KZNews.kz
Жаңалықтар

«Жұрт шындықты білсін»: Нұрсұлтан Досбосыновтың бұрынғы әйелі бар шындықты айтты

Дархан Тоқан
Фото: @nadirrovva_

Әлеуметтік желіде марқұм айтыскер Оразалы Досбосыновтың ұлына қатысты жағымсыз деректер талқыланып жатыр. Threads желісінде Назерке Надирова өз парақшасында бұрын Нұрсұлтанмен тұрмысқа шыққанын айтып, басынан өткен ауыр жағдайларды жазды, деп хабарлайды kznews.kz. тілшісі Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Назерке Надированың айтуынша, ол TikTok-та бұрынғы күйеуін «Оразалының баласы» деп әспеттеп, әдемі фото-видеолармен жариялағанын көргеннен кейін үнсіз қала алмаған. «Сырты жылтыр суреттің артында жасырынған шындық бар» деп, көпшілік оны құрметтейтін адамның өз өмірінде мүлде басқа қырынан көрінгенін жеткізген.

Ол 2024 жылы екі жақтың келісімімен отбасын құрғанын, сол жылдың қарашасында жүкті екенін білгенін жазады. Осы кезеңнен бастап жанжал, ұрыс-керіс, қорлау күшейгенін баяндап, бір түнде көз жасына ерік беріп, үйден қашып шыққанын да жасырмаған. Сонымен қатар өзін видеоға түсіріп, «бала сенен емес» дегізуге мәжбүрлегенін мәлімдеген.

Жазбада келіншек әрі қарай анасының қасында тұрып, тоғыз ай бойы бүкіл ауыртпалықты жалғыз көтергенін айтады. «2025 жылы 12 шілдеде ұлымды өмірге әкелдім» деген ол, бұрынғы күйеуі бір рет көптің көзіне түсіп, «бұл менің балам, білемін» деп айтқанымен, кейін мүлде хабарсыз кеткенін жеткізген.

Назерке Надирова қазір баласын жалғыз тәрбиелеп отырғанын, әке тарапынан ешқандай қолдау болмағанын жазады. Желі қолданушылары бұл жазбаны қызу талқылап, бір бөлігі келіншекке демеу білдірсе, енді бірі жағдайға қатысты екінші тараптың да пікірін күтетінін айтып жатыр.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары