Луизиана штаты Голодоморды украин халқының геноциді деп таныды

0

АҚШ-тың 20-шы штаты Луизиана 1932-1933 жж. Голодоморды украин халқының геноциды деп тану туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 29 наурызда Facebook-та Украина елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Луизиана штатының губернаторы Джон Бел Эдвардс 1932-1933 жж. Украинадағы Голодомордың 85 жылдығына орай мойындайтын украин халқының геноциді деп тану туралы заңдарын бекітті.

Украин дипломаттары американдықтарға «Украинамен ынтымақтастық үшін және Сталин режимінің қаза тапқан миллиондаған құрбандарды еске алу үшін тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге қолдау көрсеткендері үшін» алғыс айтты.

Украинада 1932-1933 жж. қолдан жасалған жаппай ашаршылық салдарынан болған қырғынды КСРО үкіметінің украин халқына геноцидтік әрекеті деп санайды. Сол жылдары ауылдық жерлерде миллиондаған украиндықтар ашаршылықтан көз жұмған.

2016 жылы Украинаның Жоғарғы Радасы 1932-1933 жж. Голодоморды украин халқының геноцид ретінде тану туралы өтінішпен демократиялық мемлекеттерге жүгінген тұғын.

Украинаның Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтында хабарланғандай, 24 ел Голодоморды украин халқының геноциді деп таныған, ал 2018 ж. аяғында бұл қатарға АҚШ Конгресі де қосылды.

Ал, Қазақ даласындағы ашаршылықтан қырылған миллиондаған адам жайлы Қазақстанның ресми билігі әлі күнге мұндай қадам жасамай отыр.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты

KzNews.kz