Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Біреудің маған атақ бергені керек емес”: Жүсіп Ақшора атақ пен награда туралы айтты

“Біреудің маған атақ бергені керек емес”: Жүсіп Ақшора атақ пен награда туралы айтты
Фото: ашық дереккөз

Танымал актер Жүсіп Ақшора отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында осы уақытқа дейін мемлекеттік марапатқа ие болмауына қатысты ойын ортаға салды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ол үшін атақ-даңқ пен түрлі марапаттардың маңызы аса жоғары емес.

«Бұл мен үшін маңызды мәселе емес. Біреудің маған атақ бергені қажет емес. Тіпті “Халық әртісі” атағының өзі керек деп ойламаймын. Егер халық танып, құрмет көрсетіп, амандасып жатса — соның өзі үлкен мәртебе. Меніңше, нағыз халық әртісі дегеніміз — осы», — деді актер.

Еске салсақ, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен өнер саласының бірқатар өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын. Солардың қатарында әнші Дастан Оразбеков те бар.

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары «Шаншар» әзіл-сықақ театрының актерлері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның әлі күнге дейін мемлекеттік марапат алмағанын қызу талқылап, пікірлерін білдірген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.