ғимараттарға басып кіріп, атыс шығарған. Төрт күдікті ұсталды, олардың не үшін мұндай қылмысқа барғаны анықталып жатыр. Ұсталғандар арасында Австралия азаматы Брентон Таррант бар.

​The New Zealand Herald мәліметінше, 28 жастағы Таррант атыс басталардан бұрын және оқиға үстінде 17 минут бойы әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген. Одан бұрын «манифест» жариялапты. Теракт ұйымдастырды деген күдіктінің Twitter желісіндегі парақшасы бұғатталған.

sputniknews.kz