Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?

Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Өкінішке қарай, елдегі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жемқорлық тәуекелдері әлі де өзекті күйде қалып отыр. 

Әсіресе, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы делдалдықпен күрестің нәтижесі аз болып тұр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері Астана, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептер мен жүргізуші куәліктерін рәсімдеу бағытында бірқатар заңсыз әрекеттер анықталған.

Тергеу мәліметтері бойынша, азаматтардың емтихан тапсыруы мен куәлік алуы үшін делдалдық қызмет көрсетіп, пара алу желісі жүйелі түрде қолданылып келіпті. Мысалы, Астанадағы мамандандырылған ХҚКО-ның басшысының бұрынғы орынбасарының өзі осы іспен айналысып, қылмысы әшкереленді. Жалпы, бұл жерден 100 млн теңгеден астам заңсыз айналымға қатысы бар алпыстан астам дерек тіркелген.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласы мен Екібастұз қаласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" филиалдарында жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастыру фактілері анықталған. Бұған кейбір лауазымды тұлғалар өкілеттігін асыра пайдаланып, заңсыз табыс табуға жол бергені белгілі болды.

Жалпы, бұл жағдайлар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіндегі бақылау мен цифрландыруға қарамастан адам факторының әлі де үлкен рөл атқаратынын көрсетеді. Әсіресе емтихан қабылдау, тіркеу және рұқсат беру рәсімдері сыбайлас жемқорлыққа бейім бағыттар ретінде қалып отыр.

Демек, мұндай істер тек жекелеген тұлғалардың жауапкершілігімен шектелмей, жүйелік деңгейде бақылау тетіктерін күшейтуді қажет етеді. Ал қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айтпақшы, біз бұған дейін мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дабыл қаққанбыз. Тақырып аясында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басшылығының ресми жауабы да жария болған еді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.