"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады (ФОТО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Журналист Ботагөз Омарова жалған ақпарат таратқанын мойындады

Журналист Ботагөз Омарова жалған ақпарат таратқанын мойындады
фото: ашық дереккөз

Журналист Ботагөз Омарова «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясы мен оның басшысы Азамат Үсімбековке қатысты жарияланған материалдарға байланысты ресми мәлімдеме жасап, бұрын таратылған ақпараттардың шындыққа сәйкес келмейтінін растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәлімдемеде 2026 жылдың 20 ақпаны мен 7 наурызы аралығында жарияланған материалдарда тексерілмеген деректер пайдаланылғаны айтылған.

Жарияланымдарда компания Астанадағы ат спорты кешенінің құрылысына қатысқан «Ремстрой-1» жұмысшыларына қаражат төлемеді деген мәлімет тараған. Кейін журналист бұл ақпараттың жалған екенін мойындады.

Оның айтуынша, компания өкілдері қарыздың жоқ екенін дәлелдейтін құжаттарды көрсеткен. Соған қарамастан материалдар жариялануын жалғастырған.

Сондай-ақ журналист кәсіби қызмет барысында шынайылық, объективтілік және бейтараптық қағидаларын сақтамағанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, «Масс-медиа туралы» заңда көрсетілген талаптарды елемегенін айтты.

Ол мұндай әрекетке аудитория назарын көбейту мен әлеуметтік желідегі қызығушылықты арттыру ниеті түрткі болғанын жеткізді.

Мәлімдемеде жарияланған ақпараттардың компания мен оның құрылтайшыларының беделіне зиян келтіргені мойындалып, ресми кешірім сұралды. Сонымен қатар оқырмандарды жаңылыстырғаны үшін өкініш білдірілді.

Журналист жалған ақпарат таратуға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жауапкершілікті түсінетінін айтып, болған жағдайға өкінетінін жеткізді.

Сөз соңында ол әріптестерін ақпаратты мұқият тексеруге және журналистиканың кәсіби талаптарын сақтауға шақырды.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан