KZNEWS.KZ
Саясат

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі қызметінде қалды

• Жарқын Омаров
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның кандидатурасын Құрылтайдың бейінді комитеті келісті.

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігін 2025 жылғы қыркүйектен бері басқарып келеді. Оған дейін Мәжіліс депутаты болды.

Еңбек жолында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның даму департаментінің директоры, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы, Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы қызметтерін атқарған.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →