WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұмысты тоқтатып, апаттың алдын алған: Қарағандылық инженер қауіпсіздік байқауында топ жарды

Жұмысты тоқтатып, апаттың алдын алған: Қарағандылық инженер қауіпсіздік байқауында топ жарды
Фото: Қазақтелеком

Қарағандылық байланыс инженері Азамат Ахметов жұмыс барысындағы қатаң ұстанымдары мен жауапкершілігінің арқасында «Қазақтелеком» компаниясы ұйымдастырған қауіпсіздік байқауының жеңімпазы атанды деп хабарлайды kznews.kz.

Биыл Азамат компанияның Өндірістік қауіпсіздік дирекциясы мен Jas Telecom жастары бірлесіп өткізген «Мен және қауіпсіздік» байқауында үздік деп танылды. Оның жеңіске жеткен жобасының негізгі идеясы кез келген қауіпсіздік шарасы ең алдымен әр қызметкердің жеке жауапкершілігінен басталатынын дәлелдеуге бағытталған.

«Тіпті ең тиімді ережелер мен нұсқаулықтар да адам оларды саналы түрде сақтаған жағдайда ғана нәтиже береді», – деді Азамат Ахметов.

Инженердің бұл ұстанымы нақты іс жүзінде де өз нәтижесін берген. Бірде маңызды өндірістік міндетті орындау кезінде ол қауіпті жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін олқылықтарды байқап қалады. Тапсырманы аяқтауға берілген уақыттың тығыздығына қарамастан, маман жұмысты дереу тоқтатып, тәуекелдерді қосымша бағалап, кемшіліктерді жойғаннан кейін ғана процесті жалғастырған. Нәтижесінде тапсырма ешқандай оқиғасыз, қауіпсіз жағдайда аяқталды.

«Бұл жағдай дер кезінде жұмысты тоқтатып, еңбек жағдайларын қайта тексеру – күрделі салдардың алдын алуға мүмкіндік беретінін көрсетті», – деді маман.

Жалпы, Азамат Ахметов компанияның Қарағандыдағы қолжетімділік желісін пайдалану департаментінде 5 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол телекоммуникация желісі жабдықтарының инженері ретінде жүйенің ақаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Маманның әрбір жұмыс күні әріптестерімен бірге ықтимал тәуекелдер мен олардың алдын алу шараларын талқылайтын арнайы қауіпсіздік минутынан басталады. Одан кейін ғана жабдықтарға мониторинг жүргізу мен техникалық ақауларды жою жұмыстарына кіріседі.

«Кез келген қателік көптеген абоненттер үшін байланыс сапасына әсер етуі мүмкін, сондықтан жағдайды мұқият талдап, бекітілген регламенттерді сақтау маңызды», – деді ол.

Тәжірибелі маман телекоммуникация саласының үнемі дамып жатқанын алға тартып, жас әріптестеріне жаңа нәрсені үйренуден қорықпауға, сұрақ қойып, тәлімгерлердің кеңесіне құлақ асуға шақырады. Оның пікірінше, кәсіби шеберлік уақыт өте келе қалыптасады, ал қауіпсіздікке деген қатаң көзқарас адамның алғашқы жұмыс күнінен бастап басты назарда болуы тиіс.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары