Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық ат жарысында алтын жеңіп алды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жүсіп Ақшора "Халықтың сүйікті әртісі" медалімен марапатталды

Жүсіп Ақшора "Халықтың сүйікті әртісі" медалімен марапатталды
Intelligentno Qu

Қазақ әзіл-оспақ өнерінің ардагері, танымал актер Жүсіп Ақшораға "Халықтың сүйікті әртісі" медалі табысталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда бұл мемлекеттік награда емес. Арнайы марапатты "Intelligentno Qu" жобасы аясында жас әзілкештер мен қазақтілді контент өкілдері ұйымдастырған.

Олар Жүсіп Ақшораның отандық юмор мен сахна өнеріне қосқан үлесін жоғары бағалап, халық атынан арнайы әзірленген медаль мен куәлікті табыстады. Сондай-ақ дәстүрге сай өнер иесінің иығына ақ шапан жапқан.

Жүсіп Ақшора жас әріптестерінің бұл ықыласына ризашылығын білдіріп, өнердегі сабақтастық пен үлкенге құрметтің маңызын атап өтті.

Айта кетейік, Жүсіп Ақшора көрерменге "Шаншар" әзіл-оспақ театрындағы түрлі образдары арқылы кеңінен танылған. Оның сахнадағы кейіпкерлері мен әзілдері қазақ юморының дамуына өзіндік үлес қосты.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер